The Quran in Kazakh - Surah Mutaffifin translated into Kazakh, Surah Al-Mutaffifin in Kazakh. We provide accurate translation of Surah Mutaffifin in Kazakh - الكازاخستانية, Verses 36 - Surah Number 83 - Page 587.

| وَيْلٌ لِّلْمُطَفِّفِينَ (1) Өлшеу,тартуда кеміткендерге нендей өкініш |
| الَّذِينَ إِذَا اكْتَالُوا عَلَى النَّاسِ يَسْتَوْفُونَ (2) Олар қашан өлшеп алса,толық өлшеп алады да |
| وَإِذَا كَالُوهُمْ أَو وَّزَنُوهُمْ يُخْسِرُونَ (3) Қашан олар,өлшеп немесе тартып беретін болса; кемітеді |
| أَلَا يَظُنُّ أُولَٰئِكَ أَنَّهُم مَّبْعُوثُونَ (4) Олар қайта тірілетіндіктерін ойламай ма |
| لِيَوْمٍ عَظِيمٍ (5) Ол зор күн үшін |
| يَوْمَ يَقُومُ النَّاسُ لِرَبِّ الْعَالَمِينَ (6) Ол күні адамдар,бүкіл әлменің Раббының алдында тұрады |
| كَلَّا إِنَّ كِتَابَ الْفُجَّارِ لَفِي سِجِّينٍ (7) Олай емес. Негізінен бұзықтардың дәптері төменгі орында болады |
| وَمَا أَدْرَاكَ مَا سِجِّينٌ (8) Төменгі орынның не екенін қайдан білесің |
| كِتَابٌ مَّرْقُومٌ (9) Ол жазулы бір кітап |
| وَيْلٌ يَوْمَئِذٍ لِّلْمُكَذِّبِينَ (10) Ол күні,жасынға шығарушыларға нендей өкініш |
| الَّذِينَ يُكَذِّبُونَ بِيَوْمِ الدِّينِ (11) Олар,сондай қиямет күнін өтіріксінгендер |
| وَمَا يُكَذِّبُ بِهِ إِلَّا كُلُّ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ (12) Оны,шектен шыққан,күнәкар өтіріксінеді |
| إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ (13) Қашан оған аяттарымыз оқылса: ''Бұрынғылардың ертегісі'' деді |
| كَلَّا ۖ بَلْ ۜ رَانَ عَلَىٰ قُلُوبِهِم مَّا كَانُوا يَكْسِبُونَ (14) Жоқ,бәкім олардың жүректерін істеген қылықтарының таты басты |
| كَلَّا إِنَّهُمْ عَن رَّبِّهِمْ يَوْمَئِذٍ لَّمَحْجُوبُونَ (15) Жоқ,олай емес. Негізінде олар ол күні Раббыларының дидарыннан махрұм қалады |
| ثُمَّ إِنَّهُمْ لَصَالُو الْجَحِيمِ (16) Сосын олар,әлбетте тозаққа кіреді |
| ثُمَّ يُقَالُ هَٰذَا الَّذِي كُنتُم بِهِ تُكَذِّبُونَ (17) Сосын: ''Міне сендердің өтірік дегендерің осы!'', -деліндеді |
| كَلَّا إِنَّ كِتَابَ الْأَبْرَارِ لَفِي عِلِّيِّينَ (18) Жоқ, олай емес. Негізінен ізгілердің дәптері әрине жоғарғы орында болады |
| وَمَا أَدْرَاكَ مَا عِلِّيُّونَ (19) Жоғарғы орынның не екенін қайдан білесің |
| كِتَابٌ مَّرْقُومٌ (20) Ол жазулы бір кітап |
| يَشْهَدُهُ الْمُقَرَّبُونَ (21) Оны,Аллаға жақын періштелер бақылайды |
| إِنَّ الْأَبْرَارَ لَفِي نَعِيمٍ (22) Негізінен ізгілер,әрине нығымет ішінде болады |
| عَلَى الْأَرَائِكِ يَنظُرُونَ (23) Олар диувандардың үстінде (Алланың нығыметтеріне) қарайды |
| تَعْرِفُ فِي وُجُوهِهِمْ نَضْرَةَ النَّعِيمِ (24) Олардың бақытқа бөленгендіктерін шырайларынан таныйсың |
| يُسْقَوْنَ مِن رَّحِيقٍ مَّخْتُومٍ (25) Олар,мөрленген ішімдіктен сусындатылады |
| خِتَامُهُ مِسْكٌ ۚ وَفِي ذَٰلِكَ فَلْيَتَنَافَسِ الْمُتَنَافِسُونَ (26) Оның сарқыны жұпар аңқиды.Жарысушылар,осыған жарыссын |
| وَمِزَاجُهُ مِن تَسْنِيمٍ (27) Оның қоры, Тәсним бастауынан |
| عَيْنًا يَشْرَبُ بِهَا الْمُقَرَّبُونَ (28) Ол бастаудан Аллаға жақын болғандар ішеді |
| إِنَّ الَّذِينَ أَجْرَمُوا كَانُوا مِنَ الَّذِينَ آمَنُوا يَضْحَكُونَ (29) Расында күнәкарлар,иман келтіргендерге күлетін еді |
| وَإِذَا مَرُّوا بِهِمْ يَتَغَامَزُونَ (30) Олар жандарынан өткенде,ымдасатын еді |
| وَإِذَا انقَلَبُوا إِلَىٰ أَهْلِهِمُ انقَلَبُوا فَكِهِينَ (31) Олар үйлеріне қайтып барған кезде,күңкілдесетін еді |
| وَإِذَا رَأَوْهُمْ قَالُوا إِنَّ هَٰؤُلَاءِ لَضَالُّونَ (32) Қашан олар Мұсылмандарды көрсе : «Сөз жоқ, адасқандар » дейтін еді |
| وَمَا أُرْسِلُوا عَلَيْهِمْ حَافِظِينَ (33) Олар,Мұсылмандарға бақылаушы етіліп жіберілмеді |
| فَالْيَوْمَ الَّذِينَ آمَنُوا مِنَ الْكُفَّارِ يَضْحَكُونَ (34) Ал енді бүгін мүміндер.кәпірлерге күледі |
| عَلَى الْأَرَائِكِ يَنظُرُونَ (35) Олар тақтардың үстінде қарайды |
| هَلْ ثُوِّبَ الْكُفَّارُ مَا كَانُوا يَفْعَلُونَ (36) «Кәпірлер,істегендерінің пайдасын көрді ме?» |