طسم (1) Та. Син. Мим |
تِلْكَ آيَاتُ الْكِتَابِ الْمُبِينِ (2) Бұл ашық баян етуші Кітаптың аяттары |
نَتْلُو عَلَيْكَ مِن نَّبَإِ مُوسَىٰ وَفِرْعَوْنَ بِالْحَقِّ لِقَوْمٍ يُؤْمِنُونَ (3) (Мұхаммед Ғ.С.) саған Мұса (Ғ.С.) мен Перғауынның қиссасын сенетін ел үшін дұрыс оқимыз |
إِنَّ فِرْعَوْنَ عَلَا فِي الْأَرْضِ وَجَعَلَ أَهْلَهَا شِيَعًا يَسْتَضْعِفُ طَائِفَةً مِّنْهُمْ يُذَبِّحُ أَبْنَاءَهُمْ وَيَسْتَحْيِي نِسَاءَهُمْ ۚ إِنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُفْسِدِينَ (4) Рас Перғауын ол жерде зорекер болып, елін топтарға бөлді. Олардың бір тобын езіп, ұлдарын бауыздап, әйелдерін тірі қоятын еді. Өйткені ол, бұзақылардан еді |
وَنُرِيدُ أَن نَّمُنَّ عَلَى الَّذِينَ اسْتُضْعِفُوا فِي الْأَرْضِ وَنَجْعَلَهُمْ أَئِمَّةً وَنَجْعَلَهُمُ الْوَارِثِينَ (5) Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз |
وَنُمَكِّنَ لَهُمْ فِي الْأَرْضِ وَنُرِيَ فِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا مِنْهُم مَّا كَانُوا يَحْذَرُونَ (6) Оларды жерге (Мысырға) орналастыруды; Перғауын, Һаман және екеуінің әскерлеріне, бұлардың қорыққан нәрселерін көрсетуді қаладық |
وَأَوْحَيْنَا إِلَىٰ أُمِّ مُوسَىٰ أَنْ أَرْضِعِيهِ ۖ فَإِذَا خِفْتِ عَلَيْهِ فَأَلْقِيهِ فِي الْيَمِّ وَلَا تَخَافِي وَلَا تَحْزَنِي ۖ إِنَّا رَادُّوهُ إِلَيْكِ وَجَاعِلُوهُ مِنَ الْمُرْسَلِينَ (7) Мұсаның анасына: "Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да ктйіибе! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан қыламыз" деп, қөкейіне салдық |
فَالْتَقَطَهُ آلُ فِرْعَوْنَ لِيَكُونَ لَهُمْ عَدُوًّا وَحَزَنًا ۗ إِنَّ فِرْعَوْنَ وَهَامَانَ وَجُنُودَهُمَا كَانُوا خَاطِئِينَ (8) Сонда Перғауынның семьясы өздеріне қастас әрі қайғы болатын баланы тауып алды. Расында Перғауынмен Һаман әрі әскерлері қателесті |
وَقَالَتِ امْرَأَتُ فِرْعَوْنَ قُرَّتُ عَيْنٍ لِّي وَلَكَ ۖ لَا تَقْتُلُوهُ عَسَىٰ أَن يَنفَعَنَا أَوْ نَتَّخِذَهُ وَلَدًا وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ (9) Перғауынның әйелі: "Менің де сенің де көз қарашығымыз, оны өлтірмеңдер! Бәлкім бізге пайдасы тиер; немесе бала қып аламыз" деді. Өйткені олар, сезбеді |
وَأَصْبَحَ فُؤَادُ أُمِّ مُوسَىٰ فَارِغًا ۖ إِن كَادَتْ لَتُبْدِي بِهِ لَوْلَا أَن رَّبَطْنَا عَلَىٰ قَلْبِهَا لِتَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ (10) Мұсаның анасы бос ойларға батып, таң атырды. Егер жүрегін сенушілерден болуға бекемдемесек, оны білдіріп ала жаздады |
وَقَالَتْ لِأُخْتِهِ قُصِّيهِ ۖ فَبَصُرَتْ بِهِ عَن جُنُبٍ وَهُمْ لَا يَشْعُرُونَ (11) Анасы, Мұсаның әпекесіне: "Оның соңына түс" деді. Ол, олар сезбеген жақтан оны көздеді |
۞ وَحَرَّمْنَا عَلَيْهِ الْمَرَاضِعَ مِن قَبْلُ فَقَالَتْ هَلْ أَدُلُّكُمْ عَلَىٰ أَهْلِ بَيْتٍ يَكْفُلُونَهُ لَكُمْ وَهُمْ لَهُ نَاصِحُونَ (12) Бұрын емізушілерді оған арам еттік. (Бала бөтен омырауды ембей қойды.) Сонда оның әпекесі, Оларға: "Сендерге, оны сендер үшін бағатын, оған қамқор бір үйдің ішін көрсетейін бе?",-деді |
فَرَدَدْنَاهُ إِلَىٰ أُمِّهِ كَيْ تَقَرَّ عَيْنُهَا وَلَا تَحْزَنَ وَلِتَعْلَمَ أَنَّ وَعْدَ اللَّهِ حَقٌّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ (13) Сөйтіп оны, анасына көзайым болып, күйінбеуі, сондай-ақ Алланың уәдесінің хақ екендігін білу үшін қайтардық. Бірақ олардың көбі білмейді |
وَلَمَّا بَلَغَ أَشُدَّهُ وَاسْتَوَىٰ آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَكَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (14) (Мұса Ғ.С.) ержетіп, теңелген кезде, өзіне хикмет, ғылым бердік. Жақсылық істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз |
