إِنَّا أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ أَنْ أَنذِرْ قَوْمَكَ مِن قَبْلِ أَن يَأْتِيَهُمْ عَذَابٌ أَلِيمٌ (1) Расында Нұх (Ғ.С.) ты, еліне: "Қауымыңды күйзелтуші азап келуден бұрын қорқыт" деп, жібердік |
قَالَ يَا قَوْمِ إِنِّي لَكُمْ نَذِيرٌ مُّبِينٌ (2) (Нұх Ғ.С.): "Шын мәнінде мен сендерге ашық ескертушімін" деді |
أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ وَاتَّقُوهُ وَأَطِيعُونِ (3) Аллаға құлшылық қылыңдар, Одан қорқыңдар, маған бағыныңдар |
يَغْفِرْ لَكُم مِّن ذُنُوبِكُمْ وَيُؤَخِّرْكُمْ إِلَىٰ أَجَلٍ مُّسَمًّى ۚ إِنَّ أَجَلَ اللَّهِ إِذَا جَاءَ لَا يُؤَخَّرُ ۖ لَوْ كُنتُمْ تَعْلَمُونَ (4) Күнәларыңды жарылқайды және өздеріңді белгілі бір мерзімге дейін кешіктіреді. (Өмір сүрдіреді.) Егер білген болсаңдар, шын мәнінде Алланың өлшеулі мезгілі жетсе кешіктірілмейді |
قَالَ رَبِّ إِنِّي دَعَوْتُ قَوْمِي لَيْلًا وَنَهَارًا (5) (Нұх Ғ.С.): "Раббым! Расында мен елімді күндіз-түні шақырдым |
فَلَمْ يَزِدْهُمْ دُعَائِي إِلَّا فِرَارًا (6) Бірақ шақыруым, олардың қашуын ғана арттырды |
وَإِنِّي كُلَّمَا دَعَوْتُهُمْ لِتَغْفِرَ لَهُمْ جَعَلُوا أَصَابِعَهُمْ فِي آذَانِهِمْ وَاسْتَغْشَوْا ثِيَابَهُمْ وَأَصَرُّوا وَاسْتَكْبَرُوا اسْتِكْبَارًا (7) Расында мен оларды Сенің бағыштауың үшін шақырған сайын, олар саусақтарын құлақтарына тығып, киімдерін бүркенген бойда, қасарысып, паңданған сайын паңданды |
ثُمَّ إِنِّي دَعَوْتُهُمْ جِهَارًا (8) Сосын рас мен оларды қатты дабыстап шақырдым |
ثُمَّ إِنِّي أَعْلَنتُ لَهُمْ وَأَسْرَرْتُ لَهُمْ إِسْرَارًا (9) Одан кейін мен оларға ашықша да тіпті өздеріне көмес түрде жасырын да айттым |
فَقُلْتُ اسْتَغْفِرُوا رَبَّكُمْ إِنَّهُ كَانَ غَفَّارًا (10) (Сондай-ақ оларға): "Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Өйткені Ол, өте жарылқаушы." дедім |
يُرْسِلِ السَّمَاءَ عَلَيْكُم مِّدْرَارًا (11) Ол, сендерге аспаннан мол-мол жаңбыр жібереді |
وَيُمْدِدْكُم بِأَمْوَالٍ وَبَنِينَ وَيَجْعَل لَّكُمْ جَنَّاتٍ وَيَجْعَل لَّكُمْ أَنْهَارًا (12) Әрі өздеріңді малдар, балалармен қамдайды. Және сендер үшін бақшалар жасап, өзендер ағызады |
مَّا لَكُمْ لَا تَرْجُونَ لِلَّهِ وَقَارًا (13) Алланың ұлықтығын ойламайтын сендерге не болды |
وَقَدْ خَلَقَكُمْ أَطْوَارًا (14) Расында Ол, сендерді түрлі жағдайларда жаратты |
أَلَمْ تَرَوْا كَيْفَ خَلَقَ اللَّهُ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ طِبَاقًا (15) Алланың жеті аспанды қабат-қабат жаратқанын көрмедіңдер ме |
وَجَعَلَ الْقَمَرَ فِيهِنَّ نُورًا وَجَعَلَ الشَّمْسَ سِرَاجًا (16) Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылды |
وَاللَّهُ أَنبَتَكُم مِّنَ الْأَرْضِ نَبَاتًا (17) Алла, сендерді жерден өсіріп өндірді |
ثُمَّ يُعِيدُكُمْ فِيهَا وَيُخْرِجُكُمْ إِخْرَاجًا (18) Сосын сендерді, ол жерге қайтарады сонан кейін қайта шығарады |
وَاللَّهُ جَعَلَ لَكُمُ الْأَرْضَ بِسَاطًا (19) Алла сендерге жерді төсеніш қылды |
لِّتَسْلُكُوا مِنْهَا سُبُلًا فِجَاجًا (20) Оның кең жолдарында жүрулерің үшін |
قَالَ نُوحٌ رَّبِّ إِنَّهُمْ عَصَوْنِي وَاتَّبَعُوا مَن لَّمْ يَزِدْهُ مَالُهُ وَوَلَدُهُ إِلَّا خَسَارًا (21) Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Расында олар маған қарсы келді. Сондай-ақ олар, малдары, балалары өздеріне зияннан басқаны арттырмаған біреулерге ілесті |
وَمَكَرُوا مَكْرًا كُبَّارًا (22) Олар зор айлакерліктер істеді |
وَقَالُوا لَا تَذَرُنَّ آلِهَتَكُمْ وَلَا تَذَرُنَّ وَدًّا وَلَا سُوَاعًا وَلَا يَغُوثَ وَيَعُوقَ وَنَسْرًا (23) Және олар: "Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғүқ және Насырды әсте тастамаңдар" деседі. (Бұлар, бұттарының аттары) |
وَقَدْ أَضَلُّوا كَثِيرًا ۖ وَلَا تَزِدِ الظَّالِمِينَ إِلَّا ضَلَالًا (24) Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр |
مِّمَّا خَطِيئَاتِهِمْ أُغْرِقُوا فَأُدْخِلُوا نَارًا فَلَمْ يَجِدُوا لَهُم مِّن دُونِ اللَّهِ أَنصَارًا (25) Қылмыстарының салдарынан суға батырылды да отқа салынды. Енді олар, өздеріне Алладан өзге көмекші таба алмады |
وَقَالَ نُوحٌ رَّبِّ لَا تَذَرْ عَلَى الْأَرْضِ مِنَ الْكَافِرِينَ دَيَّارًا (26) Нұх (Ғ.С.): "Раббым! Жер жүзінде кәпірлерден ешбіреу тұрғын қалдырма" деді |
إِنَّكَ إِن تَذَرْهُمْ يُضِلُّوا عِبَادَكَ وَلَا يَلِدُوا إِلَّا فَاجِرًا كَفَّارًا (27) Егер оларды қалдырсаң, құлдарыңды жолдан адастырады да бұзақы кәпір балаларды ғана тудырады |
رَّبِّ اغْفِرْ لِي وَلِوَالِدَيَّ وَلِمَن دَخَلَ بَيْتِيَ مُؤْمِنًا وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَلَا تَزِدِ الظَّالِمِينَ إِلَّا تَبَارًا (28) Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр" деді |