The Quran in Kazakh - Surah Fajr translated into Kazakh, Surah Al-Fajr in Kazakh. We provide accurate translation of Surah Fajr in Kazakh - الكازاخستانية, Verses 30 - Surah Number 89 - Page 593.
وَالْفَجْرِ (1) Ағарған таңға |
وَلَيَالٍ عَشْرٍ (2) Он күн кешіне |
وَالشَّفْعِ وَالْوَتْرِ (3) Әр жұп пен таққа |
وَاللَّيْلِ إِذَا يَسْرِ (4) Өткен түнге серт |
هَلْ فِي ذَٰلِكَ قَسَمٌ لِّذِي حِجْرٍ (5) Бұлар,ақыл иелері үшін серт беруге арзымай ма |
أَلَمْ تَرَ كَيْفَ فَعَلَ رَبُّكَ بِعَادٍ (6) (Мұхаммед Ғ.С) Раббыңның Ғад қауымына не істегенін көрдіңбе |
إِرَمَ ذَاتِ الْعِمَادِ (7) Ұзын діңгекті «Ирам» қаласындағы |
الَّتِي لَمْ يُخْلَقْ مِثْلُهَا فِي الْبِلَادِ (8) Сондай ол тәрізді қалаларда жасалмаған еді |
وَثَمُودَ الَّذِينَ جَابُوا الصَّخْرَ بِالْوَادِ (9) Сондай ақ ойпаттар жартастарды ойған Сәмүд еліні (не істегенін.С.74А.,15С.72А., 26С.149А) |
وَفِرْعَوْنَ ذِي الْأَوْتَادِ (10) Ол қазықшы Перғауынға (не істегенін. (С.12А) |
الَّذِينَ طَغَوْا فِي الْبِلَادِ (11) Сондай олар,мемлекеттерде шектен шыққан еді |
فَأَكْثَرُوا فِيهَا الْفَسَادَ (12) Сонда олар,ол жерде бұзақылықты көбейткен еді |
فَصَبَّ عَلَيْهِمْ رَبُّكَ سَوْطَ عَذَابٍ (13) Сондықтан Раббың оларға азап қамшысын жаудырды. (Азапқа ұшыратты) |
إِنَّ رَبَّكَ لَبِالْمِرْصَادِ (14) Негізінде Раббың әлбетте бақылаушы |
فَأَمَّا الْإِنسَانُ إِذَا مَا ابْتَلَاهُ رَبُّهُ فَأَكْرَمَهُ وَنَعَّمَهُ فَيَقُولُ رَبِّي أَكْرَمَنِ (15) Ал енді адамзат,қашан Раббы оны сынай сыйлап,игілікке бөлесе : «Раббым мені сыйлады» дейді |
وَأَمَّا إِذَا مَا ابْتَلَاهُ فَقَدَرَ عَلَيْهِ رِزْقَهُ فَيَقُولُ رَبِّي أَهَانَنِ (16) Қашан оны сынап,несбесін тарайтса: «Раммым мені қорлады» дейді |
كَلَّا ۖ بَل لَّا تُكْرِمُونَ الْيَتِيمَ (17) Жоқ олай емес. Сендер жетімге құрмет етпейсіңдер |
وَلَا تَحَاضُّونَ عَلَىٰ طَعَامِ الْمِسْكِينِ (18) Бір-біріңді,міскінді тамақтандыруға қызықтырмайсыңдар |
وَتَأْكُلُونَ التُّرَاثَ أَكْلًا لَّمًّا (19) Мирасты тұтас жеп аласыңдар |
وَتُحِبُّونَ الْمَالَ حُبًّا جَمًّا (20) Сондай ақ малды өте мөте жақсы көресіңдер |
كَلَّا إِذَا دُكَّتِ الْأَرْضُ دَكًّا دَكًّا (21) Тіпті олай емес.Жер соғылысып,быт шыт болған сәтте |
وَجَاءَ رَبُّكَ وَالْمَلَكُ صَفًّا صَفًّا (22) Раббың келіп,періштелер сап сап болған кезде |
وَجِيءَ يَوْمَئِذٍ بِجَهَنَّمَ ۚ يَوْمَئِذٍ يَتَذَكَّرُ الْإِنسَانُ وَأَنَّىٰ لَهُ الذِّكْرَىٰ (23) Сол күні,тозақ келтіріледі де әрі сол күні,адамзат түсінеді. Ол түсінуден оған не пайда |
يَقُولُ يَا لَيْتَنِي قَدَّمْتُ لِحَيَاتِي (24) Әттең! Тіршілігім үшін бір нәрсе жіберген болсам еді» дейді |
فَيَوْمَئِذٍ لَّا يُعَذِّبُ عَذَابَهُ أَحَدٌ (25) Сонда,сол күні ешкім Алланың істеген азабын істей алмайды |
وَلَا يُوثِقُ وَثَاقَهُ أَحَدٌ (26) Сондайақ ешкім Оның матауын матай алмайды |
يَا أَيَّتُهَا النَّفْسُ الْمُطْمَئِنَّةُ (27) Әй орныққан нәпсі |
ارْجِعِي إِلَىٰ رَبِّكِ رَاضِيَةً مَّرْضِيَّةً (28) Раббыңа,Ол сенен,сен Одан разы болған түрде қайт |
فَادْخُلِي فِي عِبَادِي (29) Енді құлдарымның арасына кір |
وَادْخُلِي جَنَّتِي (30) Сондайақ жаннатыма кір |