يَا أَيُّهَا الْمُدَّثِّرُ (1) (Мұхаммед Ғ.С. алғаш Жебрейіл Ғ.С. ді көргенде қобалжып: "Жабыңдар, мені жабыңдар" деп жамылып жатады. Б.Ж.М.Р.) Әй жамылушы |
قُمْ فَأَنذِرْ (2) Түр енді! Адамдарға ескерт |
وَرَبَّكَ فَكَبِّرْ (3) Раббыңды ұлықта |
وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ (4) Киіміңді тазала |
وَالرُّجْزَ فَاهْجُرْ (5) Әр түрлі лас істерден аулақ бол |
وَلَا تَمْنُن تَسْتَكْثِرُ (6) (Қылған ісіңді) көп міндет қылма |
وَلِرَبِّكَ فَاصْبِرْ (7) Раббың үшін сабыр ет |
فَإِذَا نُقِرَ فِي النَّاقُورِ (8) Қашан Сұр ұрілсе |
فَذَٰلِكَ يَوْمَئِذٍ يَوْمٌ عَسِيرٌ (9) Міне сол күн, өте ауыр күн |
عَلَى الْكَافِرِينَ غَيْرُ يَسِيرٍ (10) Негізінен қарсы келушілерге қолайсыз. (Құрайш руынан Мұғайяра ұлы Уәлит Құранды әсерлі жады деген. Б.Ж.Р.М.Х.Т) |
ذَرْنِي وَمَنْ خَلَقْتُ وَحِيدًا (11) Мен жалғыз жаратқан кісіні өзіме таста |
وَجَعَلْتُ لَهُ مَالًا مَّمْدُودًا (12) Оған көптеген мал бердім |
وَبَنِينَ شُهُودًا (13) Әзір тұратын ұлдар бердім |
وَمَهَّدتُّ لَهُ تَمْهِيدًا (14) Оның жағдайын кеңітіп, ықпалын арттырдым |
ثُمَّ يَطْمَعُ أَنْ أَزِيدَ (15) Сосын тағы да арттыра түсуімді үміт етті |
كَلَّا ۖ إِنَّهُ كَانَ لِآيَاتِنَا عَنِيدًا (16) Әсте болмайды. Өйткені ол, қасарысқан еді |
سَأُرْهِقُهُ صَعُودًا (17) Жақында оны өрге зорлаймын |
إِنَّهُ فَكَّرَ وَقَدَّرَ (18) Өйткені ол, ойластырып, шамалады |
فَقُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ (19) Сосын ол өлгір, қалай шамалады |
ثُمَّ قُتِلَ كَيْفَ قَدَّرَ (20) Содан кейін ол жаны шыққыр, қайтып мөлшерледі |
ثُمَّ نَظَرَ (21) Сосын ол, қарады |
ثُمَّ عَبَسَ وَبَسَرَ (22) Содан кейін ол, қабағын шытып, томсарды |
ثُمَّ أَدْبَرَ وَاسْتَكْبَرَ (23) Сосын ол, теріс айналып паңданды |
فَقَالَ إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ يُؤْثَرُ (24) Сонда ол: "Бұл, үйретіліп келе жатқан бір сиқыр" деді |
إِنْ هَٰذَا إِلَّا قَوْلُ الْبَشَرِ (25) Бұл, адамның ғана сөзі |
سَأُصْلِيهِ سَقَرَ (26) Оны жағатын тозаққа саламын |
وَمَا أَدْرَاكَ مَا سَقَرُ (27) Ол тозақтың не екенін қайдан білдің |
لَا تُبْقِي وَلَا تَذَرُ (28) Кейін қалдырмайды да шала тастамайды |
لَوَّاحَةٌ لِّلْبَشَرِ (29) Ол, адам терісін өртеп кетеді |
عَلَيْهَا تِسْعَةَ عَشَرَ (30) Оған он тоғыз (періште) қарайды |
وَمَا جَعَلْنَا أَصْحَابَ النَّارِ إِلَّا مَلَائِكَةً ۙ وَمَا جَعَلْنَا عِدَّتَهُمْ إِلَّا فِتْنَةً لِّلَّذِينَ كَفَرُوا لِيَسْتَيْقِنَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ وَيَزْدَادَ الَّذِينَ آمَنُوا إِيمَانًا ۙ وَلَا يَرْتَابَ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ وَالْمُؤْمِنُونَ ۙ وَلِيَقُولَ الَّذِينَ فِي قُلُوبِهِم مَّرَضٌ وَالْكَافِرُونَ مَاذَا أَرَادَ اللَّهُ بِهَٰذَا مَثَلًا ۚ كَذَٰلِكَ يُضِلُّ اللَّهُ مَن يَشَاءُ وَيَهْدِي مَن يَشَاءُ ۚ وَمَا يَعْلَمُ جُنُودَ رَبِّكَ إِلَّا هُوَ ۚ وَمَا هِيَ إِلَّا ذِكْرَىٰ لِلْبَشَرِ (31) Тозақтың күзетшілерін періштелерден ғана қылдық. Сондай-ақ олардың сандарын қарсы келушілерге анық бір сынау қылдық... Өздеріне кітап берілгендер, сенсін. (Олардың кітаптарында да он тоғыз жазылған. Б.