وَدَخَلَ الْمَدِينَةَ عَلَىٰ حِينِ غَفْلَةٍ مِّنْ أَهْلِهَا فَوَجَدَ فِيهَا رَجُلَيْنِ يَقْتَتِلَانِ هَٰذَا مِن شِيعَتِهِ وَهَٰذَا مِنْ عَدُوِّهِ ۖ فَاسْتَغَاثَهُ الَّذِي مِن شِيعَتِهِ عَلَى الَّذِي مِنْ عَدُوِّهِ فَوَكَزَهُ مُوسَىٰ فَقَضَىٰ عَلَيْهِ ۖ قَالَ هَٰذَا مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ ۖ إِنَّهُ عَدُوٌّ مُّضِلٌّ مُّبِينٌ (15) (Мұса Ғ.С.) елдің кәперсіз уақтында қалаға кірді де онда төбелесіп жатқан екі адам көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мұсадан көмек тіледі. Сонда Мұса (Ғ.С.) оны жүмырықпен ұрғанда оған қаза жетті. (Мұса Ғ.С.): "Бұл шайтан ісі. Өйткені ол ашық адастырушы дұшпан" деді |
قَالَ رَبِّ إِنِّي ظَلَمْتُ نَفْسِي فَاغْفِرْ لِي فَغَفَرَ لَهُ ۚ إِنَّهُ هُوَ الْغَفُورُ الرَّحِيمُ (16) Раббым! рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!",- деді. Сондықтан Алла, оны жарылқады. Өйткені Ол, тым жарылқаушы, ерекше мейірімді |
قَالَ رَبِّ بِمَا أَنْعَمْتَ عَلَيَّ فَلَنْ أَكُونَ ظَهِيرًا لِّلْمُجْرِمِينَ (17) Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін" деді |
فَأَصْبَحَ فِي الْمَدِينَةِ خَائِفًا يَتَرَقَّبُ فَإِذَا الَّذِي اسْتَنصَرَهُ بِالْأَمْسِ يَسْتَصْرِخُهُ ۚ قَالَ لَهُ مُوسَىٰ إِنَّكَ لَغَوِيٌّ مُّبِينٌ (18) Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Мұса (Ғ.С.) оған: "Сен анық адасқан екенсің" деді |
فَلَمَّا أَنْ أَرَادَ أَن يَبْطِشَ بِالَّذِي هُوَ عَدُوٌّ لَّهُمَا قَالَ يَا مُوسَىٰ أَتُرِيدُ أَن تَقْتُلَنِي كَمَا قَتَلْتَ نَفْسًا بِالْأَمْسِ ۖ إِن تُرِيدُ إِلَّا أَن تَكُونَ جَبَّارًا فِي الْأَرْضِ وَمَا تُرِيدُ أَن تَكُونَ مِنَ الْمُصْلِحِينَ (19) Сонда Мұса (Ғ.С.) екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте: "Әй Мұса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен Бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?",- деді |
وَجَاءَ رَجُلٌ مِّنْ أَقْصَى الْمَدِينَةِ يَسْعَىٰ قَالَ يَا مُوسَىٰ إِنَّ الْمَلَأَ يَأْتَمِرُونَ بِكَ لِيَقْتُلُوكَ فَاخْرُجْ إِنِّي لَكَ مِنَ النَّاصِحِينَ (20) Қаланың шетінен бір адам жүгіріп келіп: "Әй Мұса! Бастықтар сені өлтіруге кеңесіп жатыр. Дереу шығып кет! Шынында мен саған қамқорларданиын" деді |
فَخَرَجَ مِنْهَا خَائِفًا يَتَرَقَّبُ ۖ قَالَ رَبِّ نَجِّنِي مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ (21) Сонда Мұса (Ғ.С.) қорқа байқастап, қаладан шықты да: "Раббым! Мені залым елден құтқар!",- деді |
وَلَمَّا تَوَجَّهَ تِلْقَاءَ مَدْيَنَ قَالَ عَسَىٰ رَبِّي أَن يَهْدِيَنِي سَوَاءَ السَّبِيلِ (22) Ол, Мәдян жаққа жөнелген сәтте: "Раббымның, маған тура жол көрсетуін үміт етеиін" деді |
وَلَمَّا وَرَدَ مَاءَ مَدْيَنَ وَجَدَ عَلَيْهِ أُمَّةً مِّنَ النَّاسِ يَسْقُونَ وَوَجَدَ مِن دُونِهِمُ امْرَأَتَيْنِ تَذُودَانِ ۖ قَالَ مَا خَطْبُكُمَا ۖ قَالَتَا لَا نَسْقِي حَتَّىٰ يُصْدِرَ الرِّعَاءُ ۖ وَأَبُونَا شَيْخٌ كَبِيرٌ (23) Мәдян суына барган кезде, ол жерде мал суарған бір топ адам көреді. Тағы олардан өзге малдарын судан қайырып түрган екі әйел керді де: "Екеуіңнің бұйымтайларың не?",-деді. Екеуі: "Малшылар малдарын алып кеткенге дейін суара алмаймыз. Әкеміз кәрі шал" деді. (Бұлар Шұғайып (Ғ.С.) тың қыздары еді |
فَسَقَىٰ لَهُمَا ثُمَّ تَوَلَّىٰ إِلَى الظِّلِّ فَقَالَ رَبِّ إِنِّي لِمَا أَنزَلْتَ إِلَيَّ مِنْ خَيْرٍ فَقِيرٌ (24) Мұса (Ғ.С.) олардың малдарын суарды да сосын көлеңкеге бұрылып: "Раббым! Сен маған хайырдан не жіберсең мұхтажбын" деді |
