وَالذَّارِيَاتِ ذَرْوًا (1) Соғып ұшырушы желдерге |
فَالْحَامِلَاتِ وِقْرًا (2) Мол жаңбыр көтеруші бұлттарға |
فَالْجَارِيَاتِ يُسْرًا (3) Жеңіл жүруші кемелерге |
فَالْمُقَسِّمَاتِ أَمْرًا (4) Істі бөлуші періштелерге серт |
إِنَّمَا تُوعَدُونَ لَصَادِقٌ (5) Шын мәнінде сендерге уәде етілген қиямет әрине рас |
وَإِنَّ الدِّينَ لَوَاقِعٌ (6) Әлбетте қиямет болады |
وَالسَّمَاءِ ذَاتِ الْحُبُكِ (7) Жолдары бар аспанға серт |
إِنَّكُمْ لَفِي قَوْلٍ مُّخْتَلِفٍ (8) Қүмәнсыз сендер талас-тартыс сөздесіңдер |
يُؤْفَكُ عَنْهُ مَنْ أُفِكَ (9) Шындықтан бұрылған бұрылады |
قُتِلَ الْخَرَّاصُونَ (10) Ой жорушылар құрысын |
الَّذِينَ هُمْ فِي غَمْرَةٍ سَاهُونَ (11) Міне солар, білімсіздік ішінде жаңылуда |
يَسْأَلُونَ أَيَّانَ يَوْمُ الدِّينِ (12) Олар: "Қиямет қашан" деп сұрайды |
يَوْمَ هُمْ عَلَى النَّارِ يُفْتَنُونَ (13) Ол, олардың отқа жағылатын күні |
ذُوقُوا فِتْنَتَكُمْ هَٰذَا الَّذِي كُنتُم بِهِ تَسْتَعْجِلُونَ (14) Оларға: "Азаптарыңды татыңдар! Асығып, тілегендерің осы" (делінеді) |
إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ (15) Шәксіз тақуалар бақшаларда, бұлақтарда болады |
آخِذِينَ مَا آتَاهُمْ رَبُّهُمْ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَٰلِكَ مُحْسِنِينَ (16) Олар, өздеріне Раббыларының бергенін алады. Өйткені олар, бұдан бұрын жақсылық істеуші еді |
كَانُوا قَلِيلًا مِّنَ اللَّيْلِ مَا يَهْجَعُونَ (17) Олар түнде аз ғана ұйықтаушы еді |
وَبِالْأَسْحَارِ هُمْ يَسْتَغْفِرُونَ (18) Олар таң сәрілерде жарылқану тілеуші еді |
وَفِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ لِّلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ (19) Олардың малдарында; сұрағанға да сұрамағанға да тиесі бар |
وَفِي الْأَرْضِ آيَاتٌ لِّلْمُوقِنِينَ (20) Жер жүзінде нак сенушілерге дәлелдер бар |
وَفِي أَنفُسِكُمْ ۚ أَفَلَا تُبْصِرُونَ (21) Сондай-ақ өздеріңде де бар. Көрмейсіңдер ме |
وَفِي السَّمَاءِ رِزْقُكُمْ وَمَا تُوعَدُونَ (22) Сендердің несібелерің әрі уәде етілген нәрселер көкте |
فَوَرَبِّ السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ إِنَّهُ لَحَقٌّ مِّثْلَ مَا أَنَّكُمْ تَنطِقُونَ (23) Көк пен жердің Раббына серт. Штбәсыз бұл, сендердің сөйлегендерің сияқты рас. (Бір-біріңе сөйлеген сөздерің қандай рас болса, сондай рас) |
هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ ضَيْفِ إِبْرَاهِيمَ الْمُكْرَمِينَ (24) (Мұхаммед Ғ.С.) саған Ыбырайым (Ғ.С.) нық ардақты қонақтарының (періштелердің) әңгімесі келді ме |
إِذْ دَخَلُوا عَلَيْهِ فَقَالُوا سَلَامًا ۖ قَالَ سَلَامٌ قَوْمٌ مُّنكَرُونَ (25) Олар Ыбырайым (Ғ.С.) ға кіргенде: "Сәлем" десті. Ыбырайым (Ғ.С.) да оларға: "Сәлем, бөгде қауым" деді. (С. 69-А., 15-С. 50-А) |
