القرآن باللغة الكازاخستانية - سورة الواقعة مترجمة إلى اللغة الكازاخستانية، Surah Waqiah in Kazakh. نوفر ترجمة دقيقة سورة الواقعة باللغة الكازاخستانية - Kazakh, الآيات 96 - رقم السورة 56 - الصفحة 534.

| إِذَا وَقَعَتِ الْوَاقِعَةُ (1) Қиямет уақиғасы болған кезде |
| لَيْسَ لِوَقْعَتِهَا كَاذِبَةٌ (2) Оның болуын өтірік деуші болмас |
| خَافِضَةٌ رَّافِعَةٌ (3) (Ол) төмендетеді, жоғарлатады |
| إِذَا رُجَّتِ الْأَرْضُ رَجًّا (4) Сол уақытта жер тұтас сілкіндіріледі |
| وَبُسَّتِ الْجِبَالُ بَسًّا (5) Таулар мүлде үгітіледі |
| فَكَانَتْ هَبَاءً مُّنبَثًّا (6) Ұшқан тозаңдай болады |
| وَكُنتُمْ أَزْوَاجًا ثَلَاثَةً (7) Сол уақытта сендер үш бөлімге бөлінесіңдер |
| فَأَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَيْمَنَةِ (8) (Ғамал дәптері оңынан берілген) оңшылдар, нендей жақсы ол оңшылдар |
| وَأَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ مَا أَصْحَابُ الْمَشْأَمَةِ (9) (Ғамал дәптері солынан берілген) солшылдар, нендей жаман ол солшылдар |
| وَالسَّابِقُونَ السَّابِقُونَ (10) Озаттар алдынғы қатарда болады |
| أُولَٰئِكَ الْمُقَرَّبُونَ (11) Міне солар, Аллаға жақын болғандар |
| فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ (12) Ұжмақта нығметке бөленеді |
| ثُلَّةٌ مِّنَ الْأَوَّلِينَ (13) Бұрынғылардан көбірек |
| وَقَلِيلٌ مِّنَ الْآخِرِينَ (14) Соңғылардан азырақ |
| عَلَىٰ سُرُرٍ مَّوْضُونَةٍ (15) Безенген тақтар үстінде |
| مُّتَّكِئِينَ عَلَيْهَا مُتَقَابِلِينَ (16) Олардың үстінде ерсілі-қарсылы отырады |
| يَطُوفُ عَلَيْهِمْ وِلْدَانٌ مُّخَلَّدُونَ (17) Оларға өзгермес жастар айналып, қызмет етеді |
| بِأَكْوَابٍ وَأَبَارِيقَ وَكَأْسٍ مِّن مَّعِينٍ (18) Ағып жатқан арақтан толтырылған шелектер, құмандар және кәселерменен |
| لَّا يُصَدَّعُونَ عَنْهَا وَلَا يُنزِفُونَ (19) Ол; бас ауыртпайды да мас қылмайды |
| وَفَاكِهَةٍ مِّمَّا يَتَخَيَّرُونَ (20) Қалаған жемістері бар |
| وَلَحْمِ طَيْرٍ مِّمَّا يَشْتَهُونَ (21) Көңілдері соққан құс еті бар |
| وَحُورٌ عِينٌ (22) Бота көз хұрлар бар |
| كَأَمْثَالِ اللُّؤْلُؤِ الْمَكْنُونِ (23) Сақтаулы інжу сияқты |
| جَزَاءً بِمَا كَانُوا يَعْمَلُونَ (24) Бұл істеген ғамалдарының сыйлығы |
| لَا يَسْمَعُونَ فِيهَا لَغْوًا وَلَا تَأْثِيمًا (25) Олар жаннатта бос не күнәлы сөз естімейді |
| إِلَّا قِيلًا سَلَامًا سَلَامًا (26) Бірақ "Сәлем, сәлем" деген сөзді ғана естиді |
| وَأَصْحَابُ الْيَمِينِ مَا أَصْحَابُ الْيَمِينِ (27) Оңшылдар, ол оңшылдар нендей бақытты |
| فِي سِدْرٍ مَّخْضُودٍ (28) Олар тікенсіз сидыр (ағаштары) |
| وَطَلْحٍ مَّنضُودٍ (29) Жемістері үсті-үстіне шоғырланған мұз (банан) ағаштарының |
| وَظِلٍّ مَّمْدُودٍ (30) Созылған көлеңкенің астында болады |
| وَمَاءٍ مَّسْكُوبٍ (31) Сарқырап аққан су бар |
| وَفَاكِهَةٍ كَثِيرَةٍ (32) Мол жеміс бар |
| لَّا مَقْطُوعَةٍ وَلَا مَمْنُوعَةٍ (33) Ешбір түгеп, үзілмейтін, ешкім қорымайтын |
| وَفُرُشٍ مَّرْفُوعَةٍ (34) Биік төсектерде болады |
| إِنَّا أَنشَأْنَاهُنَّ إِنشَاءً (35) Расында хұр қыздарын жаңадан жаратамыз. (Немесе жаннаттық әйелдерді қайтадан жаратамыз.Б) |
