حم (1) Ха. Мим |
وَالْكِتَابِ الْمُبِينِ (2) Ашық баян етуші Құранға серт |
إِنَّا أَنزَلْنَاهُ فِي لَيْلَةٍ مُّبَارَكَةٍ ۚ إِنَّا كُنَّا مُنذِرِينَ (3) Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік. Расында Біз ескертушіміз. (С. 1-А) |
فِيهَا يُفْرَقُ كُلُّ أَمْرٍ حَكِيمٍ (4) Ол кеште барлық хикметті істер айрылады |
أَمْرًا مِّنْ عِندِنَا ۚ إِنَّا كُنَّا مُرْسِلِينَ (5) Бұл өз қасымыздан бір бұйрық. Расында елшілерді жіберушіміз |
رَحْمَةً مِّن رَّبِّكَ ۚ إِنَّهُ هُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ (6) (Мұхаммед Ғ.С.) Раббыңның игілігі. Күдіксіз Ол, әр нәрсені естуші, толық білуші |
رَبِّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا ۖ إِن كُنتُم مُّوقِنِينَ (7) Егер анық сенетін болсаңдар, көктер мен жердің әрі екі арасындағылардың Раббы |
لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ يُحْيِي وَيُمِيتُ ۖ رَبُّكُمْ وَرَبُّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ (8) Одан басқа ешбір тәңір жоқ. Тірілтеді, өлтіреді. Сендердің де Раббыларың, бұрынғы аталарыңның да Раббы |
بَلْ هُمْ فِي شَكٍّ يَلْعَبُونَ (9) Бірақ олар, бір күдік ішінде ойнауда |
فَارْتَقِبْ يَوْمَ تَأْتِي السَّمَاءُ بِدُخَانٍ مُّبِينٍ (10) (Мұхаммед Ғ.С.) ендеше аспанның бір ашық түтін келтіретін күнін күт. (Қуаншылықтан аш қалған елдің көздері бүлдырап, жер, көктің бүлыңғыр көрінетін күні. Немесе қиямет белгілері түрінде қаптайтын қара түнек. Б.Ж.М.К.Р) |
يَغْشَى النَّاسَ ۖ هَٰذَا عَذَابٌ أَلِيمٌ (11) Адамдарды қаптап алады; Бүл жан түршігерлік азап |
رَّبَّنَا اكْشِفْ عَنَّا الْعَذَابَ إِنَّا مُؤْمِنُونَ (12) Олар: "Раббымыз! Бізден бұл азапты айықтыр. Шынында иман келтіргенміз |
أَنَّىٰ لَهُمُ الذِّكْرَىٰ وَقَدْ جَاءَهُمْ رَسُولٌ مُّبِينٌ (13) Оларға үгіт алу қайда? Расында оларға ашық түсіндіруші бір Пайғамбар келген |
ثُمَّ تَوَلَّوْا عَنْهُ وَقَالُوا مُعَلَّمٌ مَّجْنُونٌ (14) Сосын олар одан бұрылды да: "Үйретілген бір жынды" деді |
إِنَّا كَاشِفُو الْعَذَابِ قَلِيلًا ۚ إِنَّكُمْ عَائِدُونَ (15) Расында бейнетті біраз айықтырамыз. Дау жоқ! Сендер қайталайсыңдар |
يَوْمَ نَبْطِشُ الْبَطْشَةَ الْكُبْرَىٰ إِنَّا مُنتَقِمُونَ (16) Өте қатты ұстаумен ұстаған күні, әрине тиісті жазасын береміз |
۞ وَلَقَدْ فَتَنَّا قَبْلَهُمْ قَوْمَ فِرْعَوْنَ وَجَاءَهُمْ رَسُولٌ كَرِيمٌ (17) Расында бұлардан бұрын Перғауын елін де сынаған едік. Оларға ардақты пайғамбар келген |