فَجَاءَتْهُ إِحْدَاهُمَا تَمْشِي عَلَى اسْتِحْيَاءٍ قَالَتْ إِنَّ أَبِي يَدْعُوكَ لِيَجْزِيَكَ أَجْرَ مَا سَقَيْتَ لَنَا ۚ فَلَمَّا جَاءَهُ وَقَصَّ عَلَيْهِ الْقَصَصَ قَالَ لَا تَخَفْ ۖ نَجَوْتَ مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ (25) Сонда екі әйелдің бірі, ұялған түрде келіп: "Әкем, бізге мал суарып берген ақыңды беруге сені шақырады" деді. Мұса (Ғ.С.) Шұғайып (Ғ.С.) қа келген сәтте, оған қиссаларын баян қылды. Шұғайып (Ғ.С.): "Қорықпа! Залым елден құтылдың" деді |
قَالَتْ إِحْدَاهُمَا يَا أَبَتِ اسْتَأْجِرْهُ ۖ إِنَّ خَيْرَ مَنِ اسْتَأْجَرْتَ الْقَوِيُّ الْأَمِينُ (26) Екі қыздың бірі: "Әкетайым! Оны жалдап ал! Рас ол, жалдаған адамдардың хайырлысы да, күшті, сенімдісі" деді |
قَالَ إِنِّي أُرِيدُ أَنْ أُنكِحَكَ إِحْدَى ابْنَتَيَّ هَاتَيْنِ عَلَىٰ أَن تَأْجُرَنِي ثَمَانِيَ حِجَجٍ ۖ فَإِنْ أَتْمَمْتَ عَشْرًا فَمِنْ عِندِكَ ۖ وَمَا أُرِيدُ أَنْ أَشُقَّ عَلَيْكَ ۚ سَتَجِدُنِي إِن شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّالِحِينَ (27) (Қыздардың әкесі Мұса Ғ.С. ға): "Маған сегіз жыл жалға жүруіңе орай мына екі қызымның бірін саған некелендіргім келеді. Егер он жылға толтырсаң, ол сенің өз жаныңнан болады. Саған машақат қылуды қаламаймын. Алла қаласа, мені ізгілерден табарсың" деді |
قَالَ ذَٰلِكَ بَيْنِي وَبَيْنَكَ ۖ أَيَّمَا الْأَجَلَيْنِ قَضَيْتُ فَلَا عُدْوَانَ عَلَيَّ ۖ وَاللَّهُ عَلَىٰ مَا نَقُولُ وَكِيلٌ (28) (Мұса Ғ.С.): "Осы, мені мен сенің арамыздағы келісім бойынша, екі мезгілдің қайсысын орындасаи да маған қарсылық жоқ. Айтқанымызға Алла кепіл" деді |
۞ فَلَمَّا قَضَىٰ مُوسَى الْأَجَلَ وَسَارَ بِأَهْلِهِ آنَسَ مِن جَانِبِ الطُّورِ نَارًا قَالَ لِأَهْلِهِ امْكُثُوا إِنِّي آنَسْتُ نَارًا لَّعَلِّي آتِيكُم مِّنْهَا بِخَبَرٍ أَوْ جَذْوَةٍ مِّنَ النَّارِ لَعَلَّكُمْ تَصْطَلُونَ (29) Мұса (Ғ.С.) мерзімді бітіріп, жұбайымен жолға шыққанда, Тұр жақтан бір от көріп, жүбайына: "Тұра түрыңдаршы. Рас бір от көрдім. Бәлкім бір хабар немесе оттан бір шоқ әкелермін. Әрине сендер жылынарсыңдар" деді |
فَلَمَّا أَتَاهَا نُودِيَ مِن شَاطِئِ الْوَادِ الْأَيْمَنِ فِي الْبُقْعَةِ الْمُبَارَكَةِ مِنَ الشَّجَرَةِ أَن يَا مُوسَىٰ إِنِّي أَنَا اللَّهُ رَبُّ الْعَالَمِينَ (30) Ол жерге келген сәтте, мүбарак жердегі ойпаттың оң жагандагы ағаштың жанынан: "Әй Мұса! Рас Мен, әлемдердің Раббы Алламын" деп, дабысталды |
وَأَنْ أَلْقِ عَصَاكَ ۖ فَلَمَّا رَآهَا تَهْتَزُّ كَأَنَّهَا جَانٌّ وَلَّىٰ مُدْبِرًا وَلَمْ يُعَقِّبْ ۚ يَا مُوسَىٰ أَقْبِلْ وَلَا تَخَفْ ۖ إِنَّكَ مِنَ الْآمِنِينَ (31) Таяғыңды таста!" Сонда оны иреңдеген жылан тәрізді көріп, бұрыла артына қарамай жөнелді. "Әй Мұса! Бері бұрыл, қорықпа! Шынында сен амандықта болғандардансың |
اسْلُكْ يَدَكَ فِي جَيْبِكَ تَخْرُجْ بَيْضَاءَ مِنْ غَيْرِ سُوءٍ وَاضْمُمْ إِلَيْكَ جَنَاحَكَ مِنَ الرَّهْبِ ۖ فَذَانِكَ بُرْهَانَانِ مِن رَّبِّكَ إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمًا فَاسِقِينَ (32) Қолыңды қойныңа тық. Кесірсіз аппақ болып, шығады. Қорқудан салбыраған қолыңды жина! (Сүлкіме!) Бұл екеуі, Перғауынға да адамдарына да Раббыңның екі дәлелі. Өйткені олар бұзақы ел |
قَالَ رَبِّ إِنِّي قَتَلْتُ مِنْهُمْ نَفْسًا فَأَخَافُ أَن يَقْتُلُونِ (33) (Мұса Ғ.С.): "Раббым! Расында олардан кісі өлтірдім. Сондықтан олардың мені өлтіруінен қорқамын" деді |
وَأَخِي هَارُونُ هُوَ أَفْصَحُ مِنِّي لِسَانًا فَأَرْسِلْهُ مَعِيَ رِدْءًا يُصَدِّقُنِي ۖ إِنِّي أَخَافُ أَن يُكَذِّبُونِ (34) Туысым Һарүн тілде менен жаттығырақ. Сондықтан оны, менімен бірге көмекші етіп жібер де, мені жөптесін. Расында олардың жасынға шығаруынан қорқамын |