| فَجَعَلْنَاهُنَّ أَبْكَارًا (36) Оларды ер көрмеген қыздар етіп, жаратамыз |
| عُرُبًا أَتْرَابًا (37) Күйеуін сүйгіш құрдас болады |
| لِّأَصْحَابِ الْيَمِينِ (38) Бұл айтылғандар, оңшылдар үшін болады |
| ثُلَّةٌ مِّنَ الْأَوَّلِينَ (39) Бір топ бұрынғылардан |
| وَثُلَّةٌ مِّنَ الْآخِرِينَ (40) Бір топ соңғылардан |
| وَأَصْحَابُ الشِّمَالِ مَا أَصْحَابُ الشِّمَالِ (41) Солшылдар, сол шолшылдар невдей сұмырай |
| فِي سَمُومٍ وَحَمِيمٍ (42) Олар ыстық бу, қайнар суда болады |
| وَظِلٍّ مِّن يَحْمُومٍ (43) Қара түнек көлеңкеде болады |
| لَّا بَارِدٍ وَلَا كَرِيمٍ (44) Салқын да емес, жайлы да емес |
| إِنَّهُمْ كَانُوا قَبْلَ ذَٰلِكَ مُتْرَفِينَ (45) Өйткені олар, бұдан бұрын (дүниеде) тоң мойын әуесқорлар еді |
| وَكَانُوا يُصِرُّونَ عَلَى الْحِنثِ الْعَظِيمِ (46) Зор күнәда қасарысушы еді |
| وَكَانُوا يَقُولُونَ أَئِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ (47) Өліп, топырақ және сүйектер болсақ та шын тірілеміз бе?",- дейді |
| أَوَآبَاؤُنَا الْأَوَّلُونَ (48) Бұрынғы аталарымыз да тіріле ме?",- (дейді) |
| قُلْ إِنَّ الْأَوَّلِينَ وَالْآخِرِينَ (49) (Мұхаммед Ғ.С.): "Сөзсіз бұрынғылар да, соңғылар да.",- де |
| لَمَجْمُوعُونَ إِلَىٰ مِيقَاتِ يَوْمٍ مَّعْلُومٍ (50) Әлбетте, мәлім күнде белгілі орынға жиналады" (де) |
| ثُمَّ إِنَّكُمْ أَيُّهَا الضَّالُّونَ الْمُكَذِّبُونَ (51) Сосын сендер әй адасқан өтірікшілер |
| لَآكِلُونَ مِن شَجَرٍ مِّن زَقُّومٍ (52) Әлбетте ағаштан, Заққұмнан жейсіңдер |
| فَمَالِئُونَ مِنْهَا الْبُطُونَ (53) Одан қарындарыңды толтырасыңдар |
| فَشَارِبُونَ عَلَيْهِ مِنَ الْحَمِيمِ (54) Оның үстіне қайнар судан ішесіңдер |
| فَشَارِبُونَ شُرْبَ الْهِيمِ (55) Шөлдеген түйеше, сіміресіңдер |
| هَٰذَا نُزُلُهُمْ يَوْمَ الدِّينِ (56) Міне олардың қиямет күнгі сыйлықтары |
| نَحْنُ خَلَقْنَاكُمْ فَلَوْلَا تُصَدِّقُونَ (57) Сендерді Біз жараттық. Сонда неге мойындамайсыңдар |
| أَفَرَأَيْتُم مَّا تُمْنُونَ (58) Сендер тамызған мәни суын көрдіңдер ме |
| أَأَنتُمْ تَخْلُقُونَهُ أَمْ نَحْنُ الْخَالِقُونَ (59) Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратмыз ба |
| نَحْنُ قَدَّرْنَا بَيْنَكُمُ الْمَوْتَ وَمَا نَحْنُ بِمَسْبُوقِينَ (60) Біз араларыңда өлімді белгіледік. Бізден ешкім озалмайды |
| عَلَىٰ أَن نُّبَدِّلَ أَمْثَالَكُمْ وَنُنشِئَكُمْ فِي مَا لَا تَعْلَمُونَ (61) Сендердің бейнелеріңді өзгертіп, сендер білмегенді жарата аламыз |
| وَلَقَدْ عَلِمْتُمُ النَّشْأَةَ الْأُولَىٰ فَلَوْلَا تَذَكَّرُونَ (62) Расында бұрынғы жаратуды білесіңдер, ендеше түсінбейсіңдер ме |
| أَفَرَأَيْتُم مَّا تَحْرُثُونَ (63) Ал енді еккендеріңді көрдіңдер ме |
| أَأَنتُمْ تَزْرَعُونَهُ أَمْ نَحْنُ الزَّارِعُونَ (64) Оны сендер өсіресіңдер ме? Не Біз өсіреміз бе |
| لَوْ نَشَاءُ لَجَعَلْنَاهُ حُطَامًا فَظَلْتُمْ تَفَكَّهُونَ (65) Егер қаласақ, оны қоқымға айналдырар едік. Сонда күңкілдесе берер едіңдер |
| إِنَّا لَمُغْرَمُونَ (66) Расында зиянға ұшырадық |
| بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ (67) Тіпті мүлде бос қалдық" (дер едіңдер) |
