لَا أُقْسِمُ بِيَوْمِ الْقِيَامَةِ (1) Жоқ, қиямет күніне ант етемін |
وَلَا أُقْسِمُ بِالنَّفْسِ اللَّوَّامَةِ (2) Жоқ, сөгіс беруші нәпсіге ант етемін |
أَيَحْسَبُ الْإِنسَانُ أَلَّن نَّجْمَعَ عِظَامَهُ (3) Адам баласы, біз сүйектерді жинай алмайды деп ойлай ма |
بَلَىٰ قَادِرِينَ عَلَىٰ أَن نُّسَوِّيَ بَنَانَهُ (4) Әрине оны саусақтарының үшіне дейін қайта жасай аламыз |
بَلْ يُرِيدُ الْإِنسَانُ لِيَفْجُرَ أَمَامَهُ (5) Бірақ адам баласы, күнәны жалғастыра бергісі келеді |
يَسْأَلُ أَيَّانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ (6) Қиямет күні қашан болады?',- деп, сұрайды |
فَإِذَا بَرِقَ الْبَصَرُ (7) Қашан көз шағылысқан |
وَخَسَفَ الْقَمَرُ (8) Ай тұтылған |
وَجُمِعَ الشَّمْسُ وَالْقَمَرُ (9) Күн мен ай бір араға келтірілген кезде |
يَقُولُ الْإِنسَانُ يَوْمَئِذٍ أَيْنَ الْمَفَرُّ (10) Адамдар сол күн: "Қашар жер қайда?",- дейді |
كَلَّا لَا وَزَرَ (11) Жоқ, әсте пана жоқ |
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ الْمُسْتَقَرُّ (12) Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды |
يُنَبَّأُ الْإِنسَانُ يَوْمَئِذٍ بِمَا قَدَّمَ وَأَخَّرَ (13) Сол күні адам баласына ілгері кейін істегені білдіріледі. (С. 12-А) |
بَلِ الْإِنسَانُ عَلَىٰ نَفْسِهِ بَصِيرَةٌ (14) Әрине адам баласы өзіне-өзі көздеуші |
وَلَوْ أَلْقَىٰ مَعَاذِيرَهُ (15) Егер барлық желеулерін ортаға қойса да. (Қанша сылтауратса да өз қылығы өзіне мәлім) |
لَا تُحَرِّكْ بِهِ لِسَانَكَ لِتَعْجَلَ بِهِ (16) (Мұхаммед Ғ.С. Құран уахи етілген сәтте, тездетіп оқуға тырысқан. Б.Ж.Р.М.) (Әй Мұхаммед!) Құран түскенде оған асығып тіліңді қозғалтпа |
إِنَّ عَلَيْنَا جَمْعَهُ وَقُرْآنَهُ (17) Шын мәнінде оны жинау, оқу Бізге міндет |
فَإِذَا قَرَأْنَاهُ فَاتَّبِعْ قُرْآنَهُ (18) Ал оны Біз оқығанда, оның оқылуына ілес |
ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا بَيَانَهُ (19) Сосын оны түсіндіру Бізге міндет |
كَلَّا بَلْ تُحِبُّونَ الْعَاجِلَةَ (20) Жоқ, олай емес. Сендер тез кететін дүниені жақсы көресіңдер |
وَتَذَرُونَ الْآخِرَةَ (21) Ақиретті тастап, қоясыңдар |
وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَّاضِرَةٌ (22) Қиямет күні, кейбір жүздер жарқылдап |
إِلَىٰ رَبِّهَا نَاظِرَةٌ (23) Раббына қарайды |
وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ بَاسِرَةٌ (24) Ол күні, кейбір жүздер томсаруда болады |
تَظُنُّ أَن يُفْعَلَ بِهَا فَاقِرَةٌ (25) Өзіне бел үзетін қинау жасалады деп ойлайды |
كَلَّا إِذَا بَلَغَتِ التَّرَاقِيَ (26) Жоқ олай емес. Жан алқымға келген кезде |
وَقِيلَ مَنْ ۜ رَاقٍ (27) Кім шара көреді?",- делінеді |
وَظَنَّ أَنَّهُ الْفِرَاقُ (28) Ол шын мәнінде айрылу екенін сезеді |
وَالْتَفَّتِ السَّاقُ بِالسَّاقِ (29) Балтыры, балтырына оралады |
إِلَىٰ رَبِّكَ يَوْمَئِذٍ الْمَسَاقُ (30) Ол күні Раббы жаққа айдалады |
فَلَا صَدَّقَ وَلَا صَلَّىٰ (31) Сонда ол, мойындамады да намаз оқымады |
وَلَٰكِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ (32) Бірақ, жасынға шығарып бет бұрды |
ثُمَّ ذَهَبَ إِلَىٰ أَهْلِهِ يَتَمَطَّىٰ (33) Сосын ол, кердеңдей басып, үйіне кетті |
أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰ (34) Саған пәле келсін |
ثُمَّ أَوْلَىٰ لَكَ فَأَوْلَىٰ (35) Сосын сені пәле басқыр |
أَيَحْسَبُ الْإِنسَانُ أَن يُتْرَكَ سُدًى (36) Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма |
أَلَمْ يَكُ نُطْفَةً مِّن مَّنِيٍّ يُمْنَىٰ (37) Ол, (жатырға) тамызылган бір тамшы мәни емес пе |
ثُمَّ كَانَ عَلَقَةً فَخَلَقَ فَسَوَّىٰ (38) Сосын ол, ұйыған қан болды. Сонда Алла жаратып бейнеледі |
فَجَعَلَ مِنْهُ الزَّوْجَيْنِ الذَّكَرَ وَالْأُنثَىٰ (39) Сонда одан ер, әйел екі жыныс жаратты |
أَلَيْسَ ذَٰلِكَ بِقَادِرٍ عَلَىٰ أَن يُحْيِيَ الْمَوْتَىٰ (40) Бұларды жасаған Алланың, өліктерді қайта тірілтуге югші жетпей ме |