ن ۚ وَالْقَلَمِ وَمَا يَسْطُرُونَ (1) Нұн: (Ұғымын Алла біледі.) Қалам әрі оның жазған нәрселеріне серт |
مَا أَنتَ بِنِعْمَةِ رَبِّكَ بِمَجْنُونٍ (2) (Мұхаммед Ғ.С.) Сен Раббыңның мәрхаметінде жынды емессің |
وَإِنَّ لَكَ لَأَجْرًا غَيْرَ مَمْنُونٍ (3) Сөзсіз сен үшін таусылмайтын бір сыйлық бар |
وَإِنَّكَ لَعَلَىٰ خُلُقٍ عَظِيمٍ (4) Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің |
فَسَتُبْصِرُ وَيُبْصِرُونَ (5) Енді таяуда сен де көресің, олар да көреді |
بِأَييِّكُمُ الْمَفْتُونُ (6) Жындылық қайсыларыңда екен |
إِنَّ رَبَّكَ هُوَ أَعْلَمُ بِمَن ضَلَّ عَن سَبِيلِهِ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ (7) Күдіксіз Раббың кімнің жолынан адасқанын жақсы біледі. Және тура жолдағыны да біледі |
فَلَا تُطِعِ الْمُكَذِّبِينَ (8) Ендеше, өтірікшілерге бой ұсынба |
وَدُّوا لَوْ تُدْهِنُ فَيُدْهِنُونَ (9) Егер сен босасаң сонда олардың да босағылары келеді. (Оларды бұттардан тыймасаң сонда оларда жұмсайды. Б.М) |
وَلَا تُطِعْ كُلَّ حَلَّافٍ مَّهِينٍ (10) (Мұхаммед Ғ.С.) әрбір көп ант ішкен ынжықтарга бой ұсынба |
هَمَّازٍ مَّشَّاءٍ بِنَمِيمٍ (11) Өте айыптағыш, өсек тасығышқа да |
مَّنَّاعٍ لِّلْخَيْرِ مُعْتَدٍ أَثِيمٍ (12) Жақсылыққа тыйым салушы, шектен шығушы күнәкарға да |
عُتُلٍّ بَعْدَ ذَٰلِكَ زَنِيمٍ (13) Сотқар, сондай-ақ тексізге де, (Мұғаияра ұлы Уәлід) |
أَن كَانَ ذَا مَالٍ وَبَنِينَ (14) Бұлар малды, балалы болса да |
إِذَا تُتْلَىٰ عَلَيْهِ آيَاتُنَا قَالَ أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ (15) Оған аяттарымыз оқылған сәтте: "Бұрынғылардың ертегісі" деді |
سَنَسِمُهُ عَلَى الْخُرْطُومِ (16) Жуырда оның мұрнына дақ саламыз. (Тұмсығын тасқа тигіземіз.) (Бір жомарт адамның бақшасына мұрагер болған балалары, іштарлық еткендіктен апатқа ұшырайды. Б.М.Р.Х.Т) |
إِنَّا بَلَوْنَاهُمْ كَمَا بَلَوْنَا أَصْحَابَ الْجَنَّةِ إِذْ أَقْسَمُوا لَيَصْرِمُنَّهَا مُصْبِحِينَ (17) Бұларға бақша иелеріне пеле бергендей пеле бердік. Сол уақта олар, таң сәріден оның жемісін жинап алуға ант ішті |
وَلَا يَسْتَثْنُونَ (18) Алла қаласа демеді |
فَطَافَ عَلَيْهَا طَائِفٌ مِّن رَّبِّكَ وَهُمْ نَائِمُونَ (19) Олар ұйықтап жатқанда бақшаға бір апат айналды |
فَأَصْبَحَتْ كَالصَّرِيمِ (20) Бақша қара түнектей болды |
فَتَنَادَوْا مُصْبِحِينَ (21) Сонда олар, таң сәріден дабыстады |
أَنِ اغْدُوا عَلَىٰ حَرْثِكُمْ إِن كُنتُمْ صَارِمِينَ (22) Егер жеміс алатын болсаңдар, бақшаларыңа жүріңдер" деп |
فَانطَلَقُوا وَهُمْ يَتَخَافَتُونَ (23) Сонда олар сыбырласып, кетіп бара жатты |
أَن لَّا يَدْخُلَنَّهَا الْيَوْمَ عَلَيْكُم مِّسْكِينٌ (24) Бүгін бақшада сендерге ешбір міскін кірмесін" деп |
وَغَدَوْا عَلَىٰ حَرْدٍ قَادِرِينَ (25) Олар, ктші жете тұра таң сәріден оңаша кетті |
فَلَمَّا رَأَوْهَا قَالُوا إِنَّا لَضَالُّونَ (26) Сонда олар, бақшаны көрген сәтте: "Анық адасқан екенміз;",- десті |
بَلْ نَحْنُ مَحْرُومُونَ (27) Жоқ, біз құр қалған екенміз" (десті) |
قَالَ أَوْسَطُهُمْ أَلَمْ أَقُل لَّكُمْ لَوْلَا تُسَبِّحُونَ (28) Олардың орта көз қарастағысы: "Сендерге Алланы неге дәріптемейсіңдер демедім бө?",- деді |
قَالُوا سُبْحَانَ رَبِّنَا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ (29) Олар: "Раббымыз! Сені дәріптейміз. Расында залымдардан борған екеміз" десті |
فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَلَاوَمُونَ (30) Сонда олар, бір-біріне қарсы кінәласты |
