القرآن باللغة الكازاخستانية - سورة الحاقة مترجمة إلى اللغة الكازاخستانية، Surah Al-Haqqah in Kazakh. نوفر ترجمة دقيقة سورة الحاقة باللغة الكازاخستانية - Kazakh, الآيات 52 - رقم السورة 69 - الصفحة 566.
الْحَاقَّةُ (1) Болуы анық қиямет |
مَا الْحَاقَّةُ (2) Ол, болуы анық не нәрсе |
وَمَا أَدْرَاكَ مَا الْحَاقَّةُ (3) Ол болуы анық уақиғаны қайдан білесің |
كَذَّبَتْ ثَمُودُ وَعَادٌ بِالْقَارِعَةِ (4) Сәмүд, Ғад елдері, ол үрейлі қияметті жасынға айналдырды |
فَأَمَّا ثَمُودُ فَأُهْلِكُوا بِالطَّاغِيَةِ (5) Бірақ Сәмүд елі шектен шығуларының салдарынан типыл қылынды |
وَأَمَّا عَادٌ فَأُهْلِكُوا بِرِيحٍ صَرْصَرٍ عَاتِيَةٍ (6) Я, Ғад елі де куілдеген қатты боранмен жоқ етілді |
سَخَّرَهَا عَلَيْهِمْ سَبْعَ لَيَالٍ وَثَمَانِيَةَ أَيَّامٍ حُسُومًا فَتَرَى الْقَوْمَ فِيهَا صَرْعَىٰ كَأَنَّهُمْ أَعْجَازُ نَخْلٍ خَاوِيَةٍ (7) Алла, оларға ол боранды жеті түн, сегіз күн жалғасты түрде естірді. Сонда ол елді құрманың қуыс дөңбегінше құлағанын көрер едің |
فَهَلْ تَرَىٰ لَهُم مِّن بَاقِيَةٍ (8) Ал енді олардан бір қалған нәрсе көресің бе |
وَجَاءَ فِرْعَوْنُ وَمَن قَبْلَهُ وَالْمُؤْتَفِكَاتُ بِالْخَاطِئَةِ (9) Перғауын және одан бұрынғылар, сондай-ақ ойран болған кент тұрғындары қателескен |
فَعَصَوْا رَسُولَ رَبِّهِمْ فَأَخَذَهُمْ أَخْذَةً رَّابِيَةً (10) Сонда олар Раббыларының елшілеріне қарсы келген. Сондықтан Алла, оларды қатты түрде қолға алған |
إِنَّا لَمَّا طَغَى الْمَاءُ حَمَلْنَاكُمْ فِي الْجَارِيَةِ (11) Расында су тасыған кезде, сендерді кемеге отырғыздық |
لِنَجْعَلَهَا لَكُمْ تَذْكِرَةً وَتَعِيَهَا أُذُنٌ وَاعِيَةٌ (12) Оны, сендерге бір өнеге және естір құлақтарға естіп, сақтау үшін ғибрат қылдық |
فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ نَفْخَةٌ وَاحِدَةٌ (13) Сонда бір рет Сұр ұрілген сәтте |
وَحُمِلَتِ الْأَرْضُ وَالْجِبَالُ فَدُكَّتَا دَكَّةً وَاحِدَةً (14) Жер мен таулар көтеріліп, соғылып күйреген сәтте |
فَيَوْمَئِذٍ وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ (15) Міне сол күні, қиямет уақиғасы болады |
وَانشَقَّتِ السَّمَاءُ فَهِيَ يَوْمَئِذٍ وَاهِيَةٌ (16) Сол күні, көк жарылып, босайды |
وَالْمَلَكُ عَلَىٰ أَرْجَائِهَا ۚ وَيَحْمِلُ عَرْشَ رَبِّكَ فَوْقَهُمْ يَوْمَئِذٍ ثَمَانِيَةٌ (17) Періште көктің атырапында болады. Сондай-ақ Раббыңның ғаршысын сегіз періште үстеріне көтереді |
يَوْمَئِذٍ تُعْرَضُونَ لَا تَخْفَىٰ مِنكُمْ خَافِيَةٌ (18) Сол күні ұсыныласыңдар. Еш нәрселерің жасырылмайды |
فَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِيَمِينِهِ فَيَقُولُ هَاؤُمُ اقْرَءُوا كِتَابِيَهْ (19) Сонда енді кімнің кітабы оңынан берілсе; "Алыңдар, кітабымды оқыңдар!",- дейді |
إِنِّي ظَنَنتُ أَنِّي مُلَاقٍ حِسَابِيَهْ (20) Расында мен осы есепке кездесетінімді ойлап ем |
فَهُوَ فِي عِيشَةٍ رَّاضِيَةٍ (21) Сонда ол, қуанышты тіршілікте |
فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ (22) Көтеріңкі жаннатта болады |
قُطُوفُهَا دَانِيَةٌ (23) Жемістері салбырап тұрады |