قَالَ سَنَشُدُّ عَضُدَكَ بِأَخِيكَ وَنَجْعَلُ لَكُمَا سُلْطَانًا فَلَا يَصِلُونَ إِلَيْكُمَا ۚ بِآيَاتِنَا أَنتُمَا وَمَنِ اتَّبَعَكُمَا الْغَالِبُونَ (35) (Алла Т.): "Туысың арқылы білегіңді күшейтіп, екеуіңе олар жете алмайтын күш беремін. Аяттарымызбен екеуің де сендерге ергендер де жеңіске ие боласыңдар" деді |
فَلَمَّا جَاءَهُم مُّوسَىٰ بِآيَاتِنَا بَيِّنَاتٍ قَالُوا مَا هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُّفْتَرًى وَمَا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ (36) Мұса (Ғ.С.) Оларға ашық аяттарымызбен келгенде: "Бұл жасанды бір жады ғана. Бұрынгы аталарымыздан бұны естігеміз жоқ" десті |
وَقَالَ مُوسَىٰ رَبِّي أَعْلَمُ بِمَن جَاءَ بِالْهُدَىٰ مِنْ عِندِهِ وَمَن تَكُونُ لَهُ عَاقِبَةُ الدَّارِ ۖ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الظَّالِمُونَ (37) Мұса (Ғ.С.): "Өзінің қасынан кімнің туралықты әкелгенін және соңғы қоныс (жаннат) кімдікі боларын Раббым жақсы біледі. Шынында залымдар құтылмайды" деді |
وَقَالَ فِرْعَوْنُ يَا أَيُّهَا الْمَلَأُ مَا عَلِمْتُ لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرِي فَأَوْقِدْ لِي يَا هَامَانُ عَلَى الطِّينِ فَاجْعَل لِّي صَرْحًا لَّعَلِّي أَطَّلِعُ إِلَىٰ إِلَٰهِ مُوسَىٰ وَإِنِّي لَأَظُنُّهُ مِنَ الْكَاذِبِينَ (38) Перғауын: "Әй бастықтар! Мен сендер үшін менен басқа тәңір барлығын білмеймін. Әй Һаман! Мен үшін балшыққа от жағып, (өрте!) Бір мүнара жаса. Белкім Мұсаның Тәңірін көрермін. Расында оны өтірікші деп ойлаймын" деді |
وَاسْتَكْبَرَ هُوَ وَجُنُودُهُ فِي الْأَرْضِ بِغَيْرِ الْحَقِّ وَظَنُّوا أَنَّهُمْ إِلَيْنَا لَا يُرْجَعُونَ (39) Ол және әскерлері сол жерде орынсыз дандайсыды. Расында олар, Біз жаққа қайтарылмаймыз деп, ойлады |
فَأَخَذْنَاهُ وَجُنُودَهُ فَنَبَذْنَاهُمْ فِي الْيَمِّ ۖ فَانظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الظَّالِمِينَ (40) Оны да әскерлерін де қолға алып, теңізге тастадық. Залымдардың соңының не болғанын көр |
وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَدْعُونَ إِلَى النَّارِ ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ لَا يُنصَرُونَ (41) Оларды тозаққа шақыратын бастық қылдық. (Оларға ерген тозаққа түседі.) Сондай-ақ олар қиямет күні, жәрдем көрмейді |
وَأَتْبَعْنَاهُمْ فِي هَٰذِهِ الدُّنْيَا لَعْنَةً ۖ وَيَوْمَ الْقِيَامَةِ هُم مِّنَ الْمَقْبُوحِينَ (42) Олардың соңынан Бұл дүние де қарғыс ертіп, қойдық. Әрі қиямет күні сүркейлерден болады |
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ مِن بَعْدِ مَا أَهْلَكْنَا الْقُرُونَ الْأُولَىٰ بَصَائِرَ لِلنَّاسِ وَهُدًى وَرَحْمَةً لَّعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ (43) Расында бұрынғы ұрпақтарды жоқ еткеннен кейін Мұса (Ғ.С.) ға адамдардың түсінулері үшін Кітапты көрнеу дәлелдер, туралық және мәрхамет түрінде бердік |
وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ الْغَرْبِيِّ إِذْ قَضَيْنَا إِلَىٰ مُوسَى الْأَمْرَ وَمَا كُنتَ مِنَ الشَّاهِدِينَ (44) (Мұхаммед Ғ.С.) Біз Мұса (Ғ.С.) ға әмір бергенде, сен батыс тарапта емес едің. Сондай-ақ көріп түрғандардан да емес едің |
وَلَٰكِنَّا أَنشَأْنَا قُرُونًا فَتَطَاوَلَ عَلَيْهِمُ الْعُمُرُ ۚ وَمَا كُنتَ ثَاوِيًا فِي أَهْلِ مَدْيَنَ تَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِنَا وَلَٰكِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ (45) Алайда бірқанша нәрселер жараттық. Оларға ұзын өмірлер өтті. Аяттарымызды оқу үшін Мәдян елінің ішінде болмадың; бірақ ол хабарларды жолдаушы Бізбіз |
