اقْرَأْ بِاسْمِ رَبِّكَ الَّذِي خَلَقَ (1) Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы |
خَلَقَ الْإِنسَانَ مِنْ عَلَقٍ (2) Ол,адам баласын ұйыған қаннан жаратқан |
اقْرَأْ وَرَبُّكَ الْأَكْرَمُ (3) Оқы!Ол Раббың аса ардақты |
الَّذِي عَلَّمَ بِالْقَلَمِ (4) Сондай қаламмен үйреткен |
عَلَّمَ الْإِنسَانَ مَا لَمْ يَعْلَمْ (5) Ол,адамзатқа білмеген нәрселерін үйреткен |
كَلَّا إِنَّ الْإِنسَانَ لَيَطْغَىٰ (6) Сөз жоқ,адам баласы әрине азады |
أَن رَّآهُ اسْتَغْنَىٰ (7) Ол,өзін мұңсыз көргендіктен |
إِنَّ إِلَىٰ رَبِّكَ الرُّجْعَىٰ (8) Шын мәнінде қайту Раббың жақ |
أَرَأَيْتَ الَّذِي يَنْهَىٰ (9) Көрдің бе,сондай тыйым салғанды |
عَبْدًا إِذَا صَلَّىٰ (10) Бір құл намаз оқыған сәтте.(Әбу Жаһіл: «Мұхаммед намаз оқыса,басын мылжалаймын» деген екен.Б.Ж.К.М.Р) |
أَرَأَيْتَ إِن كَانَ عَلَى الْهُدَىٰ (11) Көрдің бе?Егер ол (Мұхаммед Ғ.С) тура жолда болса да |
أَوْ أَمَرَ بِالتَّقْوَىٰ (12) Немесе тақуалықты бұйырған болса да |
أَرَأَيْتَ إِن كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ (13) Көрдің бе,егер ол (адам,хақты) өтіріксініп,бет бұрған болса |
أَلَمْ يَعْلَم بِأَنَّ اللَّهَ يَرَىٰ (14) Негізінен Алланың көріп тұрғанын білмез ме |
كَلَّا لَئِن لَّمْ يَنتَهِ لَنَسْفَعًا بِالنَّاصِيَةِ (15) Жоқ,егер ол,бұдан тыйылмаса,әлбетте кекілінен сүйрейміз |
نَاصِيَةٍ كَاذِبَةٍ خَاطِئَةٍ (16) Өтірікші,күнәкардың кекілінен |
فَلْيَدْعُ نَادِيَهُ (17) Сонда ол,сыбайлатарын шақырсын |
سَنَدْعُ الزَّبَانِيَةَ (18) Дереу тозақтың басқарушыларын шақырамыз |
كَلَّا لَا تُطِعْهُ وَاسْجُدْ وَاقْتَرِب ۩ (19) Олай емес,(Мұхаммед Ғ.С) оған бағынба,Аллаға сәжде қыл,жақында |