كُلُوا وَاشْرَبُوا هَنِيئًا بِمَا أَسْلَفْتُمْ فِي الْأَيَّامِ الْخَالِيَةِ (24) (Оларға): "Өткен күнде істеген ғамалдарыңның арқасында ішіңдер, жеңдер сіңімді болсын" (делінеді) |
وَأَمَّا مَنْ أُوتِيَ كِتَابَهُ بِشِمَالِهِ فَيَقُولُ يَا لَيْتَنِي لَمْ أُوتَ كِتَابِيَهْ (25) Ал енді кімнің кітабы солынан берілсе: "Әттеген-ай! Кітабым берілмесе еді" дейді |
وَلَمْ أَدْرِ مَا حِسَابِيَهْ (26) Есебімнің не екенін білмесем екен |
يَا لَيْتَهَا كَانَتِ الْقَاضِيَةَ (27) Әттең! Іс бітіп кеткен болса еді. (Қайта тірілмеген болсам еді) |
مَا أَغْنَىٰ عَنِّي مَالِيَهْ ۜ (28) Малым, маған еш пайда бермеді |
هَلَكَ عَنِّي سُلْطَانِيَهْ (29) Күш-қуатым жойылып кетті" (дейді) |
خُذُوهُ فَغُلُّوهُ (30) Оны ұстаңдар да байлаңдар |
ثُمَّ الْجَحِيمَ صَلُّوهُ (31) Сосын оны тозаққа салыңдар |
ثُمَّ فِي سِلْسِلَةٍ ذَرْعُهَا سَبْعُونَ ذِرَاعًا فَاسْلُكُوهُ (32) Одан кейін оны жетпіс құлаш шынжырмен матаңдар" (делінеді) |
إِنَّهُ كَانَ لَا يُؤْمِنُ بِاللَّهِ الْعَظِيمِ (33) Өйткені ол, ұлы Аллаға иман келтірмеген |
وَلَا يَحُضُّ عَلَىٰ طَعَامِ الْمِسْكِينِ (34) Әрі олар міскіндерді тамақтандыруға қызықтырмаған еді |
فَلَيْسَ لَهُ الْيَوْمَ هَاهُنَا حَمِيمٌ (35) Сондықтан бүгін мұнда оның бір жанашыры жоқ |
وَلَا طَعَامٌ إِلَّا مِنْ غِسْلِينٍ (36) Сондай-ақ іріңнен басқа ешбір тамақтары жоқ |
لَّا يَأْكُلُهُ إِلَّا الْخَاطِئُونَ (37) Оны күнәкарлар ғана жейді |
فَلَا أُقْسِمُ بِمَا تُبْصِرُونَ (38) Сонда көрген нәрселеріңе серт |
وَمَا لَا تُبْصِرُونَ (39) Және көрмеген нәрселеріңе де серт |
إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ (40) Күдіксіз бүл Құран ардақты бір Елшінің сөзі. (Елші ойдан шығармайды, міндетін орындайды. Б.Ж.М) |
وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَاعِرٍ ۚ قَلِيلًا مَّا تُؤْمِنُونَ (41) Ол, бір ақынның сөзі емес. Сендер аз сенесіңдер |
وَلَا بِقَوْلِ كَاهِنٍ ۚ قَلِيلًا مَّا تَذَكَّرُونَ (42) Сондай-ақ ол, бақсының да сөзі емес. Аз түсінесіңдер |
تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ الْعَالَمِينَ (43) Ол, әлемдердің Раббынан түсірілген |
وَلَوْ تَقَوَّلَ عَلَيْنَا بَعْضَ الْأَقَاوِيلِ (44) Егер елші, кей сөзді өзі айтып Бізге таңса |
لَأَخَذْنَا مِنْهُ بِالْيَمِينِ (45) Әрине оның оң жағынан қолға алар едік |
ثُمَّ لَقَطَعْنَا مِنْهُ الْوَتِينَ (46) Сосын оның күре тамырын кесер едік. (Өлтірер едік) |
فَمَا مِنكُم مِّنْ أَحَدٍ عَنْهُ حَاجِزِينَ (47) Сонда сендерден ешбіреу одан тоса алмайды |
وَإِنَّهُ لَتَذْكِرَةٌ لِّلْمُتَّقِينَ (48) Расында ол Құран, тақуалар үшін бір насихат |
وَإِنَّا لَنَعْلَمُ أَنَّ مِنكُم مُّكَذِّبِينَ (49) Сөзсіз сендерден өтірік деушілердің барлығын анық білеміз |
وَإِنَّهُ لَحَسْرَةٌ عَلَى الْكَافِرِينَ (50) Өйткені, ол Құран, әрине қарсы келушілер үшін бір қасірет |
وَإِنَّهُ لَحَقُّ الْيَقِينِ (51) Шүбәсыз ол Құран, анық шындық |
فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ (52) (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше үлы Раббыңды атымен дәріпте |