Ж.М.) Әрі иман келтіргендердің сенімдері арта түссін. Кітап иелерімен мүміндер күмәнданбасын. Сондай-ақ жүректерінде дерті болғандар мен қарсы болғандар: "Алла, бүл мысалмен нені қалайды?",- десін. Осылайша Алла, қалағанын адастырып және кімді қаласа, тура жолға салады. Раббың жасақтарының санын өзі ғана біледі. Бұл адамдар үшін бір насихат |
كَلَّا وَالْقَمَرِ (32) Жоқ олай емес. Айға серт |
وَاللَّيْلِ إِذْ أَدْبَرَ (33) Қайтқан сәтте, түнге серт |
وَالصُّبْحِ إِذَا أَسْفَرَ (34) Ағарған сәтте, таңға серт |
إِنَّهَا لَإِحْدَى الْكُبَرِ (35) Шын мәнінде ол тозақ, әрине ірі уақиғаның бірі |
نَذِيرًا لِّلْبَشَرِ (36) Адамдар үшін ескерту |
لِمَن شَاءَ مِنكُمْ أَن يَتَقَدَّمَ أَوْ يَتَأَخَّرَ (37) Сендерден ілгері кетуді немесе кейін қалуды қалаған біреулер үшін ескерту |
كُلُّ نَفْسٍ بِمَا كَسَبَتْ رَهِينَةٌ (38) Әркім істеген ісінің орнына ұсталады. (С.21-А) |
إِلَّا أَصْحَابَ الْيَمِينِ (39) Бірақ ғамал дәптері оңынан берілгендер басқа. (С. 27-А) |
فِي جَنَّاتٍ يَتَسَاءَلُونَ (40) Олар жаннаттарда сұрасады |
عَنِ الْمُجْرِمِينَ (41) Қылмыстылардан |
مَا سَلَكَكُمْ فِي سَقَرَ (42) Сендерді тозаққа кіргізген не нәрсе |
قَالُوا لَمْ نَكُ مِنَ الْمُصَلِّينَ (43) Олар: "Біз намаз оқушылардан емес едік |
وَلَمْ نَكُ نُطْعِمُ الْمِسْكِينَ (44) Әрі міскінді тамақтандырмайтын едік |
وَكُنَّا نَخُوضُ مَعَ الْخَائِضِينَ (45) Бұзықтыққа кірісушілермен бірге кірісіп жүрген едік |
وَكُنَّا نُكَذِّبُ بِيَوْمِ الدِّينِ (46) Қиямет күнін өтірік деген едік |
حَتَّىٰ أَتَانَا الْيَقِينُ (47) Өзімізге өлім келгенге дейін (жалғаса берді" дейді) |
فَمَا تَنفَعُهُمْ شَفَاعَةُ الشَّافِعِينَ (48) Сонда оларға шапағатшылардың шапағаты пайда бермейді |
فَمَا لَهُمْ عَنِ التَّذْكِرَةِ مُعْرِضِينَ (49) Ал оларға насихаттан жалтаратын не болды |
كَأَنَّهُمْ حُمُرٌ مُّسْتَنفِرَةٌ (50) Олар мүлде үріккен құлан сияқты |
فَرَّتْ مِن قَسْوَرَةٍ (51) Арыстаннан қашқан |
بَلْ يُرِيدُ كُلُّ امْرِئٍ مِّنْهُمْ أَن يُؤْتَىٰ صُحُفًا مُّنَشَّرَةً (52) Жоқ, олардан әрбіреуі өзіне бір ашық нұсқа берілуін қалайды |
كَلَّا ۖ بَل لَّا يَخَافُونَ الْآخِرَةَ (53) Жоқ, олар ахиреттен қорықпайды |
كَلَّا إِنَّهُ تَذْكِرَةٌ (54) Олай емес. Шын мәнінде Құран бір насихат |
فَمَن شَاءَ ذَكَرَهُ (55) Кім қаласа, одан үгіт алады |
وَمَا يَذْكُرُونَ إِلَّا أَن يَشَاءَ اللَّهُ ۚ هُوَ أَهْلُ التَّقْوَىٰ وَأَهْلُ الْمَغْفِرَةِ (56) Алла қаламайынша, олар, үгіт ала алмайды. Ол Алла, қорқылуға лайық, жарылқау иесі |