وَاللَّيْلِ إِذَا يَغْشَىٰ (1) Қараңғылығы басқан сәтте,түнге |
وَالنَّهَارِ إِذَا تَجَلَّىٰ (2) Жарқыраған сәтте күндізге |
وَمَا خَلَقَ الذَّكَرَ وَالْأُنثَىٰ (3) Және еркек,ұрғашыны жаратқанға серт |
إِنَّ سَعْيَكُمْ لَشَتَّىٰ (4) Негізінен кәсіптерің түрлі-түрлі |
فَأَمَّا مَنْ أَعْطَىٰ وَاتَّقَىٰ (5) Ал енді әлде кім (Алла жолында) берсе,тақуалық қылса |
وَصَدَّقَ بِالْحُسْنَىٰ (6) Жақсылықты дұрыс деп білсе |
فَسَنُيَسِّرُهُ لِلْيُسْرَىٰ (7) Сонда оның жолын оңайластырамыз |
وَأَمَّا مَن بَخِلَ وَاسْتَغْنَىٰ (8) Ал енді әлде кім сараңдық істесе,елемесе |
وَكَذَّبَ بِالْحُسْنَىٰ (9) Жақсылықты жасынға шығарса |
فَسَنُيَسِّرُهُ لِلْعُسْرَىٰ (10) Сонда оның ауырлыққа ұшырауын оңайластырамыз |
وَمَا يُغْنِي عَنْهُ مَالُهُ إِذَا تَرَدَّىٰ (11) (Тозаққа) жығылған сәтте,оның малы оған пайда бермейді |
إِنَّ عَلَيْنَا لَلْهُدَىٰ (12) Негізінде тура жол көрсету бізге тән |
وَإِنَّ لَنَا لَلْآخِرَةَ وَالْأُولَىٰ (13) Сөз жоқ,ақирет те дүние де біздікі |
فَأَنذَرْتُكُمْ نَارًا تَلَظَّىٰ (14) Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім |
لَا يَصْلَاهَا إِلَّا الْأَشْقَى (15) Оған жауыздар ғана кіреді |
الَّذِي كَذَّبَ وَتَوَلَّىٰ (16) Сондай өтірік деп жалтарғандар |
وَسَيُجَنَّبُهَا الْأَتْقَى (17) Тақуарақ болған одан ұзақтастырылады |
الَّذِي يُؤْتِي مَالَهُ يَتَزَكَّىٰ (18) Сондай малын сарып қылып тазарғандар |
وَمَا لِأَحَدٍ عِندَهُ مِن نِّعْمَةٍ تُجْزَىٰ (19) Оның онда ешкімге берер еселі сыйлығы жоқ. (Біреудің өзіне істегенінің бодауы үшін емес) |
إِلَّا ابْتِغَاءَ وَجْهِ رَبِّهِ الْأَعْلَىٰ (20) Бірақ ұлы Раббының дидарына ғана іздейді |
وَلَسَوْفَ يَرْضَىٰ (21) Сондай ақ ол,таяуда разы болады |