إِذَا الشَّمْسُ كُوِّرَتْ (1) Күн бүктелген сәтте |
وَإِذَا النُّجُومُ انكَدَرَتْ (2) Жұлдыздар солып шашылған сәтте |
وَإِذَا الْجِبَالُ سُيِّرَتْ (3) Таулар жүркізілген сәтте |
وَإِذَا الْعِشَارُ عُطِّلَتْ (4) Қаймал іңгендер ,иен жіберілген сәтте, (Сол күннің зардабынан бошалған түйе де естен шығады) |
وَإِذَا الْوُحُوشُ حُشِرَتْ (5) Жан-жануарлар жиналған сәтте |
وَإِذَا الْبِحَارُ سُجِّرَتْ (6) Теңіздер қайнатылған сәтте |
وَإِذَا النُّفُوسُ زُوِّجَتْ (7) Жан тәнмен бірлестірілген сәтте |
وَإِذَا الْمَوْءُودَةُ سُئِلَتْ (8) Тірі көмілген қыздар сұралған сәтте |
بِأَيِّ ذَنبٍ قُتِلَتْ (9) Қай күнәмен өлтірілді |
وَإِذَا الصُّحُفُ نُشِرَتْ (10) Даптердер ашылған сәтте |
وَإِذَا السَّمَاءُ كُشِطَتْ (11) Аспан ашылған сәтте |
وَإِذَا الْجَحِيمُ سُعِّرَتْ (12) Тозақ қыздырыдған сәтте |
وَإِذَا الْجَنَّةُ أُزْلِفَتْ (13) Ұжмақ жақындатылған сәтте |
عَلِمَتْ نَفْسٌ مَّا أَحْضَرَتْ (14) Әркім не әзірлегенін біледі |
فَلَا أُقْسِمُ بِالْخُنَّسِ (15) Жоқ,солғындаған жұлдыздарға серт |
الْجَوَارِ الْكُنَّسِ (16) Жүріп барып батқан жұлдыздарға ант |
وَاللَّيْلِ إِذَا عَسْعَسَ (17) Қараңғылана бастаған түнге серт |
وَالصُّبْحِ إِذَا تَنَفَّسَ (18) Ағара бастаған таңға серт |
إِنَّهُ لَقَوْلُ رَسُولٍ كَرِيمٍ (19) (Осы нәрселерде ашық дәлелдер бар.) Негізінен Құран әрине бір ардақта Елшінің сөзі. (С.40-А) |
ذِي قُوَّةٍ عِندَ ذِي الْعَرْشِ مَكِينٍ (20) Ол күшті Елші,ғаршының иесінің қасында беделді |
مُّطَاعٍ ثَمَّ أَمِينٍ (21) Ықпалды,онда сенімді. (Жебрейіл Ғ.С) |
وَمَا صَاحِبُكُم بِمَجْنُونٍ (22) Жолдастарың (Мұхаммед Ғ.С) жынды емес |
وَلَقَدْ رَآهُ بِالْأُفُقِ الْمُبِينِ (23) Расында ол,оны ашық көк жиекте көрді.(Мұхаммде Ғ.С Жебрейіл Ғ.Сды шығыс көк жиекте көрген.Б.Ж.М) |
وَمَا هُوَ عَلَى الْغَيْبِ بِضَنِينٍ (24) Мұхаммед (Ғ.С.) ғайыптан келген уахи туралы кемшілік істемеді. (Б.Ж.М) |
وَمَا هُوَ بِقَوْلِ شَيْطَانٍ رَّجِيمٍ (25) Құран,қуылған шайтанның сөзі емес |
فَأَيْنَ تَذْهَبُونَ (26) Ендеше,Қайда кетіп бара жатырсыңдар |
إِنْ هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ لِّلْعَالَمِينَ (27) Құран,бүкіл әлемге нәсихаттан басқа еш нәрсе емес |
لِمَن شَاءَ مِنكُمْ أَن يَسْتَقِيمَ (28) Әрине сендерден тура жолды қалаған кісілер үшін |
وَمَا تَشَاءُونَ إِلَّا أَن يَشَاءَ اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (29) Әлемдердің Раббы Алла,қаламайынша тілеулерің жүрмейді |