×

Surah Ash-Shuara in Kazakh

Quran Kazakh ⮕ Surah Shuara

Translation of the Meanings of Surah Shuara in Kazakh - الكازاخستانية

The Quran in Kazakh - Surah Shuara translated into Kazakh, Surah Ash-Shuara in Kazakh. We provide accurate translation of Surah Shuara in Kazakh - الكازاخستانية, Verses 227 - Surah Number 26 - Page 367.

بسم الله الرحمن الرحيم

طسم (1)
Та. Син. Мим
تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ (2)
Бұл айқын Құранның аяттары
لَعَلَّكَ بَاخِعٌ نَّفْسَكَ أَلَّا يَكُونُوا مُؤْمِنِينَ (3)
(Мұхаммед Ғ.С.) олар ииан келтірмеді деп, өзіңді жоя жаздадың
إِن نَّشَأْ نُنَزِّلْ عَلَيْهِم مِّنَ السَّمَاءِ آيَةً فَظَلَّتْ أَعْنَاقُهُمْ لَهَا خَاضِعِينَ (4)
Егер қаласақ, Оларға аспаннан бір мұғжиза түсірер едік те, оған бой ұсынушыларға айналар еді
وَمَا يَأْتِيهِم مِّن ذِكْرٍ مِّنَ الرَّحْمَٰنِ مُحْدَثٍ إِلَّا كَانُوا عَنْهُ مُعْرِضِينَ (5)
Оларға Рахманнан жаңа бір үгіт келсе-ақ болды, олар одан бет бұрады
فَقَدْ كَذَّبُوا فَسَيَأْتِيهِمْ أَنبَاءُ مَا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ (6)
Олардың жасынға шығарып, мазақтаған нәрселерінің түсінігі өздеріне жалғастырылады
أَوَلَمْ يَرَوْا إِلَى الْأَرْضِ كَمْ أَنبَتْنَا فِيهَا مِن كُلِّ زَوْجٍ كَرِيمٍ (7)
Олар жер жүзіне қарамай ма? Онда әр түрлі көркем өсімдіктөр өсірдік
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (8)
Рас бұнда ғибрат бар да, олардың көбі сенуші емес
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (9)
(Мұхаммед Ғ.С.) Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
وَإِذْ نَادَىٰ رَبُّكَ مُوسَىٰ أَنِ ائْتِ الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ (10)
Сол уақытта Раббың Мұса (Ғ.С.) ға: "Залым елге бар" деп, үндеді
قَوْمَ فِرْعَوْنَ ۚ أَلَا يَتَّقُونَ (11)
Перғауын еліне. Олар қорықпай ма
قَالَ رَبِّ إِنِّي أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ (12)
(Мұса Ғ.С.): "Раббым! Рас мен олардың мені жасынға шығаруынан қорқамын" деді
وَيَضِيقُ صَدْرِي وَلَا يَنطَلِقُ لِسَانِي فَأَرْسِلْ إِلَىٰ هَارُونَ (13)
Көңлім тарайым, тілім жүрмейді. Сондықтан Һарүнға да пайғамбарлық бер
وَلَهُمْ عَلَيَّ ذَنبٌ فَأَخَافُ أَن يَقْتُلُونِ (14)
Мен оларға күнәкармын. Сондықтан олардың, мені өлтіруінен қорқамын
قَالَ كَلَّا ۖ فَاذْهَبَا بِآيَاتِنَا ۖ إِنَّا مَعَكُم مُّسْتَمِعُونَ (15)
(Алла Т.): "Әсте олай емес! Екеуің де мұғжизаларымызбен барыңдар. Расында Біз сендермен бірге әр нәрсені естиміз" деді
فَأْتِيَا فِرْعَوْنَ فَقُولَا إِنَّا رَسُولُ رَبِّ الْعَالَمِينَ (16)
Дереу екеуің Перғауынға баршы: "Біз бүкіл әлемнің Раббының елшісіміз
أَنْ أَرْسِلْ مَعَنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ (17)
Израил ұрпақтарын бізбен бірге қоя бер!",- (деңдер-деді)
قَالَ أَلَمْ نُرَبِّكَ فِينَا وَلِيدًا وَلَبِثْتَ فِينَا مِنْ عُمُرِكَ سِنِينَ (18)
Перғауын: "Сені бала қып асырамадық па? Өміріңнен неше жыл арамызда болмадың ба
وَفَعَلْتَ فَعْلَتَكَ الَّتِي فَعَلْتَ وَأَنتَ مِنَ الْكَافِرِينَ (19)
Ол қыларыңды қылдың. Сен нәсүкірлерденсің" деді
قَالَ فَعَلْتُهَا إِذًا وَأَنَا مِنَ الضَّالِّينَ (20)
(Мұса Ғ.С.): "Мен ол істі істеген кезде, қателескен едім" деді
فَفَرَرْتُ مِنكُمْ لَمَّا خِفْتُكُمْ فَوَهَبَ لِي رَبِّي حُكْمًا وَجَعَلَنِي مِنَ الْمُرْسَلِينَ (21)
Сондықтан сендерден қорқып, өздеріңнен қаштым. Ақыр Раббым, маған хикмет беріп, пайғамбарлардан қылды
وَتِلْكَ نِعْمَةٌ تَمُنُّهَا عَلَيَّ أَنْ عَبَّدتَّ بَنِي إِسْرَائِيلَ (22)
Сен Израил ұрпақтарын құл қылып, маған міндетсіген игілігің осы
قَالَ فِرْعَوْنُ وَمَا رَبُّ الْعَالَمِينَ (23)
(Перғауын): "Әлемдердің Раббы дегенің немене?",- деді
قَالَ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ (24)
(Мұса Ғ.С.): "Егер анық сенетін болсаңдар, Ол; жер-көктің әрі екі арасындағылардың Раббы" деді