قَالُوا يَا وَيْلَنَا إِنَّا كُنَّا طَاغِينَ (31) Нендей өкініш бізге, анық шектен шығушылардан болдық" десті |
عَسَىٰ رَبُّنَا أَن يُبْدِلَنَا خَيْرًا مِّنْهَا إِنَّا إِلَىٰ رَبِّنَا رَاغِبُونَ (32) Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз |
كَذَٰلِكَ الْعَذَابُ ۖ وَلَعَذَابُ الْآخِرَةِ أَكْبَرُ ۚ لَوْ كَانُوا يَعْلَمُونَ (33) Міне бейнет осындай. Әрине ахирет азабы тағы зор, егер олар білген болса |
إِنَّ لِلْمُتَّقِينَ عِندَ رَبِّهِمْ جَنَّاتِ النَّعِيمِ (34) Күдіксіз тақуалар үшін; Раббыларының қасында Нағым жаннаттары бар |
أَفَنَجْعَلُ الْمُسْلِمِينَ كَالْمُجْرِمِينَ (35) Бой ұсынушыларды, күнәкарлардай етеміз бе |
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ (36) Сендерге не болды, қалай үкім бересіңдер |
أَمْ لَكُمْ كِتَابٌ فِيهِ تَدْرُسُونَ (37) Немесе оқитын бір кітаптарың бар ма |
إِنَّ لَكُمْ فِيهِ لَمَا تَخَيَّرُونَ (38) Расында онда сендердің ұнатқандарың бар ма |
أَمْ لَكُمْ أَيْمَانٌ عَلَيْنَا بَالِغَةٌ إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ ۙ إِنَّ لَكُمْ لَمَا تَحْكُمُونَ (39) Немесе сендер үшін Бізге қарсы қияметке дейін жалғасатын, шәксіз өз пайдаларыңа үкім берілетін бір ант бар ма |
سَلْهُمْ أَيُّهُم بِذَٰلِكَ زَعِيمٌ (40) (Мұхаммед Ғ.С.) олардан сұра: "Расында осыған олардың қайсылары жауапкер екен |
أَمْ لَهُمْ شُرَكَاءُ فَلْيَأْتُوا بِشُرَكَائِهِمْ إِن كَانُوا صَادِقِينَ (41) Не олардың ортақтары бар ма? Егер сөздері шын болса, ортақтарын әкелсін |
يَوْمَ يُكْشَفُ عَن سَاقٍ وَيُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ (42) Қиямет күні, балтыр ашылады. Олар сәждеге шақырылады, сәжде қыла алмайды |
خَاشِعَةً أَبْصَارُهُمْ تَرْهَقُهُمْ ذِلَّةٌ ۖ وَقَدْ كَانُوا يُدْعَوْنَ إِلَى السُّجُودِ وَهُمْ سَالِمُونَ (43) Олардың көздері сүлкиіп, ездерін қорлық баураған. Расында олар аман-сауында (дүниеде) сәждеге шақырылған болатын |
فَذَرْنِي وَمَن يُكَذِّبُ بِهَٰذَا الْحَدِيثِ ۖ سَنَسْتَدْرِجُهُم مِّنْ حَيْثُ لَا يَعْلَمُونَ (44) (Мұхаммед Ғ.С.) енді осы сөзді (Құранды) жасынға шығарғандарды Маған таста; оларды білмеген жақтан баяулап кеміте береміз |
وَأُمْلِي لَهُمْ ۚ إِنَّ كَيْدِي مَتِينٌ (45) Оларға мұрсат беремін. Шынында шараларым күшті |
أَمْ تَسْأَلُهُمْ أَجْرًا فَهُم مِّن مَّغْرَمٍ مُّثْقَلُونَ (46) (Мұхаммед Ғ.С.) немесе сен олардан жалақы сұрап, олар, ауыр зиянға ұшырады ма |
أَمْ عِندَهُمُ الْغَيْبُ فَهُمْ يَكْتُبُونَ (47) Не жасырын ғылым олардың жанында да олар соны жаза ма |
فَاصْبِرْ لِحُكْمِ رَبِّكَ وَلَا تَكُن كَصَاحِبِ الْحُوتِ إِذْ نَادَىٰ وَهُوَ مَكْظُومٌ (48) (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше Раббыңның үкімі бойынаша сабыр ет. Балық иесі (Юныс Ғ.С.) құсама. Сол уақытта ол, қайғыға булығып, жалбарынған болатын. (С. 139-147-А) |
لَّوْلَا أَن تَدَارَكَهُ نِعْمَةٌ مِّن رَّبِّهِ لَنُبِذَ بِالْعَرَاءِ وَهُوَ مَذْمُومٌ (49) Егер оған Раббынан бір нығмет болмаса еді, сонда ол, қорланған түрде қырға тасталар еді |
فَاجْتَبَاهُ رَبُّهُ فَجَعَلَهُ مِنَ الصَّالِحِينَ (50) Өйткені, Раббы оны таңдап жақсылардан етті |
وَإِن يَكَادُ الَّذِينَ كَفَرُوا لَيُزْلِقُونَكَ بِأَبْصَارِهِمْ لَمَّا سَمِعُوا الذِّكْرَ وَيَقُولُونَ إِنَّهُ لَمَجْنُونٌ (51) Расында қарсы келгендер, Құранды тыңдаған сәтте, олар көздерімен ішіп-жеп, сені жыға жаздайды. Және: "Ол анық жынды" дейді |
وَمَا هُوَ إِلَّا ذِكْرٌ لِّلْعَالَمِينَ (52) Негізінде бұл Құран әлемдерге насиқаттан басқа нәрсе емес |