The Quran in Kazakh - Surah Maarij translated into Kazakh, Surah Al-Maarij in Kazakh. We provide accurate translation of Surah Maarij in Kazakh - الكازاخستانية, Verses 44 - Surah Number 70 - Page 568.

| سَأَلَ سَائِلٌ بِعَذَابٍ وَاقِعٍ (1) Бір сұраушы, болатын бір азапты сұрады. (С. 32-А) |
| لِّلْكَافِرِينَ لَيْسَ لَهُ دَافِعٌ (2) Кәпірлер үшін; оны кетіруші жоқ |
| مِّنَ اللَّهِ ذِي الْمَعَارِجِ (3) Ол азап биік дәреже иесі Алладан |
| تَعْرُجُ الْمَلَائِكَةُ وَالرُّوحُ إِلَيْهِ فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ (4) Ол жоғаргы орынға періштелер және Жебрейіл (Ғ.С.) мөлшері елу мың жылдық бір күнде шығады |
| فَاصْبِرْ صَبْرًا جَمِيلًا (5) (Мұхаммед Ғ.С.) енді көркем сабырмен сабыр ет |
| إِنَّهُمْ يَرَوْنَهُ بَعِيدًا (6) Олар қияметті ұзақ көреді |
| وَنَرَاهُ قَرِيبًا (7) Біз жақын көреміз |
| يَوْمَ تَكُونُ السَّمَاءُ كَالْمُهْلِ (8) Ол күні, аспан еріген кен сияқты болады |
| وَتَكُونُ الْجِبَالُ كَالْعِهْنِ (9) Таулар, түтілген жүндей болады |
| وَلَا يَسْأَلُ حَمِيمٌ حَمِيمًا (10) Дос, достың халін сұрамайды |
| يُبَصَّرُونَهُمْ ۚ يَوَدُّ الْمُجْرِمُ لَوْ يَفْتَدِي مِنْ عَذَابِ يَوْمِئِذٍ بِبَنِيهِ (11) Олар бір-біріне көрсетіледі. Қылмысты, сол күні, ұлдарын ол күннің азабынан (қорқып) төлеуге бергісі келеді |
| وَصَاحِبَتِهِ وَأَخِيهِ (12) Әйелін де туысын да |
| وَفَصِيلَتِهِ الَّتِي تُؤْوِيهِ (13) Сондай-ақ өзін мәпелеген елін де |
| وَمَن فِي الْأَرْضِ جَمِيعًا ثُمَّ يُنجِيهِ (14) Тіпті біртұтас жер жүзіндегі адамдарды беріп, сонан соң өзін құтқарғысы келеді |
| كَلَّا ۖ إِنَّهَا لَظَىٰ (15) Әсте олай болмайды! Шын мәнінде ол тозақ, жалындаған от |
| نَزَّاعَةً لِّلشَّوَىٰ (16) Теріні сояды |
| تَدْعُو مَنْ أَدْبَرَ وَتَوَلَّىٰ (17) Ол теріс айналып, бет бұрғанды шақырады |
| وَجَمَعَ فَأَوْعَىٰ (18) Дәулет жинап сақтаған (сараң) ды шақырады |
| ۞ إِنَّ الْإِنسَانَ خُلِقَ هَلُوعًا (19) Шын мәнінде адам баласы сабырсыз жаратылған |
| إِذَا مَسَّهُ الشَّرُّ جَزُوعًا (20) Басына бір бейнет жетсе, тым төзімсіз |
| وَإِذَا مَسَّهُ الْخَيْرُ مَنُوعًا (21) Қашан қолына дәулет түссе, өте сараң |
| إِلَّا الْمُصَلِّينَ (22) Бірақ намаз оқушылар басқа |
| الَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ دَائِمُونَ (23) Олар сондай намаздарын ұдайы орындайды |
| وَالَّذِينَ فِي أَمْوَالِهِمْ حَقٌّ مَّعْلُومٌ (24) Сондай олардың малдарында белгілі хақ бар |
| لِّلسَّائِلِ وَالْمَحْرُومِ (25) Сұрағанға да сұрамағанға да. (С. 19-А) |
| وَالَّذِينَ يُصَدِّقُونَ بِيَوْمِ الدِّينِ (26) Тағы сондай қиямет күнін растағандар |