وَمَا كُنتَ بِجَانِبِ الطُّورِ إِذْ نَادَيْنَا وَلَٰكِن رَّحْمَةً مِّن رَّبِّكَ لِتُنذِرَ قَوْمًا مَّا أَتَاهُم مِّن نَّذِيرٍ مِّن قَبْلِكَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ (46) Біз Мұса (Ғ.С.) ға дабыстаған кезде, Тұр жақта емес едің. Бірақ саған мәрхамет түрінде, сенен бұрын өздеріне ескертуші келмеген елге ескертуің үшін жіберілдің. Мүмкін олар түсінер |
وَلَوْلَا أَن تُصِيبَهُم مُّصِيبَةٌ بِمَا قَدَّمَتْ أَيْدِيهِمْ فَيَقُولُوا رَبَّنَا لَوْلَا أَرْسَلْتَ إِلَيْنَا رَسُولًا فَنَتَّبِعَ آيَاتِكَ وَنَكُونَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ (47) Егер оларға қолекі істегендерінің салдарынан өздеріне бір бейнет жетсе, сонда олар: "Раббымыз! Бізге бір Пайғамбар неге жібермедің? Онда аяттарыңа бой ұсынып, мүмін болар едік" дейді |
فَلَمَّا جَاءَهُمُ الْحَقُّ مِنْ عِندِنَا قَالُوا لَوْلَا أُوتِيَ مِثْلَ مَا أُوتِيَ مُوسَىٰ ۚ أَوَلَمْ يَكْفُرُوا بِمَا أُوتِيَ مُوسَىٰ مِن قَبْلُ ۖ قَالُوا سِحْرَانِ تَظَاهَرَا وَقَالُوا إِنَّا بِكُلٍّ كَافِرُونَ (48) Ал оларға өз қасымыздан хақиқат келгенде, олар: "Мұсаға берілген кұсаған неге бұған берілмейді?" десті. Олар бұрын Мұса (Ғ.С.) ға берілгенге қарсы келмеп пе еді? "Бірін-бірі сүйемелдеген екі сиқыр" десті. "(Құран мен Тәурат) бәріне де қарсымыз" десті |
قُلْ فَأْتُوا بِكِتَابٍ مِّنْ عِندِ اللَّهِ هُوَ أَهْدَىٰ مِنْهُمَا أَتَّبِعْهُ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ (49) (Мұхаммед Ғ.С.): "Егер рас айтушы болсаңдар, Алла тарапынан ол екеуінен турарақ бір кітап әкеліңдер. Мен де соған ілесемін" де |
فَإِن لَّمْ يَسْتَجِيبُوا لَكَ فَاعْلَمْ أَنَّمَا يَتَّبِعُونَ أَهْوَاءَهُمْ ۚ وَمَنْ أَضَلُّ مِمَّنِ اتَّبَعَ هَوَاهُ بِغَيْرِ هُدًى مِّنَ اللَّهِ ۚ إِنَّ اللَّهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ (50) Сонда да саған жауап бермесе, шын мәнінде олардың өз көңілдері тартқан жаққа кеткенін біл. Алладан бір жол-жорықсыз өз көңілдері ауған жаққа ілескеннен әрі адасқан кім бар? Әрине Алла, залым елді тура жолға салмайды |
۞ وَلَقَدْ وَصَّلْنَا لَهُمُ الْقَوْلَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ (51) Расында оларға түсінулері үшін сөзімізді жалғастырдық |
الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ مِن قَبْلِهِ هُم بِهِ يُؤْمِنُونَ (52) Бұрын өздеріне кітап бергендеріміз, Құранға сенеді. (С. 83-А) |
وَإِذَا يُتْلَىٰ عَلَيْهِمْ قَالُوا آمَنَّا بِهِ إِنَّهُ الْحَقُّ مِن رَّبِّنَا إِنَّا كُنَّا مِن قَبْلِهِ مُسْلِمِينَ (53) Оларға Құран оқылғанда: "Біз бұган сендік. Рас ол, Раббымыз тарапынан түсірілген хақ сөз. Негізінде бұрыннан-ақ бой ұсынған едік" деді. (Бұлар Якуди, Христиандардан Мтсылман болғандар. Б.Ж.М.К) |
أُولَٰئِكَ يُؤْتَوْنَ أَجْرَهُم مَّرَّتَيْنِ بِمَا صَبَرُوا وَيَدْرَءُونَ بِالْحَسَنَةِ السَّيِّئَةَ وَمِمَّا رَزَقْنَاهُمْ يُنفِقُونَ (54) Міне соларға сабыр еткендіктері себепті сыйлықтары екі есе беріледі. (Екі кітапқа да иман келтіргендіктері үшін. Б.Ж.М.К.Р.) Және олар жамандықты жақсылықпен жойып, өздеріне берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды |
وَإِذَا سَمِعُوا اللَّغْوَ أَعْرَضُوا عَنْهُ وَقَالُوا لَنَا أَعْمَالُنَا وَلَكُمْ أَعْمَالُكُمْ سَلَامٌ عَلَيْكُمْ لَا نَبْتَغِي الْجَاهِلِينَ (55) Қашан олар бос сөз естісе, одан бет бұрып: "Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің өздеріңе тән. Сендерге сәлем. (Қош енді.) Надандарды қаламаймыз" дейді |
إِنَّكَ لَا تَهْدِي مَنْ أَحْبَبْتَ وَلَٰكِنَّ اللَّهَ يَهْدِي مَن يَشَاءُ ۚ وَهُوَ أَعْلَمُ بِالْمُهْتَدِينَ (56) (Мұхаммед Ғ.С.) расында жақсы көргеніңді тура жолға сала алмайсың. Бірақ Алла кімді қаласа, оны тура жолға салады. Сондай-ақ Ол, тура жол табатындарды жақсы біледі. (Бұл аят Мұхаммед Ғ.С ның әкесімен туысқан Әбу Таліпқа байланысты. Ж.М.К.Р.Х) |