قَالَ لِمَنْ حَوْلَهُ أَلَا تَسْتَمِعُونَ (25)
(Перғауын) маңайындағыларға: "Естімей отырсыңдар ма?",- деді
قَالَ رَبُّكُمْ وَرَبُّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ (26)
(Мұса Ғ.С.): "Ол, сендердің де Раббыларың, бұрыңғы ата-бабаларыңның да Раббы" деді
قَالَ إِنَّ رَسُولَكُمُ الَّذِي أُرْسِلَ إِلَيْكُمْ لَمَجْنُونٌ (27)
(Перғауын): "Тақ осы сендерге жіберілген Пайғамбар, мүлде жынды" деді
قَالَ رَبُّ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِن كُنتُمْ تَعْقِلُونَ (28)
(Мұса Ғ.С.): "Егер түсінетін болсаңдар, Ол; шығыс, батыстың және екі арасындағылардың Раббы" деді
قَالَ لَئِنِ اتَّخَذْتَ إِلَٰهًا غَيْرِي لَأَجْعَلَنَّكَ مِنَ الْمَسْجُونِينَ (29)
(Перғауын): "Егер менен басқаны тәңір етіп алсаң, әрине сені түрмеге саламын.",- деді
قَالَ أَوَلَوْ جِئْتُكَ بِشَيْءٍ مُّبِينٍ (30)
(Мұса Ғ.С.): "Егер саған ашық дәлел келтірсем де ме?",- деді
قَالَ فَأْتِ بِهِ إِن كُنتَ مِنَ الصَّادِقِينَ (31)
(Перғауын): "Ал әкел. Егер шын айтушылардан болсаң" деді
فَأَلْقَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ ثُعْبَانٌ مُّبِينٌ (32)
Сонда ол, таяғын тастады да сол уақытта көрнеу айдаһар болды
وَنَزَعَ يَدَهُ فَإِذَا هِيَ بَيْضَاءُ لِلنَّاظِرِينَ (33)
Тағы қолын шығарды. Ол, қараушыларга аппақ көрінді
قَالَ لِلْمَلَإِ حَوْلَهُ إِنَّ هَٰذَا لَسَاحِرٌ عَلِيمٌ (34)
(Перғауын) айналасындағы бастықтарга: "Рас мынау, тым білгіш сиқыршы екен" деді
يُرِيدُ أَن يُخْرِجَكُم مِّنْ أَرْضِكُم بِسِحْرِهِ فَمَاذَا تَأْمُرُونَ (35)
Сиқырымен жерлеріңнен шығарғысы келеді. Ал бұган не бұйырасыңдар
قَالُوا أَرْجِهْ وَأَخَاهُ وَابْعَثْ فِي الْمَدَائِنِ حَاشِرِينَ (36)
Олар: "Бұны да туысын да тоқтата тұрып, қалаларга жинаушыларды жібер" десті
يَأْتُوكَ بِكُلِّ سَحَّارٍ عَلِيمٍ (37)
Бүкіл білгіш сиқыршыларды саған әкелсін
فَجُمِعَ السَّحَرَةُ لِمِيقَاتِ يَوْمٍ مَّعْلُومٍ (38)
Сонда белгілі күндегі орынға сиқыршылар жиналды
وَقِيلَ لِلنَّاسِ هَلْ أَنتُم مُّجْتَمِعُونَ (39)
Адамдарға да: "Сендер жиналдыңдар ма?",- делінді
لَعَلَّنَا نَتَّبِعُ السَّحَرَةَ إِن كَانُوا هُمُ الْغَالِبِينَ (40)
(Ел): "Егер жеңіске ие болса, әрине сиқыршыларға ереміз" (десті)
فَلَمَّا جَاءَ السَّحَرَةُ قَالُوا لِفِرْعَوْنَ أَئِنَّ لَنَا لَأَجْرًا إِن كُنَّا نَحْنُ الْغَالِبِينَ (41)
Сиқыршылар келген сәтте, Перғауынға: "Егер біз жеңсек, әрине бізге сыйлық бар емес пе?",- деді
قَالَ نَعَمْ وَإِنَّكُمْ إِذًا لَّمِنَ الْمُقَرَّبِينَ (42)
(Перғауын): "Я, рас сендер онда маған жақындардан боласыңдар" деді
قَالَ لَهُم مُّوسَىٰ أَلْقُوا مَا أَنتُم مُّلْقُونَ (43)
Мұса (Ғ.С.) сиқыршыларга: "Немене тастасаңдар қане тастаңдар" деді
فَأَلْقَوْا حِبَالَهُمْ وَعِصِيَّهُمْ وَقَالُوا بِعِزَّةِ فِرْعَوْنَ إِنَّا لَنَحْنُ الْغَالِبُونَ (44)
Сонда олар арқандарымен таяқтарын тастап: "Перғауынның абыройы үшін біз жеңіске ие боламыз" десті
فَأَلْقَىٰ مُوسَىٰ عَصَاهُ فَإِذَا هِيَ تَلْقَفُ مَا يَأْفِكُونَ (45)
Сонда Мұса (Ғ.С.) да таяғын тастады. Дереу ол, олардың жасанды нәрселерін жалмай бастады
فَأُلْقِيَ السَّحَرَةُ سَاجِدِينَ (46)
Сондықтан сиқыршылар сәждеге жығылды
قَالُوا آمَنَّا بِرَبِّ الْعَالَمِينَ (47)
Әлемнің Раббына иман келтірдік" десті
رَبِّ مُوسَىٰ وَهَارُونَ (48)
Мұса мен Һарұнның Раббына
قَالَ آمَنتُمْ لَهُ قَبْلَ أَنْ آذَنَ لَكُمْ ۖ إِنَّهُ لَكَبِيرُكُمُ الَّذِي عَلَّمَكُمُ السِّحْرَ فَلَسَوْفَ تَعْلَمُونَ ۚ لَأُقَطِّعَنَّ أَيْدِيَكُمْ وَأَرْجُلَكُم مِّنْ خِلَافٍ وَلَأُصَلِّبَنَّكُمْ أَجْمَعِينَ (49)
(Перғауын) оларға: "Мен сендерге рұхсат беруден бұрын оған иман келтірдіңдер ме? Рас ол сендерге сиқыр үйреткен үлкендерің екен. Енді білесіңдер; әлбетте қол-аяқтарыңды шадырлата кесемін, тіпті бәріңді асамын" деді
