×

Surah Al-Haqqah in Kazakh

Quran Kazakh ⮕ Surah Al-Haqqah

Translation of the Meanings of Surah Al-Haqqah in Kazakh - الكازاخستانية

The Quran in Kazakh - Surah Al-Haqqah translated into Kazakh, Surah Al-Haqqah in Kazakh. We provide accurate translation of Surah Al-Haqqah in Kazakh - الكازاخستانية, Verses 52 - Surah Number 69 - Page 566.

بسم الله الرحمن الرحيم

الْحَاقَّةُ (1)
Болуы анық қиямет
مَا الْحَاقَّةُ (2)
Ол, болуы анық не нәрсе
وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحَاقَّةُ (3)
Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің
كَذَّبَتْ ثَمُودُ وَعَادٌ بِالْقَارِعَةِ (4)
Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды
فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهْلِكُوا بِالطَّاغِيَةِ (5)
Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды
وَأَمَّا عَادٌ فَأُهْلِكُوا بِرِيحٍ صَرْصَرٍ عَاتِيَةٍ (6)
Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді
سَخَّرَهَا عَلَيْهِمْ سَبْعَ لَيَالٍ وَثَمَانِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومًا فَتَرَى الْقَوْمَ فِيهَا صَرْعَىٰ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍ خَاوِيَةٍ (7)
Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің
فَهَلْ تَرَىٰ لَهُم مِّن بَاقِيَةٍ (8)
Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе
وَجَاءَ فِرْعَوْنُ وَمَن قَبْلَهُ وَالْمُؤْتَفِكَاتُ بِالْخَاطِئَةِ (9)
Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен
فَعَصَوْا رَسُولَ رَبِّهِمْ فَأَخَذَهُمْ أَخْذَةً رَّابِيَةً (10)
Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған
إِنَّا لَمَّا طَغَى الْمَاءُ حَمَلْنَاكُمْ فِي الْجَارِيَةِ (11)
Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық
لِنَجْعَلَهَا لَكُمْ تَذْكِرَةً وَتَعِيَهَا أُذُنٌ وَاعِيَةٌ (12)
Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық
فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ نَفْخَةٌ وَاحِدَةٌ (13)
Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте
وَحُمِلَتِ الْأَرْضُ وَالْجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةً وَاحِدَةً (14)
Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте
فَيَوْمَئِذٍ وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ (15)
Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады
وَانشَقَّتِ السَّمَاءُ فَهِيَ يَوْمَئِذٍ وَاهِيَةٌ (16)
Сол күні, көк жарылып, босайды
وَالْمَلَكُ عَلَىٰ أَرْجَائِهَا ۚ وَيَحْمِلُ عَرْشَ رَبِّكَ فَوْقَهُمْ يَوْمَئِذٍ ثَمَانِيَةٌ (17)
Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді
يَوْمَئِذٍ تُعْرَضُونَ لَا تَخْفَىٰ مِنكُمْ خَافِيَةٌ (18)
Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды
فَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِيَمِينِهِ فَيَقُولُ هَاؤُمُ اقْرَءُوا كِتَابِيَهْ (19)
Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді
إِنِّي ظَنَنتُ أَنِّي مُلَاقٍ حِسَابِيَهْ (20)
Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем
فَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَّاضِيَةٍ (21)
Сонда ол, қуанышты тіршілікте
فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ (22)
Көтеріңкі жаннатта болады
قُطُوفُهَا دَانِيَةٌ (23)
Жемістері салбырап тұрады
كُلُوا وَاشْرَبُوا هَنِيئًا بِمَا أَسْلَفْتُمْ فِي الْأَيَّامِ الْخَالِيَةِ (24)
(Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді)
وَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِشِمَالِهِ فَيَقُولُ يَا لَيْتَنِي لَمْ أُوتَ كِتَابِيَهْ (25)
Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді
وَلَمْ أَدْرِ مَا حِسَابِيَهْ (26)
Есебімнің не екенін білмесем екен
يَا لَيْتَهَا كَانَتِ الْقَاضِيَةَ (27)
Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді)
مَا أَغْنَىٰ عَنِّي مَالِيَهْ ۜ (28)
Малым, маған еш пайда бермеді
هَلَكَ عَنِّي سُلْطَانِيَهْ (29)
Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді)
خُذُوهُ فَغُلُّوهُ (30)
Оны ұстаңдар да байлаңдар
ثُمَّ الْجَحِيمَ صَلُّوهُ (31)
Сосын оны тозаққа салыңдар
ثُمَّ فِي سِلْسِلَةٍ ذَرْعُهَا سَبْعُونَ ذِرَاعًا فَاسْلُكُوهُ (32)
Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді)
إِنَّهُ كَانَ لَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ الْعَظِيمِ (33)
Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген
وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ الْمِسْكِينِ (34)
Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді
فَلَيْسَ لَهُ الْيَوْمَ هَاهُنَا حَمِيمٌ (35)
Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ
وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنْ غِسْلِينٍ (36)
Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ
لَّا يَأْكُلُهُ إِلَّا الْخَاطِئُونَ (37)
Оны күнәкарлар ғана жейді
فَلَا أُقْسِمُ بِمَا تُبْصِرُونَ (38)
Сонда көрген нәрселеріңе серт
وَمَا لَا تُبْصِرُونَ (39)
Және көрмеген нәрселеріңе де серт
إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ (40)
Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М)
وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَاعِرٍ ۚ قَلِيلًا مَّا تُؤْمِنُونَ (41)
Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер
وَلَا بِقَوْلِ كَاهِنٍ ۚ قَلِيلًا مَّا تَذَكَّرُونَ (42)
Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер
تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ الْعَالَمِينَ (43)
Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген
وَلَوْ تَقَوَّلَ عَلَيْنَا بَعْضَ الْأَقَاوِيلِ (44)
Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса
لَأَخَذْنَا مِنْهُ بِالْيَمِينِ (45)
Әрине оның оң жағынан қолға алар едік
ثُمَّ لَقَطَعْنَا مِنْهُ الْوَتِينَ (46)
Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік)
فَمَا مِنكُم مِّنْ أَحَدٍ عَنْهُ حَاجِزِينَ (47)
Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды
وَإِنَّهُ لَتَذْكِرَةٌ لِّلْمُتَّقِينَ (48)
Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат
وَإِنَّا لَنَعْلَمُ أَنَّ مِنكُم مُّكَذِّبِينَ (49)
Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз
وَإِنَّهُ لَحَسْرَةٌ عَلَى الْكَافِرِينَ (50)
Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет
وَإِنَّهُ لَحَقُّ الْيَقِينِ (51)
Шүбәсыз ол Құран, анық шындық
فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ (52)
(Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте
❮ Previous Next ❯