فَرَاغَ إِلَىٰ أَهْلِهِ فَجَاءَ بِعِجْلٍ سَمِينٍ (26) Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау әкелді |
فَقَرَّبَهُ إِلَيْهِمْ قَالَ أَلَا تَأْكُلُونَ (27) Оны оларға жақындатып: "Жемейсіңдер ме?",-деді |
فَأَوْجَسَ مِنْهُمْ خِيفَةً ۖ قَالُوا لَا تَخَفْ ۖ وَبَشَّرُوهُ بِغُلَامٍ عَلِيمٍ (28) Олардан тіксініп, қорықты. Олар: "Қорықпа!",- деді де оны білгіш бір ұлмен куантты |
فَأَقْبَلَتِ امْرَأَتُهُ فِي صَرَّةٍ فَصَكَّتْ وَجْهَهَا وَقَالَتْ عَجُوزٌ عَقِيمٌ (29) Сонда Ібырайым (Ғ.С.) ның жұбайы, алдына ойбайлап келіп, өз бетін ұрды да: "Баладан қалған бір кемпірмін" деді |
قَالُوا كَذَٰلِكِ قَالَ رَبُّكِ ۖ إِنَّهُ هُوَ الْحَكِيمُ الْعَلِيمُ (30) Олар: "Осылайша Раббың бұйырды. Өйткені Ол, аса дана, толық білуші" десті |
۞ قَالَ فَمَا خَطْبُكُمْ أَيُّهَا الْمُرْسَلُونَ (31) (Ыбырайым Ғ.С.): "Әй елшілер! Бұйымтайларың не?",- деді |
قَالُوا إِنَّا أُرْسِلْنَا إِلَىٰ قَوْمٍ مُّجْرِمِينَ (32) Шынында біз қылмысты бір елге жіберілдік |
لِنُرْسِلَ عَلَيْهِمْ حِجَارَةً مِّن طِينٍ (33) Оларға балшықтан пісірілген тас жаудыру үшін |
مُّسَوَّمَةً عِندَ رَبِّكَ لِلْمُسْرِفِينَ (34) Раббық тарапынан, шектен шығушылар үшін белгіленген" (деді) |
فَأَخْرَجْنَا مَن كَانَ فِيهَا مِنَ الْمُؤْمِنِينَ (35) Ол жерден мүміндерді шығардық |
فَمَا وَجَدْنَا فِيهَا غَيْرَ بَيْتٍ مِّنَ الْمُسْلِمِينَ (36) Дегенмен ол жерде Мұсылманнан бір үйден басқа таппадық. (Лұт Ғ.С. мен екі қызы. Ж.) (С. 30-А) |
وَتَرَكْنَا فِيهَا آيَةً لِّلَّذِينَ يَخَافُونَ الْعَذَابَ الْأَلِيمَ (37) Ол арада күйзелтуші азаптан қорқушылар үшін бір ғибрат қалдырдық |
وَفِي مُوسَىٰ إِذْ أَرْسَلْنَاهُ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ بِسُلْطَانٍ مُّبِينٍ (38) Мұсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген уақытта |
فَتَوَلَّىٰ بِرُكْنِهِ وَقَالَ سَاحِرٌ أَوْ مَجْنُونٌ (39) Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: "Жады немесе жынды" деді |
فَأَخَذْنَاهُ وَجُنُودَهُ فَنَبَذْنَاهُمْ فِي الْيَمِّ وَهُوَ مُلِيمٌ (40) Сондықтан оны әрі ләшкерлерін қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық |
وَفِي عَادٍ إِذْ أَرْسَلْنَا عَلَيْهِمُ الرِّيحَ الْعَقِيمَ (41) Ғад елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға зиянды қатты дауыл жібердік |
مَا تَذَرُ مِن شَيْءٍ أَتَتْ عَلَيْهِ إِلَّا جَعَلَتْهُ كَالرَّمِيمِ (42) Ол, тиген нәрсесін мұлде шіріген сүйектей етіп тастайды |
وَفِي ثَمُودَ إِذْ قِيلَ لَهُمْ تَمَتَّعُوا حَتَّىٰ حِينٍ (43) Сәмұд елінде де (ғибрат) бар. Сол уақытта оларға: "Бір мерзімге дейін пайдалана тұрыңдар" делінді |