قَالُوا لَا ضَيْرَ ۖ إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا مُنقَلِبُونَ (50)
(Сиқыршылар): "Оқасы жоқ. Раббымызға қайтамыз" деді
إِنَّا نَطْمَعُ أَن يَغْفِرَ لَنَا رَبُّنَا خَطَايَانَا أَن كُنَّا أَوَّلَ الْمُؤْمِنِينَ (51)
Расында біз сенгендердің алды болғандығымыздан, Раббымыздың қателерімізді жарылқауын үміт етеміз
۞ وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنْ أَسْرِ بِعِبَادِي إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ (52)
Мұса (Ғ.С.) ға: "Құлдарымды түн қатырып әкет. Сөз жоқ, қуаланасыңдар" деп уахи еттік
فَأَرْسَلَ فِرْعَوْنُ فِي الْمَدَائِنِ حَاشِرِينَ (53)
Сонда Перғауын қалаларға жинаушылар жіберді
إِنَّ هَٰؤُلَاءِ لَشِرْذِمَةٌ قَلِيلُونَ (54)
Расында бұлар (Израил ұрпақтары) аз топ" (деді)
وَإِنَّهُمْ لَنَا لَغَائِظُونَ (55)
Сонда да олар бізді ашуландыруда
وَإِنَّا لَجَمِيعٌ حَاذِرُونَ (56)
Расында біз сақ бір топпыз
فَأَخْرَجْنَاهُم مِّن جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ (57)
Сөйтіп (Перғауындықтарды) бақшаларынан, бұлақтарынан шығардық
وَكُنُوزٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ (58)
Сондай-ақ қазыналарынан, салтанатты мекендерінен де
كَذَٰلِكَ وَأَوْرَثْنَاهَا بَنِي إِسْرَائِيلَ (59)
Осылайша оларға Израил ұрпақтарын мұрагер қылдық
فَأَتْبَعُوهُم مُّشْرِقِينَ (60)
Сонда олар, Израил ұрпақтарын күн шыға қуды
فَلَمَّا تَرَاءَى الْجَمْعَانِ قَالَ أَصْحَابُ مُوسَىٰ إِنَّا لَمُدْرَكُونَ (61)
Екі топ бірін-бірі көрген сәтте, Мұса (Ғ.С.) ның жолдастары: "Сөз жоқ, қолға түстік" деді
قَالَ كَلَّا ۖ إِنَّ مَعِيَ رَبِّي سَيَهْدِينِ (62)
(Мұса Ғ.С.): "Әсте, шынында Раббым бізбен бірге. Маған жол көрсетеді" деді
فَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ مُوسَىٰ أَنِ اضْرِب بِّعَصَاكَ الْبَحْرَ ۖ فَانفَلَقَ فَكَانَ كُلُّ فِرْقٍ كَالطَّوْدِ الْعَظِيمِ (63)
Мұса (Ғ.С.) ға: "Таяғыңмен теңізді ұр!",- деп уахи еттік. Сонда (теңіз) жарылып, әр бөлімі асқар таудай болды
وَأَزْلَفْنَا ثَمَّ الْآخَرِينَ (64)
Артқыларды да сол жерге жақындаттық
وَأَنجَيْنَا مُوسَىٰ وَمَن مَّعَهُ أَجْمَعِينَ (65)
Мұса (Ғ.С.) ны да онымен бірге болған адамдардың барлығын құтқардық
ثُمَّ أَغْرَقْنَا الْآخَرِينَ (66)
Сосын басқаларды суға батырдық
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (67)
Әрине бұнда ғибрат бар. Сонда да олардың көбі нанбады
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (68)
Расында Раббың Ол, аса үстем, тым мейірімді
وَاتْلُ عَلَيْهِمْ نَبَأَ إِبْرَاهِيمَ (69)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның Қиссасын баян ет
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَا تَعْبُدُونَ (70)
Сол уақытта ол әкесіне, еліне: "Неменеге табынасыңдар?",- деді
قَالُوا نَعْبُدُ أَصْنَامًا فَنَظَلُّ لَهَا عَاكِفِينَ (71)
Олар: "Бұттарға шоқынамыз, оларға мүлде мүлгудеміз" деді
قَالَ هَلْ يَسْمَعُونَكُمْ إِذْ تَدْعُونَ (72)
(Ыбырайым Ғ.С.): "Олар шақырғандарыңда ести ме?",- деді
أَوْ يَنفَعُونَكُمْ أَوْ يَضُرُّونَ (73)
Немесе олар сендерге пайда, зиян келтіре ала ма
قَالُوا بَلْ وَجَدْنَا آبَاءَنَا كَذَٰلِكَ يَفْعَلُونَ (74)
Олар: "Жоқ, аталарымызды осылай істеген түрде таптық" деді
قَالَ أَفَرَأَيْتُم مَّا كُنتُمْ تَعْبُدُونَ (75)
Ал енді неменеге табынғандарыңды көрдіңдер ме?",- деді
أَنتُمْ وَآبَاؤُكُمُ الْأَقْدَمُونَ (76)
Сендер де бұрынғы аталарың да
فَإِنَّهُمْ عَدُوٌّ لِّي إِلَّا رَبَّ الْعَالَمِينَ (77)
Әлемдердің Раббынан басқа, олар менің дұшпаным
الَّذِي خَلَقَنِي فَهُوَ يَهْدِينِ (78)
Ол, мені жаратқан, маған тура жол көрсетеді
وَالَّذِي هُوَ يُطْعِمُنِي وَيَسْقِينِ (79)
Ол, маған жегізеді де ішкізеді
وَإِذَا مَرِضْتُ فَهُوَ يَشْفِينِ (80)
Ол, қашан ауырсам, маған шипа береді
وَالَّذِي يُمِيتُنِي ثُمَّ يُحْيِينِ (81)
