القرآن باللغة الكازاخستانية - سورة الغاشية مترجمة إلى اللغة الكازاخستانية، Surah Ghashiya in Kazakh. نوفر ترجمة دقيقة سورة الغاشية باللغة الكازاخستانية - Kazakh, الآيات 26 - رقم السورة 88 - الصفحة 592.

| هَلْ أَتَاكَ حَدِيثُ الْغَاشِيَةِ (1) (Мұхаммед Ғ.С әлемді) қаптайтын қияметтің хабары саған келді ме |
| وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ خَاشِعَةٌ (2) Ол күні, кейбір жүздерді қорқу басады |
| عَامِلَةٌ نَّاصِبَةٌ (3) Қатты қиналған шаршаған болады |
| تَصْلَىٰ نَارًا حَامِيَةً (4) Жанып тұрған отқа тасталады |
| تُسْقَىٰ مِنْ عَيْنٍ آنِيَةٍ (5) Қайнап тұрған бастаудан ішкізіледі |
| لَّيْسَ لَهُمْ طَعَامٌ إِلَّا مِن ضَرِيعٍ (6) Олардың ашы,сасық тікенектен басқа ешбір тамағы болмайды |
| لَّا يُسْمِنُ وَلَا يُغْنِي مِن جُوعٍ (7) Ол семіртпейді де аштықты баспайды |
| وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ نَّاعِمَةٌ (8) Ол күні,кейбір жүздер шаттықта |
| لِّسَعْيِهَا رَاضِيَةٌ (9) Ғамалдарына разы |
| فِي جَنَّةٍ عَالِيَةٍ (10) Көтеріңкі баұшада |
| لَّا تَسْمَعُ فِيهَا لَاغِيَةً (11) Ол арада бір бос сөз естімейді |
| فِيهَا عَيْنٌ جَارِيَةٌ (12) Онда аққан бір бұлақ бар |
| فِيهَا سُرُرٌ مَّرْفُوعَةٌ (13) Онда биік дивандар бар |
| وَأَكْوَابٌ مَّوْضُوعَةٌ (14) Қойылған кіселер бар |
| وَنَمَارِقُ مَصْفُوفَةٌ (15) Тізілген жатықтар бар |
| وَزَرَابِيُّ مَبْثُوثَةٌ (16) Төселген төсеніштер бар |
| أَفَلَا يَنظُرُونَ إِلَى الْإِبِلِ كَيْفَ خُلِقَتْ (17) Олар,түйеге қарамай ма, қайтып жаратылған |
| وَإِلَى السَّمَاءِ كَيْفَ رُفِعَتْ (18) Олар,аспанға қарамай ма,қайтіп көтерілген |
| وَإِلَى الْجِبَالِ كَيْفَ نُصِبَتْ (19) Олар,тауларға қарамай ма? Қайтіп тігілген |
| وَإِلَى الْأَرْضِ كَيْفَ سُطِحَتْ (20) Олар,жерге қамамай ма,қайтып төселген |
| فَذَكِّرْ إِنَّمَا أَنتَ مُذَكِّرٌ (21) (Мұхаммед Ғ.С) ал енді насихат ет; негізінен сен бір насихатшысың |
| لَّسْتَ عَلَيْهِم بِمُصَيْطِرٍ (22) Сен оларды зорлаушы емессің |
| إِلَّا مَن تَوَلَّىٰ وَكَفَرَ (23) Бірақ әлде кім бет бұрса,қарсы келсе |
| فَيُعَذِّبُهُ اللَّهُ الْعَذَابَ الْأَكْبَرَ (24) Сонда Алла,оны зор азаппен қинайды |
| إِنَّ إِلَيْنَا إِيَابَهُمْ (25) Расында олардың қайтар жері Біз жақ |
| ثُمَّ إِنَّ عَلَيْنَا حِسَابَهُم (26) Сосын сөз жоқ. Олардың есебі Бізге тән |