وَقَالُوا إِن نَّتَّبِعِ الْهُدَىٰ مَعَكَ نُتَخَطَّفْ مِنْ أَرْضِنَا ۚ أَوَلَمْ نُمَكِّن لَّهُمْ حَرَمًا آمِنًا يُجْبَىٰ إِلَيْهِ ثَمَرَاتُ كُلِّ شَيْءٍ رِّزْقًا مِّن لَّدُنَّا وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ (57) (Құрайш тобы): "Егер сенмен бірге тура жолға түссек, жерімізден дереу шығарыламыз" деді. Оларды өз жанымыздан, әр нәрсенің өнімдері несібе түрінде шоғырланатын, қастерлі де бейбіт бір жерге (Меккеге) орналастырмадық па? Бірақ олардың көбі түсінбейді |
وَكَمْ أَهْلَكْنَا مِن قَرْيَةٍ بَطِرَتْ مَعِيشَتَهَا ۖ فَتِلْكَ مَسَاكِنُهُمْ لَمْ تُسْكَن مِّن بَعْدِهِمْ إِلَّا قَلِيلًا ۖ وَكُنَّا نَحْنُ الْوَارِثِينَ (58) Қаншалаған тіршілігіне мас болған кенттерді типыл қылдық. Міне олардан кейін өте аз отырылған қоныстары; Ақыр Біз мұрагер болдық |
وَمَا كَانَ رَبُّكَ مُهْلِكَ الْقُرَىٰ حَتَّىٰ يَبْعَثَ فِي أُمِّهَا رَسُولًا يَتْلُو عَلَيْهِمْ آيَاتِنَا ۚ وَمَا كُنَّا مُهْلِكِي الْقُرَىٰ إِلَّا وَأَهْلُهَا ظَالِمُونَ (59) (Мұхаммед Ғ.С.) Раббың кенттердің орталығына, оларға аяттарымызды оқитын бір елші жібермейінше жоқ етуші емес. Халқы залым болған кентті ғана жоқ етеміз |
وَمَا أُوتِيتُم مِّن شَيْءٍ فَمَتَاعُ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا وَزِينَتُهَا ۚ وَمَا عِندَ اللَّهِ خَيْرٌ وَأَبْقَىٰ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ (60) Сендерге берілген нәрсе, Дүние тіршілігінің буйымы, зейнеті ғана. Ал Алланың қасындагы нәрсе хайырлы да тұрақты. Енді де ойламайсыңдар ма |
أَفَمَن وَعَدْنَاهُ وَعْدًا حَسَنًا فَهُوَ لَاقِيهِ كَمَن مَّتَّعْنَاهُ مَتَاعَ الْحَيَاةِ الدُّنْيَا ثُمَّ هُوَ يَوْمَ الْقِيَامَةِ مِنَ الْمُحْضَرِينَ (61) Ал енді өзіне жақсы уәде беріп, соған қауышатын біреу; өзін дүние тіршілігінде пайдаландырып, сосын қиямет күні жазаға әзірленетін кісілер тәрізді ме |
وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ فَيَقُولُ أَيْنَ شُرَكَائِيَ الَّذِينَ كُنتُمْ تَزْعُمُونَ (62) (Алла Т.) ол күні, оларға: "Сендердің Маған серік деп үйғарғандарың қайда?",- деп, дабыстайды |
قَالَ الَّذِينَ حَقَّ عَلَيْهِمُ الْقَوْلُ رَبَّنَا هَٰؤُلَاءِ الَّذِينَ أَغْوَيْنَا أَغْوَيْنَاهُمْ كَمَا غَوَيْنَا ۖ تَبَرَّأْنَا إِلَيْكَ ۖ مَا كَانُوا إِيَّانَا يَعْبُدُونَ (63) Өздеріне сөз келгендер: "Раббымыз! Бұлар, біз адастырғандар; оларды өзіміз адасқандай адастырдық. Олардан безіп, Саған келдік. Олар негізінен бізге табынбайтын еді" дейді |
وَقِيلَ ادْعُوا شُرَكَاءَكُمْ فَدَعَوْهُمْ فَلَمْ يَسْتَجِيبُوا لَهُمْ وَرَأَوُا الْعَذَابَ ۚ لَوْ أَنَّهُمْ كَانُوا يَهْتَدُونَ (64) Ал оларға: "Қосқан ортақтарыңды шақырыңдар" делінеді. Сонда олар шақырады. Олар жауап бермейді. Олар тозақты көреді. (Қап!) Олар тура жолда болған болса еді |
وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ فَيَقُولُ مَاذَا أَجَبْتُمُ الْمُرْسَلِينَ (65) (Алла Т.) ол күні, оларға: "Елшілерімізге не жауап бердіңдер?",- деп, дабыстайды |
فَعَمِيَتْ عَلَيْهِمُ الْأَنبَاءُ يَوْمَئِذٍ فَهُمْ لَا يَتَسَاءَلُونَ (66) Сол күні оларға хабарлар естілмейді де (өзара да) сұраспайды |
فَأَمَّا مَن تَابَ وَآمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا فَعَسَىٰ أَن يَكُونَ مِنَ الْمُفْلِحِينَ (67) Ал енді кім тәубе етіп, иман келтіріп ізгі іс істесе, құтылушылардан болуы үміт етіледі |
وَرَبُّكَ يَخْلُقُ مَا يَشَاءُ وَيَخْتَارُ ۗ مَا كَانَ لَهُمُ الْخِيَرَةُ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ وَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ (68) Раббың қалағанын жаратады да сұрыптайды. Оларда ерік болмайды. Алла (Т.) олардың қосқан серіктерінен пәк, өте жоғары |