| وَالَّذِينَ هُم مِّنْ عَذَابِ رَبِّهِم مُّشْفِقُونَ (27) Сондай-ақ олар, Раббыларының азабынан қорқушылар |
| إِنَّ عَذَابَ رَبِّهِمْ غَيْرُ مَأْمُونٍ (28) Шын мәнінде Раббының азабы аман қалатын нәрсе емес |
| وَالَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ (29) Сондай ұятты жерлерін сақтағандар |
| إِلَّا عَلَىٰ أَزْوَاجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ (30) Бірақ өз әйелдері немесе қолдарындағы күңдері басқа. Расында оларға сөгіс жоқ |
| فَمَنِ ابْتَغَىٰ وَرَاءَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْعَادُونَ (31) Ал сонда кім бұлардан басқаны іздесе, міне сонда олар шектен шығушылар |
| وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ (32) Тағы олар сондай аманаттарын, уәделерін сақтаушылар |
| وَالَّذِينَ هُم بِشَهَادَاتِهِمْ قَائِمُونَ (33) Және олар, куәліктерінде бекем тұрушылар |
| وَالَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ (34) Әрі сондай олар намаздарына ұқыптылық істегендер |
| أُولَٰئِكَ فِي جَنَّاتٍ مُّكْرَمُونَ (35) Міне солар бейіштерде құрметке бөленетіндер |
| فَمَالِ الَّذِينَ كَفَرُوا قِبَلَكَ مُهْطِعِينَ (36) (Мұхаммед Ғ.С.) ал енді сен жаққа мойындарын созып, жүгірген кәпірлерге не болды |
| عَنِ الْيَمِينِ وَعَنِ الشِّمَالِ عِزِينَ (37) Оңнан, солдан топ-топ болып |
| أَيَطْمَعُ كُلُّ امْرِئٍ مِّنْهُمْ أَن يُدْخَلَ جَنَّةَ نَعِيمٍ (38) Олардың әрбірі нығметті ұжмаққа кіруді үміт ете ме |
| كَلَّا ۖ إِنَّا خَلَقْنَاهُم مِّمَّا يَعْلَمُونَ (39) Әсте олай емес! Расында Біз оларды өздері білген нәрседен (бір тамшы нәжіс судан) жараттық |
| فَلَا أُقْسِمُ بِرَبِّ الْمَشَارِقِ وَالْمَغَارِبِ إِنَّا لَقَادِرُونَ (40) Енді шығыстардың батыстардың Раббына серт! Шын мәнінде әр нәрсеге күшіміз жетеді |
| عَلَىٰ أَن نُّبَدِّلَ خَيْرًا مِّنْهُمْ وَمَا نَحْنُ بِمَسْبُوقِينَ (41) Олардың орнына олардан жақсыны ауыстыра аламыз. Сондай-ақ ешкім Бізден оза алмайды |
| فَذَرْهُمْ يَخُوضُوا وَيَلْعَبُوا حَتَّىٰ يُلَاقُوا يَوْمَهُمُ الَّذِي يُوعَدُونَ (42) (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше оларды қойып қой; оларға уәде етілген күнге дейін сүңгіп ойнай тұрсын |
| يَوْمَ يَخْرُجُونَ مِنَ الْأَجْدَاثِ سِرَاعًا كَأَنَّهُمْ إِلَىٰ نُصُبٍ يُوفِضُونَ (43) Сол күнде олар қабырларынан тез шығып, тігулі көмбеге жүгіргендей жүгіреді |
| خَاشِعَةً أَبْصَارُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۚ ذَٰلِكَ الْيَوْمُ الَّذِي كَانُوا يُوعَدُونَ (44) Олардың көздері төмен қарап, өздерін қорлық басады. Міне осы, оларға уәде етілген күн |