وَالسَّمَاءِ ذَاتِ الْبُرُوجِ (1) Жұлдызды аспанға ант |
وَالْيَوْمِ الْمَوْعُودِ (2) Уәделі күнге |
وَشَاهِدٍ وَمَشْهُودٍ (3) Куәлік берушіге куәлік берілгенге серт |
قُتِلَ أَصْحَابُ الْأُخْدُودِ (4) Жер ошақшылардың жаны шықсын |
النَّارِ ذَاتِ الْوَقُودِ (5) Отынмен жанған от |
إِذْ هُمْ عَلَيْهَا قُعُودٌ (6) Ол уақытта олар оның маңында отырған |
وَهُمْ عَلَىٰ مَا يَفْعَلُونَ بِالْمُؤْمِنِينَ شُهُودٌ (7) Олар,мүміндерге істегендерін көрген |
وَمَا نَقَمُوا مِنْهُمْ إِلَّا أَن يُؤْمِنُوا بِاللَّهِ الْعَزِيزِ الْحَمِيدِ (8) Олардың мүміндерге өшігулерінің себебі; үстем,мақтаулы Аллаға сенулреі ғана еді. (Бір дәуірдегі кәпір патша,Мұсылмандарды ор қазып ішіне,жаққан отқа салады екен.Б.М. басқа рауаяттар да бар) |
الَّذِي لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَاللَّهُ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ شَهِيدٌ (9) Ол сондай Алла,аспандар мен жердің иелігі Оған тән. Ол Алла.әр нәрсені көруші |
إِنَّ الَّذِينَ فَتَنُوا الْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ ثُمَّ لَمْ يَتُوبُوا فَلَهُمْ عَذَابُ جَهَنَّمَ وَلَهُمْ عَذَابُ الْحَرِيقِ (10) Негізінде мүмін ерлер,мүмін әйелдерге жапа беріп.сосын тәубе қылмағандар,оларға тозақтың азабы; жандыратын азап бар |
إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ جَنَّاتٌ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ ۚ ذَٰلِكَ الْفَوْزُ الْكَبِيرُ (11) Негізінен иман келтіріп,ізгі іс істегендер,оларға астарынан өзендер ағатын бейіштер бар. Осы,зор мұратқа жетушілік |
إِنَّ بَطْشَ رَبِّكَ لَشَدِيدٌ (12) Негізінен Раббыңның қолға алуы орасан қатты |
إِنَّهُ هُوَ يُبْدِئُ وَيُعِيدُ (13) Өйткені Ол,бастапта жаратып,әрі қайта тірілтеді |
وَهُوَ الْغَفُورُ الْوَدُودُ (14) Ол,тым жарылқаушы,өте сүюші |
ذُو الْعَرْشِ الْمَجِيدُ (15) Ғаршының иесі,аса ұлы |
فَعَّالٌ لِّمَا يُرِيدُ (16) Ол,қалағанын бұлжытпай істеуші |
هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْجُنُودِ (17) (Мұхаммед Ғ.С) саған ләшкерлердің хабары келді ме |
فِرْعَوْنَ وَثَمُودَ (18) Перғауын және Сәмүд ләшкерлерінің |
بَلِ الَّذِينَ كَفَرُوا فِي تَكْذِيبٍ (19) Дегенмен қарсы болғандар,өтіріксінуде |
وَاللَّهُ مِن وَرَائِهِم مُّحِيطٌ (20) Алла,оларды сырттай орап алған |
بَلْ هُوَ قُرْآنٌ مَّجِيدٌ (21) Әрине ол,ұлы бір Құран |
فِي لَوْحٍ مَّحْفُوظٍ (22) Лаухы Махфұзда сақтаулы |