Surahs from Quran :

1- Fatiha2- Baqarah
3- Al Imran4- Nisa
5- Maidah6- Anam
7- Araf8- Anfal
9- Tawbah10- Yunus
11- Hud12- Yusuf
13- Raad14- Ibrahim
15- Hijr16- Nahl
17- Al Isra18- Kahf
19- Maryam20- TaHa
21- Anbiya22- Hajj
23- Muminun24- An Nur
25- Furqan26- Shuara
27- Naml28- Qasas
29- Ankabut30- Rum
31- Luqman32- Sajdah
33- Ahzab34- Saba
35- Fatir36- Yasin
37- Assaaffat38- Sad
39- Zumar40- Ghafir
41- Fussilat42- shura
43- Zukhruf44- Ad Dukhaan
45- Jathiyah46- Ahqaf
47- Muhammad48- Al Fath
49- Hujurat50- Qaf
51- zariyat52- Tur
53- Najm54- Al Qamar
55- Rahman56- Waqiah
57- Hadid58- Mujadilah
59- Al Hashr60- Mumtahina
61- Saff62- Jumuah
63- Munafiqun64- Taghabun
65- Talaq66- Tahrim
67- Mulk68- Qalam
69- Al-Haqqah70- Maarij
71- Nuh72- Jinn
73- Muzammil74- Muddathir
75- Qiyamah76- Insan
77- Mursalat78- An Naba
79- Naziat80- Abasa
81- Takwir82- Infitar
83- Mutaffifin84- Inshiqaq
85- Buruj86- Tariq
87- Al Ala88- Ghashiya
89- Fajr90- Al Balad
91- Shams92- Lail
93- Duha94- Sharh
95- Tin96- Al Alaq
97- Qadr98- Bayyinah
99- Zalzalah100- Adiyat
101- Qariah102- Takathur
103- Al Asr104- Humazah
105- Al Fil106- Quraysh
107- Maun108- Kawthar
109- Kafirun110- Nasr
111- Masad112- Ikhlas
113- Falaq114- An Nas