يَا أَيُّهَا الْمُزَّمِّلُ (1) Әй бүркеніп жатушы (Мұхаммед Ғ.С) |
قُمِ اللَّيْلَ إِلَّا قَلِيلًا (2) Түнде тұр. Бірақ аз ұйықта |
نِّصْفَهُ أَوِ انقُصْ مِنْهُ قَلِيلًا (3) Түннің жарымын немесе одан да аздап кеміт |
أَوْ زِدْ عَلَيْهِ وَرَتِّلِ الْقُرْآنَ تَرْتِيلًا (4) Не оған бігаз қос. (Түннің жартысында не одан аз, я көп тұруда еріктісің.) Сондай-ақ Құранды өте анықтап оқы. (Намаз парыз болудан бұрын, түнде ояу тұру парыз болған. А.Т.Х) |
إِنَّا سَنُلْقِي عَلَيْكَ قَوْلًا ثَقِيلًا (5) Әрине саған салмақты (маңызды) Құранды түсіреміз |
إِنَّ نَاشِئَةَ اللَّيْلِ هِيَ أَشَدُّ وَطْئًا وَأَقْوَمُ قِيلًا (6) Шын мәнінде түнде тұру, нәпсіге әсерлі, оқуға қолайлы |
إِنَّ لَكَ فِي النَّهَارِ سَبْحًا طَوِيلًا (7) Расында күндіз сенің ұзын жұмысын бар |
وَاذْكُرِ اسْمَ رَبِّكَ وَتَبَتَّلْ إِلَيْهِ تَبْتِيلًا (8) Раббыңның атын дәріптеп, әр нәрседен аулақ болып, Оған нағыз жөнел |
رَّبُّ الْمَشْرِقِ وَالْمَغْرِبِ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ فَاتَّخِذْهُ وَكِيلًا (9) Ол, шығыстың да батыстың да Раббы. Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Сондықтан Оны ие тұт |
وَاصْبِرْ عَلَىٰ مَا يَقُولُونَ وَاهْجُرْهُمْ هَجْرًا جَمِيلًا (10) Олардың айтқандарына сабыр ет. Олардан сыпайы түрде айрыл |
وَذَرْنِي وَالْمُكَذِّبِينَ أُولِي النَّعْمَةِ وَمَهِّلْهُمْ قَلِيلًا (11) Жасынға шығүрушы ырыс иелерін Маған таста. Оларға біраз мұрсат бер. (С. 23-А) |
إِنَّ لَدَيْنَا أَنكَالًا وَجَحِيمًا (12) Расында Біздің алдымызда боғаулар және тозақ бар |
وَطَعَامًا ذَا غُصَّةٍ وَعَذَابًا أَلِيمًا (13) Қақалатын тамақ әрі жан түршігерлік азап бар |
يَوْمَ تَرْجُفُ الْأَرْضُ وَالْجِبَالُ وَكَانَتِ الْجِبَالُ كَثِيبًا مَّهِيلًا (14) Сол күні, жер мен таулар қозғалады да таулар құм боп жиналады |
إِنَّا أَرْسَلْنَا إِلَيْكُمْ رَسُولًا شَاهِدًا عَلَيْكُمْ كَمَا أَرْسَلْنَا إِلَىٰ فِرْعَوْنَ رَسُولًا (15) Расында Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куә түрінде Пайғамбар жібердік |
فَعَصَىٰ فِرْعَوْنُ الرَّسُولَ فَأَخَذْنَاهُ أَخْذًا وَبِيلًا (16) Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық |
فَكَيْفَ تَتَّقُونَ إِن كَفَرْتُمْ يَوْمًا يَجْعَلُ الْوِلْدَانَ شِيبًا (17) Егер қарсы келсеңдер, балалардың да шашын ағартатын күннен қайтып сақтанасыңдар |
السَّمَاءُ مُنفَطِرٌ بِهِ ۚ كَانَ وَعْدُهُ مَفْعُولًا (18) Ол күннің зардабынан көк жарылады, Алланың уәдесі орындалады |
إِنَّ هَٰذِهِ تَذْكِرَةٌ ۖ فَمَن شَاءَ اتَّخَذَ إِلَىٰ رَبِّهِ سَبِيلًا (19) Расында бұл бір насихат. Ал енді кім қаласа, Раббының жолын ұстайды |
۞ إِنَّ رَبَّكَ يَعْلَمُ أَنَّكَ تَقُومُ أَدْنَىٰ مِن ثُلُثَيِ اللَّيْلِ وَنِصْفَهُ وَثُلُثَهُ وَطَائِفَةٌ مِّنَ الَّذِينَ مَعَكَ ۚ وَاللَّهُ يُقَدِّرُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ ۚ عَلِمَ أَن لَّن تُحْصُوهُ فَتَابَ عَلَيْكُمْ ۖ فَاقْرَءُوا مَا تَيَسَّرَ مِنَ الْقُرْآنِ ۚ عَلِمَ أَن سَيَكُونُ مِنكُم مَّرْضَىٰ ۙ وَآخَرُونَ يَضْرِبُونَ فِي الْأَرْضِ يَبْتَغُونَ مِن فَضْلِ اللَّهِ ۙ وَآخَرُونَ يُقَاتِلُونَ فِي سَبِيلِ اللَّهِ ۖ فَاقْرَءُوا مَا تَيَسَّرَ مِنْهُ ۚ وَأَقِيمُوا الصَّلَاةَ وَآتُوا الزَّكَاةَ وَأَقْرِضُوا اللَّهَ قَرْضًا حَسَنًا ۚ وَمَا تُقَدِّمُوا لِأَنفُسِكُم مِّنْ خَيْرٍ تَجِدُوهُ عِندَ اللَّهِ هُوَ خَيْرًا وَأَعْظَمَ أَجْرًا ۚ وَاسْتَغْفِرُوا اللَّهَ ۖ إِنَّ اللَّهَ غَفُورٌ رَّحِيمٌ (20) (Мұхаммед Ғ.С.) сөз жоқ, Раббың, сенің әрі сенімен бірге болғандардан бір топтың, түннің үштен екісіне жақынырақ, жартысында, үштен бір шамасында намазға тұрғаныңды біледі. Сондай-ақ Алла, ттнімен күндізді шамалайды. Оған сендердің есептей алмайтындықтарың мәлім. Сондықтан сендерге рахым қылды. (Түнде тұруды қалдырды. Б.Ж.М.) Ал енді Құраннан жеңіл келгенін оқыңдар. Сендерден науқас болғандар, басқалай Алланың мәрхаметінен несібе іздеп, жер жүзінде кезгендер, тағы басқа Алла жолында соғысқандар Аллаға мәлім. Ендеше Құраннан оңай келгенін оқыңдар. Және намазды толық орындаңдар да зекет беріңдер. Алла үшін көркем қарыз беріңдер. Және өздерің үшін алдын ала хайыр істесеңдер, оны Алланың қасында жақсы, зор сыйлық түрінде табасыңдар. Алладан жарылқау тілеңдер. Шын мәнінде Алла, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді |