The Quran in Kazakh - Surah Naziat translated into Kazakh, Surah An-Naziat in Kazakh. We provide accurate translation of Surah Naziat in Kazakh - الكازاخستانية, Verses 46 - Surah Number 79 - Page 583.

| وَالنَّازِعَاتِ غَرْقًا (1) Сүңгіп шығарушы |
| وَالنَّاشِطَاتِ نَشْطًا (2) Баяу тартушы |
| وَالسَّابِحَاتِ سَبْحًا (3) Малтап кетуші |
| فَالسَّابِقَاتِ سَبْقًا (4) Жарысып озушы |
| فَالْمُدَبِّرَاتِ أَمْرًا (5) Сондай-ақ істі меңгеруші періштелерге серт |
| يَوْمَ تَرْجُفُ الرَّاجِفَةُ (6) Ол күні қатты сілкініс болады |
| تَتْبَعُهَا الرَّادِفَةُ (7) Оның артынан тағы бір сілкінеді |
| قُلُوبٌ يَوْمَئِذٍ وَاجِفَةٌ (8) Ол күні жүректер тітірейді |
| أَبْصَارُهَا خَاشِعَةٌ (9) Көздері төмен қарайды |
| يَقُولُونَ أَإِنَّا لَمَرْدُودُونَ فِي الْحَافِرَةِ (10) (Олар): "Шын, қайта тірілеміз бе?",- дейді |
| أَإِذَا كُنَّا عِظَامًا نَّخِرَةً (11) Қоқым, сүйек болған сәтте де |
| قَالُوا تِلْكَ إِذًا كَرَّةٌ خَاسِرَةٌ (12) (Олар): "Ендеше ол қайғылы бір қайту екен" дейді |
| فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةٌ وَاحِدَةٌ (13) Негізінен ол, бір айғай ғана |
| فَإِذَا هُم بِالسَّاهِرَةِ (14) Дереу сол уақытта олар майданда |
| هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ مُوسَىٰ (15) Саған Мұсаның хабары келді ме |
| إِذْ نَادَاهُ رَبُّهُ بِالْوَادِ الْمُقَدَّسِ طُوًى (16) Сол уақытта, Раббы, оған қасиетгі "Тұуа" ойпатында дабыстады |
| اذْهَبْ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ إِنَّهُ طَغَىٰ (17) Перғауынға бар. Өйткені ол, азды |
| فَقُلْ هَل لَّكَ إِلَىٰ أَن تَزَكَّىٰ (18) Сонда оган: "Тазарғың келе ме?",- де |
| وَأَهْدِيَكَ إِلَىٰ رَبِّكَ فَتَخْشَىٰ (19) Саған Раббыңа баратын жолды көрсетейін. Одан қорқарсың |
| فَأَرَاهُ الْآيَةَ الْكُبْرَىٰ (20) Мұса, Перғауынға ірі мұғжизаны көрсетті |
| فَكَذَّبَ وَعَصَىٰ (21) Сонда ол, жасынға шығарып, қарсы шықты |
| ثُمَّ أَدْبَرَ يَسْعَىٰ (22) Кейін теріс айналып, жүгірді |
| فَحَشَرَ فَنَادَىٰ (23) Адамдарды жинап, айғай салып |
| فَقَالَ أَنَا رَبُّكُمُ الْأَعْلَىٰ (24) Мен сендердің ең ұлы раббыларың" деді |
| فَأَخَذَهُ اللَّهُ نَكَالَ الْآخِرَةِ وَالْأُولَىٰ (25) Сондықтан Алла, оны ахирет, дүние азабымен қолға алды |
| إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِّمَن يَخْشَىٰ (26) Расында бұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар |
| أَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ السَّمَاءُ ۚ بَنَاهَا (27) Сендерді жарату қиын ба? Немесе аспанды? Алла, оны да жасады |
| رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّاهَا (28) Оның биіктігін көтеріп, оны теңгерді |
| وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَاهَا (29) Оның түнін қараңғылатып, күндізін жарыққа шығарды |
| وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَاهَا (30) Сосын жерді төседі |
| أَخْرَجَ مِنْهَا مَاءَهَا وَمَرْعَاهَا (31) Одан су және жайылыс майданға келтірді |
| وَالْجِبَالَ أَرْسَاهَا (32) Оған таулар орналастырды |
| مَتَاعًا لَّكُمْ وَلِأَنْعَامِكُمْ (33) Сендер және малдарың пайдалану үшін |
| فَإِذَا جَاءَتِ الطَّامَّةُ الْكُبْرَىٰ (34) Бірақ ол ірі уақиға (қиямет) келген сәтте |
| يَوْمَ يَتَذَكَّرُ الْإِنسَانُ مَا سَعَىٰ (35) Ол күні адамзат не нәрсеге тырысқанын есіне алады |
| وَبُرِّزَتِ الْجَحِيمُ لِمَن يَرَىٰ (36) Тозақ, көретіндерге көрсетіледі |
| فَأَمَّا مَن طَغَىٰ (37) Ал енді кім шектен шыққан болса |
| وَآثَرَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا (38) Оған дүние әсер еткен болса |
| فَإِنَّ الْجَحِيمَ هِيَ الْمَأْوَىٰ (39) Сонда рас оның орны тозақ |
| وَأَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّهِ وَنَهَى النَّفْسَ عَنِ الْهَوَىٰ (40) Ал енді кім, Раббыны; алдына түрудан қорқып, нәпсісі соққан нәрседен тежеген болса |
| فَإِنَّ الْجَنَّةَ هِيَ الْمَأْوَىٰ (41) Негізінде оның барар жері ұжмақ |
| يَسْأَلُونَكَ عَنِ السَّاعَةِ أَيَّانَ مُرْسَاهَا (42) (Мұхаммед Ғ.С.) олар саған "Қиямет қашан болады?",- деп сұрақ қояды |
| فِيمَ أَنتَ مِن ذِكْرَاهَا (43) Ол жөнде түсіні беру сенің ісің бе |
| إِلَىٰ رَبِّكَ مُنتَهَاهَا (44) Оны қортындысы, Раббыңа байланысты |
| إِنَّمَا أَنتَ مُنذِرُ مَن يَخْشَاهَا (45) Негізінен сен қияметте қорыққан кісілерге бір ескертуші ғанасың |
| كَأَنَّهُمْ يَوْمَ يَرَوْنَهَا لَمْ يَلْبَثُوا إِلَّا عَشِيَّةً أَوْ ضُحَاهَا (46) Олар қияметті көрге күні, дүниеде бір кеш немесе бір сәске тұрғандай ойлайды |