وَرَبُّكَ يَعْلَمُ مَا تُكِنُّ صُدُورُهُمْ وَمَا يُعْلِنُونَ (69) Раббың олардың көңілдеріндегі жасырған нәрселерін де көрнеу істеген нәрселерін де біледі |
وَهُوَ اللَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۖ لَهُ الْحَمْدُ فِي الْأُولَىٰ وَالْآخِرَةِ ۖ وَلَهُ الْحُكْمُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ (70) Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар |
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِن جَعَلَ اللَّهُ عَلَيْكُمُ اللَّيْلَ سَرْمَدًا إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ يَأْتِيكُم بِضِيَاءٍ ۖ أَفَلَا تَسْمَعُونَ (71) Ол сондай Алла, Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Дүние, ахиретте барлық мақтау Оған лайық. Үкім Оған тән. Және Сол жаққа қайтарыласыңдар. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы қараңғы қылса, Алладан басқа сендерге жарық келтіретін тәңір кім? Естімейсіңдер ме?",- де |
قُلْ أَرَأَيْتُمْ إِن جَعَلَ اللَّهُ عَلَيْكُمُ النَّهَارَ سَرْمَدًا إِلَىٰ يَوْمِ الْقِيَامَةِ مَنْ إِلَٰهٌ غَيْرُ اللَّهِ يَأْتِيكُم بِلَيْلٍ تَسْكُنُونَ فِيهِ ۖ أَفَلَا تُبْصِرُونَ (72) Көрдіңдер ме, егер Алла (Т.) сендерге қиямет күніне дейін ұдайы күндіз қылса, Алладан басқа сендерге онда тынығатын түн келтіретін тәңір кім? көз салмайсыңдар ма?",- де |
وَمِن رَّحْمَتِهِ جَعَلَ لَكُمُ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ لِتَسْكُنُوا فِيهِ وَلِتَبْتَغُوا مِن فَضْلِهِ وَلَعَلَّكُمْ تَشْكُرُونَ (73) Алла, сендерге өз мәрхаметінен түнді тынығу, күндізді кеңшілігін (ризық) іздеулерің үшін жаратты. Әрине шүкірлік етерсіңдер |
وَيَوْمَ يُنَادِيهِمْ فَيَقُولُ أَيْنَ شُرَكَائِيَ الَّذِينَ كُنتُمْ تَزْعُمُونَ (74) Сол күні, Оларға: "Менің серігім деп, ойлағандарың қайда?",- деп, дабыстайды |
وَنَزَعْنَا مِن كُلِّ أُمَّةٍ شَهِيدًا فَقُلْنَا هَاتُوا بُرْهَانَكُمْ فَعَلِمُوا أَنَّ الْحَقَّ لِلَّهِ وَضَلَّ عَنْهُم مَّا كَانُوا يَفْتَرُونَ (75) Ол күні, әр үмметтен бір айғақ шығарып: "Дәлелдеріңді әкеліңдер" дейміз. Сонда олар, рас хақиқат, Аллаға тән екенін біледі де олардың жасанды нәрселері жоқ болады |
۞ إِنَّ قَارُونَ كَانَ مِن قَوْمِ مُوسَىٰ فَبَغَىٰ عَلَيْهِمْ ۖ وَآتَيْنَاهُ مِنَ الْكُنُوزِ مَا إِنَّ مَفَاتِحَهُ لَتَنُوءُ بِالْعُصْبَةِ أُولِي الْقُوَّةِ إِذْ قَالَ لَهُ قَوْمُهُ لَا تَفْرَحْ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْفَرِحِينَ (76) Рас Қарун, Мұса (Ғ.С.) ның елінен еді де, оларға қарсы келді. Сондай-ақ оған, кілттерін күшті бір топ әрең көтеретін қазыналар берген едік. Сонда оған халқы: "Елірме! Расында Алла, еліргендерді жақсы көрмейді" деді |
وَابْتَغِ فِيمَا آتَاكَ اللَّهُ الدَّارَ الْآخِرَةَ ۖ وَلَا تَنسَ نَصِيبَكَ مِنَ الدُّنْيَا ۖ وَأَحْسِن كَمَا أَحْسَنَ اللَّهُ إِلَيْكَ ۖ وَلَا تَبْغِ الْفَسَادَ فِي الْأَرْضِ ۖ إِنَّ اللَّهَ لَا يُحِبُّ الْمُفْسِدِينَ (77) Алланың саған берген дәулетімен ахирет жұртын ізде де дүниедегі несібеңді де ұмытпа. Алла, саған жақсылық еткендей сен де жақсылық істе, сондай-ақ жер жүзінде Бұліншілік ізденбе! Алла бұзақыларды сүймейді |
قَالَ إِنَّمَا أُوتِيتُهُ عَلَىٰ عِلْمٍ عِندِي ۚ أَوَلَمْ يَعْلَمْ أَنَّ اللَّهَ قَدْ أَهْلَكَ مِن قَبْلِهِ مِنَ الْقُرُونِ مَنْ هُوَ أَشَدُّ مِنْهُ قُوَّةً وَأَكْثَرُ جَمْعًا ۚ وَلَا يُسْأَلُ عَن ذُنُوبِهِمُ الْمُجْرِمُونَ (78) Қарұн: "Шын мәнінде бұл, маған мендегі білімге берілді. (Баюдың жөнін білуші едім)" деді. Негізінде Алланың бұдан бұрын, бұдан да күшті, тобы көп нәсілдерді жоқ еткенін білмеді ме? Күнәкарлар, күнәларынан сұралмайды. (Бәрі жазулы. С. 10-11-А) |