Ол, мені өлтіреді де сонсоң тірілтеді
وَالَّذِي أَطْمَعُ أَن يَغْفِرَ لِي خَطِيئَتِي يَوْمَ الدِّينِ (82)
Ол сондай Алла, киямет күні қателерімді жарылқауын үміт етемін
رَبِّ هَبْ لِي حُكْمًا وَأَلْحِقْنِي بِالصَّالِحِينَ (83)
Раббым маған даналық беріп, мені игілерге қоса көр
وَاجْعَل لِّي لِسَانَ صِدْقٍ فِي الْآخِرِينَ (84)
Мені кейінгі нәсілдердің тілінде де шынайы үлгі қыла көр
وَاجْعَلْنِي مِن وَرَثَةِ جَنَّةِ النَّعِيمِ (85)
Мені, нығметті жаннаттьің мұрагерлерінен қыл
وَاغْفِرْ لِأَبِي إِنَّهُ كَانَ مِنَ الضَّالِّينَ (86)
Әкемді жарылқа! Өйткені ол, адасушылардан." (С. 114-А)
وَلَا تُخْزِنِي يَوْمَ يُبْعَثُونَ (87)
Қабырдан тұратын күні мені мүңайтпа
يَوْمَ لَا يَنفَعُ مَالٌ وَلَا بَنُونَ (88)
Ол күні, мал да балалар да пайда бермейді
إِلَّا مَنْ أَتَى اللَّهَ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ (89)
Бірақ кім Аллаға нағыз жүрекпен келсе ғана (пайда береді)
وَأُزْلِفَتِ الْجَنَّةُ لِلْمُتَّقِينَ (90)
Тақуаларға жаннат жақындатылады
وَبُرِّزَتِ الْجَحِيمُ لِلْغَاوِينَ (91)
Азғындарға тозақ көрсетіледі
وَقِيلَ لَهُمْ أَيْنَ مَا كُنتُمْ تَعْبُدُونَ (92)
Оларға: "Табынатындарың қайда?",- делінеді
مِن دُونِ اللَّهِ هَلْ يَنصُرُونَكُمْ أَوْ يَنتَصِرُونَ (93)
Алладан өзгелер, сендерге жәрдем ете ме? Яқи өздеріне жәрдем ете ала ма
فَكُبْكِبُوا فِيهَا هُمْ وَالْغَاوُونَ (94)
Табынылғандар да азғындар да тозаққа етбетінен құлатылады
وَجُنُودُ إِبْلِيسَ أَجْمَعُونَ (95)
Ібілістің әскерлері де тұтас
قَالُوا وَهُمْ فِيهَا يَخْتَصِمُونَ (96)
Олар онда былай деп таласады
تَاللَّهِ إِن كُنَّا لَفِي ضَلَالٍ مُّبِينٍ (97)
Аллаға серт, адасқан-ақ екенміз ғой
إِذْ نُسَوِّيكُم بِرَبِّ الْعَالَمِينَ (98)
Сендерді Әлемнің Раббына теңеуші едік
وَمَا أَضَلَّنَا إِلَّا الْمُجْرِمُونَ (99)
Бізді күнәкарлар-ақ адастырган екен
فَمَا لَنَا مِن شَافِعِينَ (100)
Енді біздің ешбір шапағатшымыз жоқ
وَلَا صَدِيقٍ حَمِيمٍ (101)
Жан күйер достымыз да жоқ
فَلَوْ أَنَّ لَنَا كَرَّةً فَنَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ (102)
Әттең! Қайтарылсақ, иман келтіргендерден болар едік
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (103)
Рас осы да бір ғибрат бар. Дегенмен олардың көбі иман келтірмеді
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (104)
(Мұхаммед Ғ.С.) расында Раббың тым үстем, аса мейірімді
كَذَّبَتْ قَوْمُ نُوحٍ الْمُرْسَلِينَ (105)
Нұх (Ғ.С.) тың елі де пайғамбарларды жасынға айналдырды
إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ نُوحٌ أَلَا تَتَّقُونَ (106)
Сол уақытта, олардың туысы Нұх (Ғ.С.): "қорықпайсыңдар ма?",- деді
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ (107)
Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (108)
Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар
وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ (109)
Бұған Сендерден ақы сұрамаймын, менің ақым әлемдердің Раббына тән
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (110)
Алладан қорқып, маған бағынындар
۞ قَالُوا أَنُؤْمِنُ لَكَ وَاتَّبَعَكَ الْأَرْذَلُونَ (111)
Олар: "Саған қор кісілер ерді деп, иман келтірейік пе?",- десті
قَالَ وَمَا عِلْمِي بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ (112)
(Нұх Ғ.С.): "Олардың не істегендерін білмеймін" деді
إِنْ حِسَابُهُمْ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّي ۖ لَوْ تَشْعُرُونَ (113)
Егер сезетін болсаңдар, олардың есебі Раббыма тән
وَمَا أَنَا بِطَارِدِ الْمُؤْمِنِينَ (114)
Иман келтіргендерді қумаймын
إِنْ أَنَا إِلَّا نَذِيرٌ مُّبِينٌ (115)
Сондай-ақ мен ашық бір ескертушімін
قَالُوا لَئِن لَّمْ تَنتَهِ يَا نُوحُ لَتَكُونَنَّ مِنَ الْمَرْجُومِينَ (116)
Олар: "Әй Нұх! Егер тыйылмасаң, әрине таспен атқыланғандардан боласың" деді