فَعَتَوْا عَنْ أَمْرِ رَبِّهِمْ فَأَخَذَتْهُمُ الصَّاعِقَةُ وَهُمْ يَنظُرُونَ (44) Сонда олар , Раббыларының әміріне қарсы келді. Сондықтан олар, қарап түрғанда нажағай түсті |
فَمَا اسْتَطَاعُوا مِن قِيَامٍ وَمَا كَانُوا مُنتَصِرِينَ (45) Сонда олардың тұруга да шамалары келмеді әрі жәрдем де көрмеді |
وَقَوْمَ نُوحٍ مِّن قَبْلُ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ (46) Бұрын Нұх (Ғ.С.) елін жоқ еттік. Өйткені олар, бұзақы ел еді |
وَالسَّمَاءَ بَنَيْنَاهَا بِأَيْدٍ وَإِنَّا لَمُوسِعُونَ (47) Аспанды құдыретімізбен жасадық. Шын мәнінде күшіміз жетеді |
وَالْأَرْضَ فَرَشْنَاهَا فَنِعْمَ الْمَاهِدُونَ (48) Сондай-ақ жерді төседік. Недеген жақсы төсеушіміз |
وَمِن كُلِّ شَيْءٍ خَلَقْنَا زَوْجَيْنِ لَعَلَّكُمْ تَذَكَّرُونَ (49) Түсінулерің үшін әр нәрсені пар-парымен жараттық. (С. 36-А) |
فَفِرُّوا إِلَى اللَّهِ ۖ إِنِّي لَكُم مِّنْهُ نَذِيرٌ مُّبِينٌ (50) (Мұхаммед Ғ.С. оларға): "Алла жаққа жүгіріңдер. Сөзсіз мен, Оның тарапынан сендерге ашық ескертушімін" (де) |
وَلَا تَجْعَلُوا مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ ۖ إِنِّي لَكُم مِّنْهُ نَذِيرٌ مُّبِينٌ (51) Алламен бірге басқа тәңір қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық өскертушімін" (де) |
كَذَٰلِكَ مَا أَتَى الَّذِينَ مِن قَبْلِهِم مِّن رَّسُولٍ إِلَّا قَالُوا سَاحِرٌ أَوْ مَجْنُونٌ (52) Міне осылайша олардан бұрынғылар да пайғамбар келгенде, оларды: "Мұлде жады немесе жынды" деген |
أَتَوَاصَوْا بِهِ ۚ بَلْ هُمْ قَوْمٌ طَاغُونَ (53) Олар бұл жөнде өзара келіскен бе? Жоқ, олар шектен шыққан қауым |
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ فَمَا أَنتَ بِمَلُومٍ (54) (Мұхаммед Ғ.С.) олардан бет бұр. Сонда сөгіске ұшырамайсың |
وَذَكِّرْ فَإِنَّ الذِّكْرَىٰ تَنفَعُ الْمُؤْمِنِينَ (55) Үгітте! Өйткені үгіт мүміндерге пайда береді |
وَمَا خَلَقْتُ الْجِنَّ وَالْإِنسَ إِلَّا لِيَعْبُدُونِ (56) Жын мен адамзатты өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым |
مَا أُرِيدُ مِنْهُم مِّن رِّزْقٍ وَمَا أُرِيدُ أَن يُطْعِمُونِ (57) Олардан бір несібе тілемеймін әрі олардың Мені тамақтандыруларын да қаламаймын |
إِنَّ اللَّهَ هُوَ الرَّزَّاقُ ذُو الْقُوَّةِ الْمَتِينُ (58) Шүбәсыз Ол Алла, ризықтандырушы және мықты күшке ие |
فَإِنَّ لِلَّذِينَ ظَلَمُوا ذَنُوبًا مِّثْلَ ذَنُوبِ أَصْحَابِهِمْ فَلَا يَسْتَعْجِلُونِ (59) Сөз жоқ. Сондай зұлымдық қылғандардың, жолдастарының күнәлары тәрізді күнәлары бар. Сондықтан Менен асығып тілемесін |
فَوَيْلٌ لِّلَّذِينَ كَفَرُوا مِن يَوْمِهِمُ الَّذِي يُوعَدُونَ (60) Өздеріне уәде етілген күнге қарсы келгендерге нендей өкініш |