| أَفَرَأَيْتُمُ الْمَاءَ الَّذِي تَشْرَبُونَ (68) Ішкен суларыңды көрдіңдер ме |
| أَأَنتُمْ أَنزَلْتُمُوهُ مِنَ الْمُزْنِ أَمْ نَحْنُ الْمُنزِلُونَ (69) Оны бұлттан сендер жаудырасыңдар ма? Немесе Біз жаудырамыз ба |
| لَوْ نَشَاءُ جَعَلْنَاهُ أُجَاجًا فَلَوْلَا تَشْكُرُونَ (70) Егер қаласақ оны ащы қылар едік. Ендеше, шүкір етпейсіңдер ме |
| أَفَرَأَيْتُمُ النَّارَ الَّتِي تُورُونَ (71) Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме |
| أَأَنتُمْ أَنشَأْتُمْ شَجَرَتَهَا أَمْ نَحْنُ الْمُنشِئُونَ (72) Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па |
| نَحْنُ جَعَلْنَاهَا تَذْكِرَةً وَمَتَاعًا لِّلْمُقْوِينَ (73) Біз оны бір ескерткіш және жүргіншілер үшін пайдалы қылдық |
| فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ (74) (Мұхаммед Ғ.С.) Ендеше Раббыңды ұлы атымен дәріпте |
| ۞ فَلَا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ (75) Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін |
| وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَّوْ تَعْلَمُونَ عَظِيمٌ (76) Егер білсеңдер, ол, зор серт |
| إِنَّهُ لَقُرْآنٌ كَرِيمٌ (77) Шын мәнінде ол ардақты Құран |
| فِي كِتَابٍ مَّكْنُونٍ (78) Кітапта (Лаухы Махфүзда. Б.М.Р.) сақтаулы |
| لَّا يَمَسُّهُ إِلَّا الْمُطَهَّرُونَ (79) Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды. (Дәретсіз кісі ұстамайды) |
| تَنزِيلٌ مِّن رَّبِّ الْعَالَمِينَ (80) Әлемдердің Раббы жақтан түсірілген |
| أَفَبِهَٰذَا الْحَدِيثِ أَنتُم مُّدْهِنُونَ (81) Сендер осы сөзді құр көресіңдер ме |
| وَتَجْعَلُونَ رِزْقَكُمْ أَنَّكُمْ تُكَذِّبُونَ (82) Расында берген ризыққа шүкір етудің орнына оны жасынға шығарасыңдар ма? (Ж) |
| فَلَوْلَا إِذَا بَلَغَتِ الْحُلْقُومَ (83) Ал жан жұтқыншаққа келген кезде |
| وَأَنتُمْ حِينَئِذٍ تَنظُرُونَ (84) Сол уақытта сендер қарап қаласыңдар |
| وَنَحْنُ أَقْرَبُ إِلَيْهِ مِنكُمْ وَلَٰكِن لَّا تُبْصِرُونَ (85) Негізінде ол өліп бара жатқанға Біз жақынырақпыз. Сендер көрмейсіңдер |
| فَلَوْلَا إِن كُنتُمْ غَيْرَ مَدِينِينَ (86) Ал сонда егер жазаланбайтын болсаңдар |
| تَرْجِعُونَهَا إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ (87) Егер шын айтсаңдар, оның жанын қайтарыңдаршы |
| فَأَمَّا إِن كَانَ مِنَ الْمُقَرَّبِينَ (88) Ал егер өлген кісі, Аллаға жақындардан болса |
| فَرَوْحٌ وَرَيْحَانٌ وَجَنَّتُ نَعِيمٍ (89) Сонда оған рахатты шаттық әрі нығметті ұжмақ бар |
| وَأَمَّا إِن كَانَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ (90) Ал енді өлі оңшылдардан болса |
| فَسَلَامٌ لَّكَ مِنْ أَصْحَابِ الْيَمِينِ (91) Саған оңшылдардан, "Сәлем" (делінеді) |
| وَأَمَّا إِن كَانَ مِنَ الْمُكَذِّبِينَ الضَّالِّينَ (92) Егер өлі, жасынға шығарушы адасқандардан болса |
| فَنُزُلٌ مِّنْ حَمِيمٍ (93) Сонда оның қонақ асысы, қайнар судан болады |
| وَتَصْلِيَةُ جَحِيمٍ (94) Әрі тозаққа салынады |
| إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ حَقُّ الْيَقِينِ (95) Сөзсіз міне анық шындық осы |
| فَسَبِّحْ بِاسْمِ رَبِّكَ الْعَظِيمِ (96) (Мұхаммед Ғ.С.) үлы Раббыңды атымен дәріпте |