قَالَ رَبِّ إِنَّ قَوْمِي كَذَّبُونِ (117)
Раббым! Рас мені, елім жасынға шығарды" деді
فَافْتَحْ بَيْنِي وَبَيْنَهُمْ فَتْحًا وَنَجِّنِي وَمَن مَّعِيَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ (118)
Енді менімен олардың арасына нақ үкім бер! Мені де, мені мен бірге мүміндерді де құтқар
فَأَنجَيْنَاهُ وَمَن مَّعَهُ فِي الْفُلْكِ الْمَشْحُونِ (119)
Сонда оны да онымен бірге болғандарды да толы кемеде құтқардық
ثُمَّ أَغْرَقْنَا بَعْدُ الْبَاقِينَ (120)
Сосың, кейін қалғандарды суға батырдық
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (121)
Рас бұнда анық ғибрат бар. Сонда да олардың көбі сенбейді
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (122)
Рас Раббың үстем де мейірімді
كَذَّبَتْ عَادٌ الْمُرْسَلِينَ (123)
Ғад елі де елшілерді жасынға шығарды
إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ هُودٌ أَلَا تَتَّقُونَ (124)
Сол уақытта оларға туыстары Һүд (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ (125)
Рас сендерге сенімді Елшімін
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (126)
Алладан қорқып, маған бағыныңдар
وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ (127)
Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Ақым әлемдердің Раббына тән
أَتَبْنُونَ بِكُلِّ رِيعٍ آيَةً تَعْبَثُونَ (128)
Әр төбеге әншейін ескерткіш құрылыс жасайсыңдар ма
وَتَتَّخِذُونَ مَصَانِعَ لَعَلَّكُمْ تَخْلُدُونَ (129)
Дүниеде мәңгі қалу үмітімен мықты сарайлар жасайсыңдар ма
وَإِذَا بَطَشْتُم بَطَشْتُمْ جَبَّارِينَ (130)
Қашан ұстасаңдар, қатты зорекерлікпен ұстадыңдар!" (Аямадыңдар!" Ж.Б.М)
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (131)
Енді Алладан қорқып, маған бағыныңдар
وَاتَّقُوا الَّذِي أَمَدَّكُم بِمَا تَعْلَمُونَ (132)
Сендерді білген нәрселеріңмен қамтамасыз еткен Алладан қорқыңдар
أَمَدَّكُم بِأَنْعَامٍ وَبَنِينَ (133)
Сендерге малдар, балалар берді
وَجَنَّاتٍ وَعُيُونٍ (134)
Бақшалар, бұлақтар берген (Алладан қорқыңдар)
إِنِّي أَخَافُ عَلَيْكُمْ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ (135)
Сендерге болатын ұлы күннің азабынан қорқамын
قَالُوا سَوَاءٌ عَلَيْنَا أَوَعَظْتَ أَمْ لَمْ تَكُن مِّنَ الْوَاعِظِينَ (136)
Олар: "Сен уағыздасаң да уағыздамасаң да бізге бірдей" десті
إِنْ هَٰذَا إِلَّا خُلُقُ الْأَوَّلِينَ (137)
Бұл бұрынғылардың ғана салты. (Яқи, бұл айтқандарыңды бұрынғылар да айтқан)
وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ (138)
Біз азапқа душар болмаймыз
فَكَذَّبُوهُ فَأَهْلَكْنَاهُمْ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (139)
Сонда олар оны жасынға айналдырды да оларды жоқ еттік. Расында бұнда бір өнеге бар. Дегенмен олардың көбі сенбеген еді
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (140)
(Мұхаммед Ғ.С.) Әрине Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді
كَذَّبَتْ ثَمُودُ الْمُرْسَلِينَ (141)
Сәмүд елі де елшілерді жасынға айналдырды
إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ صَالِحٌ أَلَا تَتَّقُونَ (142)
Сол уақытта туыстары Салих (Ғ.С.): "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ (143)
Рас мен сендер үшін сенімді бір Елшімін
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (144)
Алладан қорқып, маған бағыныңдар
وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ (145)
Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
أَتُتْرَكُونَ فِي مَا هَاهُنَا آمِنِينَ (146)
Сендер осы жерде бейбіт қала аласыңдар ма
فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ (147)
Бақшаларда, бұлақтарда
وَزُرُوعٍ وَنَخْلٍ طَلْعُهَا هَضِيمٌ (148)
Егіндерде, жұмсақ қауашақты құрма ағаштарында
وَتَنْحِتُونَ مِنَ الْجِبَالِ بُيُوتًا فَارِهِينَ (149)
Сондай-ақ таулардан ойып, шеберлікпен үй жасайсыңдар ма
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (150)
Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар
وَلَا تُطِيعُوا أَمْرَ الْمُسْرِفِينَ (151)
Шектен шығушылардың әміріне бағынбаңдар
الَّذِينَ يُفْسِدُونَ فِي الْأَرْضِ وَلَا يُصْلِحُونَ (152)
Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, түзушілік қылмайды
قَالُوا إِنَّمَا أَنتَ مِنَ الْمُسَحَّرِينَ (153)
Олар, Салих (Ғ.С.) қа: "Шынында сен жадыланғандардансың" десті
مَا أَنتَ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُنَا فَأْتِ بِآيَةٍ إِن كُنتَ مِنَ الصَّادِقِينَ (154)
Сен біз сияқты ғана адамсың. Егер шыншыл болсаң, бір белгі әкел
قَالَ هَٰذِهِ نَاقَةٌ لَّهَا شِرْبٌ وَلَكُمْ شِرْبُ يَوْمٍ مَّعْلُومٍ (155)
(Салих Ғ.С.): "Міне, белгі бір аруана. Су кезегі, бір күн оныкі де бір белгілі күн сендердікі" деді
وَلَا تَمَسُّوهَا بِسُوءٍ فَيَأْخُذَكُمْ عَذَابُ يَوْمٍ عَظِيمٍ (156)
Оған жаман ниетпен соқтықпаңдар. Онда сендерді ұлы күннің апаты қолға алады
فَعَقَرُوهَا فَأَصْبَحُوا نَادِمِينَ (157)
Олар, оны өлтіріп, тастады да өкініште болды
فَأَخَذَهُمُ الْعَذَابُ ۗ إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (158)
Сонда оларды апат қолға алды. Расында бұнда ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (159)
Расында Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
كَذَّبَتْ قَوْمُ لُوطٍ الْمُرْسَلِينَ (160)
Лұт елі де елшілерді жасынға айналдырды
إِذْ قَالَ لَهُمْ أَخُوهُمْ لُوطٌ أَلَا تَتَّقُونَ (161)
Сол уақытта туыстары Лұт (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ (162)
Мен сендерге сенімді бір Елшімін
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (163)
Енді Алладан қорқыңдар да маған бой ұсыныңдар
وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ (164)
Бұған сендерден ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
أَتَأْتُونَ الذُّكْرَانَ مِنَ الْعَالَمِينَ (165)
Дүниеде (қатындар тұрып,) еркектерге қосыласыңдар ма
وَتَذَرُونَ مَا خَلَقَ لَكُمْ رَبُّكُم مِّنْ أَزْوَاجِكُم ۚ بَلْ أَنتُمْ قَوْمٌ عَادُونَ (166)
Раббыларыңның сендер үшін жаратқан әйелдеріңді тастайсыңдар ма? Сендер асқынған елсіңдер
قَالُوا لَئِن لَّمْ تَنتَهِ يَا لُوطُ لَتَكُونَنَّ مِنَ الْمُخْرَجِينَ (167)
Олар: "Әй Лұт! Егер тыйылмасаң, әлбетте (жұрттан) шығарыласың" десті
قَالَ إِنِّي لِعَمَلِكُم مِّنَ الْقَالِينَ (168)
Лұт (Ғ.С.): "Әрине мен сендердің қылықтарыңнан жиіркенемін." деді
رَبِّ نَجِّنِي وَأَهْلِي مِمَّا يَعْمَلُونَ (169)
Раббым, мені, семьямды бұлардың қылықтарынан құтқар
فَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِينَ (170)
Сонда оны да үй-ішін де тұтас құтқардық
إِلَّا عَجُوزًا فِي الْغَابِرِينَ (171)
Жоқ болатындардың ішіндегі кемпірден басқа
ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِينَ (172)
Сосын қалғандарды да жоқ еттік
وَأَمْطَرْنَا عَلَيْهِم مَّطَرًا ۖ فَسَاءَ مَطَرُ الْمُنذَرِينَ (173)
Оларға жаңбыр жаудырдық. Ескерту берілгендердің жаңбыры нендей жаман
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (174)
Рас бұнда бір ғибрат бар,Бірақ олардың көпшілігі иманға келмейді
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (175)
(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың тым үстем, ерекше мейірімді
كَذَّبَ أَصْحَابُ الْأَيْكَةِ الْمُرْسَلِينَ (176)
Әйке елі де елшілерді жасынға айналдырды
إِذْ قَالَ لَهُمْ شُعَيْبٌ أَلَا تَتَّقُونَ (177)
Сол уақытта оларға, Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпайсыңдар ма?",- деді
إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ (178)
Рас мен сендерге сенімді бір елшімін
فَاتَّقُوا اللَّهَ وَأَطِيعُونِ (179)
Енді Алладан қорқыңдар да маған бағыныңдар
وَمَا أَسْأَلُكُمْ عَلَيْهِ مِنْ أَجْرٍ ۖ إِنْ أَجْرِيَ إِلَّا عَلَىٰ رَبِّ الْعَالَمِينَ (180)