فَخَرَجَ عَلَىٰ قَوْمِهِ فِي زِينَتِهِ ۖ قَالَ الَّذِينَ يُرِيدُونَ الْحَيَاةَ الدُّنْيَا يَا لَيْتَ لَنَا مِثْلَ مَا أُوتِيَ قَارُونُ إِنَّهُ لَذُو حَظٍّ عَظِيمٍ (79) Ол, қауымына сән-салтанат ішінде шықты; Дүние тіршілігін қалағандар: "Әттең! Бізге де Қарүнға берілген тәрізді болса; өйткені ол, зор ырыс иесі" деді |
وَقَالَ الَّذِينَ أُوتُوا الْعِلْمَ وَيْلَكُمْ ثَوَابُ اللَّهِ خَيْرٌ لِّمَنْ آمَنَ وَعَمِلَ صَالِحًا وَلَا يُلَقَّاهَا إِلَّا الصَّابِرُونَ (80) Өздеріне білім берілгендер:"Алланың сыйлығы; иман келтіріп ізгі іс істегендерге тағы жақсы. Ал оған сабырлылар ғана жетеді" деді |
فَخَسَفْنَا بِهِ وَبِدَارِهِ الْأَرْضَ فَمَا كَانَ لَهُ مِن فِئَةٍ يَنصُرُونَهُ مِن دُونِ اللَّهِ وَمَا كَانَ مِنَ الْمُنتَصِرِينَ (81) Ақыр оны да үйін де жерге жұтқыздық. Алладан өзге оған жәрдем етер бір топ болмады әрі оған көмек етілмеді. (Бұл атақты Қарұн; бай, Мұса (Ғ.С.) ның жақыны, асқан сараң, мың да бір зекет бер десе; бермей, Мұса (Ғ.С.) ны ел алдында қорлау үшін жала жапсырып, көп іренжітеді. Б.М.Р |
وَأَصْبَحَ الَّذِينَ تَمَنَّوْا مَكَانَهُ بِالْأَمْسِ يَقُولُونَ وَيْكَأَنَّ اللَّهَ يَبْسُطُ الرِّزْقَ لِمَن يَشَاءُ مِنْ عِبَادِهِ وَيَقْدِرُ ۖ لَوْلَا أَن مَّنَّ اللَّهُ عَلَيْنَا لَخَسَفَ بِنَا ۖ وَيْكَأَنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ (82) Кеше оның орнында болуды көксегендер: "Сірә, Алла құлдарынан кімді қаласа, соның несібесін кеңітіп, таралтады екен. Егер Алла, бізге қамқорлық қылмаса, әрине бізді де жерге жұтқызар еді. Айтқандайын, кәпірлер құтылмайды |
تِلْكَ الدَّارُ الْآخِرَةُ نَجْعَلُهَا لِلَّذِينَ لَا يُرِيدُونَ عُلُوًّا فِي الْأَرْضِ وَلَا فَسَادًا ۚ وَالْعَاقِبَةُ لِلْمُتَّقِينَ (83) Міне ахирет жұрты: Оны, жер жүзінде өзін-өзі көтеріп, бұліншілік ізденбегендерге нәсіп етеміз. Негізінде соңгы табыс тақуалар үшін |
مَن جَاءَ بِالْحَسَنَةِ فَلَهُ خَيْرٌ مِّنْهَا ۖ وَمَن جَاءَ بِالسَّيِّئَةِ فَلَا يُجْزَى الَّذِينَ عَمِلُوا السَّيِّئَاتِ إِلَّا مَا كَانُوا يَعْمَلُونَ (84) Кім бір жақсылық келтірсе; оған одан жақсы сыйлық бар. Ал кім бір жамандық келтірсе; ол жамандықты істегендерге, істегендерінің ғана сазайы беріледі |
إِنَّ الَّذِي فَرَضَ عَلَيْكَ الْقُرْآنَ لَرَادُّكَ إِلَىٰ مَعَادٍ ۚ قُل رَّبِّي أَعْلَمُ مَن جَاءَ بِالْهُدَىٰ وَمَنْ هُوَ فِي ضَلَالٍ مُّبِينٍ (85) (Мұхаммед Ғ.С.) шәксіз саған Құранды міндетті қылған Алла, әрине сені қайтар жеріңе (Меккеге) қайтарады. "Раббым, Туралық келтірген кісіні де ашық адасудағы кісіні де жақсы біледі" де |
وَمَا كُنتَ تَرْجُو أَن يُلْقَىٰ إِلَيْكَ الْكِتَابُ إِلَّا رَحْمَةً مِّن رَّبِّكَ ۖ فَلَا تَكُونَنَّ ظَهِيرًا لِّلْكَافِرِينَ (86) Саған Кітап түсірілетінін үміт етпеген едің. Бірақ Раббыңның мәрхаметі. Сондықтан қарсы болғандарды сүйемелдеме |
وَلَا يَصُدُّنَّكَ عَنْ آيَاتِ اللَّهِ بَعْدَ إِذْ أُنزِلَتْ إِلَيْكَ ۖ وَادْعُ إِلَىٰ رَبِّكَ ۖ وَلَا تَكُونَنَّ مِنَ الْمُشْرِكِينَ (87) Алланың аяттары саған түсірілгеннен кейін олар сені одан (аяттарға ғамал қылудан) тоспасын. Оларды Раббыңа шақыр да әсте серік қатушылардан болма |
وَلَا تَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ ۘ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ ۚ كُلُّ شَيْءٍ هَالِكٌ إِلَّا وَجْهَهُ ۚ لَهُ الْحُكْمُ وَإِلَيْهِ تُرْجَعُونَ (88) Алла мен бірге басқа тәңір шақырма! Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Оның дидарынан басқа әр нәрсе жоқ болады. Үкім Оған тән. Сондай-ақ Оған қайтарыласыңдар |