Сендерден бұған ақы сұрамаймын. Менің ақым әлемдердің Раббына міндетті
۞ أَوْفُوا الْكَيْلَ وَلَا تَكُونُوا مِنَ الْمُخْسِرِينَ (181)
Өлшеуді толықтаңдар да кемітушілерден болмаңдар
وَزِنُوا بِالْقِسْطَاسِ الْمُسْتَقِيمِ (182)
Тура таразымен тартыңдар
وَلَا تَبْخَسُوا النَّاسَ أَشْيَاءَهُمْ وَلَا تَعْثَوْا فِي الْأَرْضِ مُفْسِدِينَ (183)
Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер (кісі хақысы жемеңдер) де жер жүзінде бұзақы болып, жүрмеңдер
وَاتَّقُوا الَّذِي خَلَقَكُمْ وَالْجِبِلَّةَ الْأَوَّلِينَ (184)
Сендер және бұрыңғы нәсілдерді жаратқан Алладан қорқыңдар
قَالُوا إِنَّمَا أَنتَ مِنَ الْمُسَحَّرِينَ (185)
Олар: "Сен анық жадыланғансың." деді
وَمَا أَنتَ إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُنَا وَإِن نَّظُنُّكَ لَمِنَ الْكَاذِبِينَ (186)
Сен біз құсаған ғана адамсың. Әрі сені өтірікшілерден деп, ойлаймыз
فَأَسْقِطْ عَلَيْنَا كِسَفًا مِّنَ السَّمَاءِ إِن كُنتَ مِنَ الصَّادِقِينَ (187)
Егер шын айтушылардан болсаң, онда үстімізге аспанның бір кесегін түсір
قَالَ رَبِّي أَعْلَمُ بِمَا تَعْمَلُونَ (188)
(Шұғайып Ғ.С.): "Раббым не істегендеріңді тағы жақсы біледі
فَكَذَّبُوهُ فَأَخَذَهُمْ عَذَابُ يَوْمِ الظُّلَّةِ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَذَابَ يَوْمٍ عَظِيمٍ (189)
Сонда олар оны жасынға шығарды да оларды түнек күннің апаты қолға алды. Рас ол, ірі бір күннің апаты еді
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَةً ۖ وَمَا كَانَ أَكْثَرُهُم مُّؤْمِنِينَ (190)
Рас бұнда бір ғибрат бар. Олардың көбі сенбеген еді
وَإِنَّ رَبَّكَ لَهُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (191)
(Мұхаммед Ғ.С.) рас Раббың Ол, тым үстем, ерекше мейірімді
وَإِنَّهُ لَتَنزِيلُ رَبِّ الْعَالَمِينَ (192)
Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені
نَزَلَ بِهِ الرُّوحُ الْأَمِينُ (193)
Оны сенімді РҰХ (Жебрейіл) келтірді
عَلَىٰ قَلْبِكَ لِتَكُونَ مِنَ الْمُنذِرِينَ (194)
Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды
بِلِسَانٍ عَرَبِيٍّ مُّبِينٍ (195)
Ап-ашық бір арап тілінде
وَإِنَّهُ لَفِي زُبُرِ الْأَوَّلِينَ (196)
Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді
أَوَلَمْ يَكُن لَّهُمْ آيَةً أَن يَعْلَمَهُ عُلَمَاءُ بَنِي إِسْرَائِيلَ (197)
Израил ұрпақтарының ғалымдарының бұны білулері, олар үшін бір дәлел болмай ма? (С. 52-55-А)
وَلَوْ نَزَّلْنَاهُ عَلَىٰ بَعْضِ الْأَعْجَمِينَ (198)
Егер ол Құранды араптан басқа бір бөгдеге түсірсек те
فَقَرَأَهُ عَلَيْهِم مَّا كَانُوا بِهِ مُؤْمِنِينَ (199)
Ол, бүны оларға оқыса да олар оған және сенбес еді
كَذَٰلِكَ سَلَكْنَاهُ فِي قُلُوبِ الْمُجْرِمِينَ (200)
Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық. (Б.Р.) (Немесе күнәкарлардың жүректеріне қарсылық салдық. Ж.М.К)
لَا يُؤْمِنُونَ بِهِ حَتَّىٰ يَرَوُا الْعَذَابَ الْأَلِيمَ (201)
Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді
فَيَأْتِيَهُم بَغْتَةً وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ (202)
Азап Оларға, олар сезбеген түрде кенеттен келеді
فَيَقُولُوا هَلْ نَحْنُ مُنظَرُونَ (203)
Сонда олар: "Бізге бір мұрса берілер ме екен?",- дейді
أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ (204)
Ал сонда олар: Азабымыздың тездетілуін тілей ме
أَفَرَأَيْتَ إِن مَّتَّعْنَاهُمْ سِنِينَ (205)
(Мұхаммед Ғ.С.): Көрдің бе? Оларды жылдарша қамтамасыз етсек те
ثُمَّ جَاءَهُم مَّا كَانُوا يُوعَدُونَ (206)
Сонсоң Оларға уәде етілген апат келсе
مَا أَغْنَىٰ عَنْهُم مَّا كَانُوا يُمَتَّعُونَ (207)
Оларды пайдаланған нәрселері қорымайды
وَمَا أَهْلَكْنَا مِن قَرْيَةٍ إِلَّا لَهَا مُنذِرُونَ (208)
Бір кентті жоқ еткен болсақ, әлбетте олар үшін ескертуші болған
ذِكْرَىٰ وَمَا كُنَّا ظَالِمِينَ (209)
Ескерту берілген. Зұлымдық қылушы емеспіз
وَمَا تَنَزَّلَتْ بِهِ الشَّيَاطِينُ (210)
Бұл Құранды шайтандар түсірмеді
وَمَا يَنبَغِي لَهُمْ وَمَا يَسْتَطِيعُونَ (211)
Оларға лайық та емес. Шамалары да келмейді
إِنَّهُمْ عَنِ السَّمْعِ لَمَعْزُولُونَ (212)
Рас олар тыңдаудан мүлде ұзақтастырылған. (С. 17-18-А)
فَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ فَتَكُونَ مِنَ الْمُعَذَّبِينَ (213)
(Мұхаммед Р.С.) Алламен бірге тәңір шақырма. Онда сен де азапқа ұшыраушылардан боласың
وَأَنذِرْ عَشِيرَتَكَ الْأَقْرَبِينَ (214)
Жақын ағайындарыңа ескерт
وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ (215)
Мүміндерден саган ергендерге қанатыңды жай
فَإِنْ عَصَوْكَ فَقُلْ إِنِّي بَرِيءٌ مِّمَّا تَعْمَلُونَ (216)
Сонда егер олар өзіңе қарсы шықса, онда: "Сендердің істегендеріңнен бездім" де
وَتَوَكَّلْ عَلَى الْعَزِيزِ الرَّحِيمِ (217)
Өте үстем, ерекше мейірімді Аллаға тәуекел ет
الَّذِي يَرَاكَ حِينَ تَقُومُ (218)
Ол, сені тіке түрған сәтте, көріп тұрады
وَتَقَلُّبَكَ فِي السَّاجِدِينَ (219)
Сәжде қылушылардың арасында айналып жүргеніңді де. Түңгі (Тәһажжүт намазына тұруыңды да басқа да тәһажжүт намазына тұргандарға айналуыңды да немесе жеке не жамағатпен тіке тұрып, рүкүғ, сәждеге көшіп, намаз оқуыңды Алла көреді. Ж.Б.М.К.Р)
إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ (220)
Рас Ол Алла, әр нәрсені естуші, білуші
هَلْ أُنَبِّئُكُمْ عَلَىٰ مَن تَنَزَّلُ الشَّيَاطِينُ (221)
Шайтандар кімге түседі, сендерге хабар берейін бе
تَنَزَّلُ عَلَىٰ كُلِّ أَفَّاكٍ أَثِيمٍ (222)
Олар әрбір өтірікші, күнәкарға түседі
يُلْقُونَ السَّمْعَ وَأَكْثَرُهُمْ كَاذِبُونَ (223)
Олар шайтандарға құлақ салады. Олардың көбі өтірікші
وَالشُّعَرَاءُ يَتَّبِعُهُمُ الْغَاوُونَ (224)
Ақындарға азғындар ереді
أَلَمْ تَرَ أَنَّهُمْ فِي كُلِّ وَادٍ يَهِيمُونَ (225)
Рас олардың ойпаттарда қаңғып, жүргенін көрмедің бе
وَأَنَّهُمْ يَقُولُونَ مَا لَا يَفْعَلُونَ (226)
Рас олар істемеген істерін айтады
إِلَّا الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ وَذَكَرُوا اللَّهَ كَثِيرًا وَانتَصَرُوا مِن بَعْدِ مَا ظُلِمُوا ۗ وَسَيَعْلَمُ الَّذِينَ ظَلَمُوا أَيَّ مُنقَلَبٍ يَنقَلِبُونَ (227)
Бірақ иман келтіріп, ізгі іс істегендер, Алланы көп зікір еткендер, зұлымдық көргеннен кейін кек алғандар басқа. Ол зұлымдық қылғандар, жақында қалай айналдырылатындарын біледі. (Бұл мүмін ақындар; Ғабдолла Рауаха ұлы, Хасан Сабит ұлы, Кәгап Закір ұлы, Кәғап Малік ұлы. Б.М.Р)
❮ Previous Next ❯

Surahs from Quran :

1- Fatiha2- Baqarah
3- Al Imran4- Nisa
5- Maidah6- Anam
7- Araf8- Anfal
9- Tawbah10- Yunus
11- Hud12- Yusuf
13- Raad14- Ibrahim
15- Hijr16- Nahl
17- Al Isra18- Kahf
19- Maryam20- TaHa
21- Anbiya22- Hajj
23- Muminun24- An Nur
25- Furqan26- Shuara
27- Naml28- Qasas
29- Ankabut30- Rum
31- Luqman32- Sajdah
33- Ahzab34- Saba
35- Fatir36- Yasin
37- Assaaffat38- Sad
39- Zumar40- Ghafir
41- Fussilat42- shura
43- Zukhruf44- Ad Dukhaan
45- Jathiyah46- Ahqaf
47- Muhammad48- Al Fath
49- Hujurat50- Qaf
51- zariyat52- Tur
53- Najm54- Al Qamar
55- Rahman56- Waqiah
57- Hadid58- Mujadilah
59- Al Hashr60- Mumtahina
61- Saff62- Jumuah
63- Munafiqun64- Taghabun
65- Talaq66- Tahrim
67- Mulk68- Qalam
69- Al-Haqqah70- Maarij
71- Nuh72- Jinn
73- Muzammil74- Muddathir
75- Qiyamah76- Insan
77- Mursalat78- An Naba
79- Naziat80- Abasa
81- Takwir82- Infitar
83- Mutaffifin84- Inshiqaq
85- Buruj86- Tariq
87- Al Ala88- Ghashiya
89- Fajr90- Al Balad
91- Shams92- Lail
93- Duha94- Sharh
95- Tin96- Al Alaq
97- Qadr98- Bayyinah
99- Zalzalah100- Adiyat
101- Qariah102- Takathur
103- Al Asr104- Humazah
105- Al Fil106- Quraysh
107- Maun108- Kawthar
109- Kafirun110- Nasr
111- Masad112- Ikhlas
113- Falaq114- An Nas