أَنْ أَدُّوا إِلَيَّ عِبَادَ اللَّهِ ۖ إِنِّي لَكُمْ رَسُولٌ أَمِينٌ (18) Алланың құлдарын маған тапсырыңдар. Өйткені мен сендерге сенімді бір Пайғамбармын" деді |
وَأَن لَّا تَعْلُوا عَلَى اللَّهِ ۖ إِنِّي آتِيكُم بِسُلْطَانٍ مُّبِينٍ (19) Аллаға астамшылық қылмаңдар. Шын мәнінде сендерге ашық дәлелмен келдім |
وَإِنِّي عُذْتُ بِرَبِّي وَرَبِّكُمْ أَن تَرْجُمُونِ (20) Күдіксіз мен сендердің таспен атуларыңнан Раббыма және сендердің де Раббыларың (Аллаға) сиындым |
وَإِن لَّمْ تُؤْمِنُوا لِي فَاعْتَزِلُونِ (21) Егер маған иланбасаңдар, менен аулақ болыңдар |
فَدَعَا رَبَّهُ أَنَّ هَٰؤُلَاءِ قَوْمٌ مُّجْرِمُونَ (22) Сонда (Мұса Ғ.С.): "Бұлар қылмысты ел" деп, Раббына жалбарынды |
فَأَسْرِ بِعِبَادِي لَيْلًا إِنَّكُم مُّتَّبَعُونَ (23) (Алла Т.): "Құлдарымды түнде алып кет. Сөз жоқ, арттарыңа қуғыншы түседі |
وَاتْرُكِ الْبَحْرَ رَهْوًا ۖ إِنَّهُمْ جُندٌ مُّغْرَقُونَ (24) (Теңізден өтіп алғаннан кейін) теңізді ашық қойып қой. Өйткені олар суға бататын ләшкер |
كَمْ تَرَكُوا مِن جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ (25) Олар қаншалаған бақшалар, бұлақтар қалдырды |
وَزُرُوعٍ وَمَقَامٍ كَرِيمٍ (26) Қаншалаған егіндер, көркем мекендерді де |
وَنَعْمَةٍ كَانُوا فِيهَا فَاكِهِينَ (27) Сондай-ақ ішінде қарқ болып кенелген дәулеттерді де |
كَذَٰلِكَ ۖ وَأَوْرَثْنَاهَا قَوْمًا آخَرِينَ (28) Осылайша оларға басқа бір елді мұрагер қылдық |
فَمَا بَكَتْ عَلَيْهِمُ السَّمَاءُ وَالْأَرْضُ وَمَا كَانُوا مُنظَرِينَ (29) Сонда оларға көк те жер де жыламады. Әрі олар тостырылмады. (Оларға қайғырған да болмады және мұрса да берілмеді.Б) |
وَلَقَدْ نَجَّيْنَا بَنِي إِسْرَائِيلَ مِنَ الْعَذَابِ الْمُهِينِ (30) Расында Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық |
مِن فِرْعَوْنَ ۚ إِنَّهُ كَانَ عَالِيًا مِّنَ الْمُسْرِفِينَ (31) Перғауыннан. Өйткені ол, тым шектен шығушылардан еді |
وَلَقَدِ اخْتَرْنَاهُمْ عَلَىٰ عِلْمٍ عَلَى الْعَالَمِينَ (32) Расында Израил ұрпақтарын біле тұра әлемге ықпалды қылдық |
وَآتَيْنَاهُم مِّنَ الْآيَاتِ مَا فِيهِ بَلَاءٌ مُّبِينٌ (33) Сондай-ақ оларға мұғжизалар бердік. Онда ашық сынау бар еді |
إِنَّ هَٰؤُلَاءِ لَيَقُولُونَ (34) Күдіксіз олар, бүйдейді |
إِنْ هِيَ إِلَّا مَوْتَتُنَا الْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُنشَرِينَ (35) Бізге осы алғашқы өлімнен басқа түк жоқ. Сондай-ақ біз қайта тірілмейміз |
فَأْتُوا بِآبَائِنَا إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ (36) Мүбада рас айтушы болсаңдар, аталарымызды алып келіңдерші |
أَهُمْ خَيْرٌ أَمْ قَوْمُ تُبَّعٍ وَالَّذِينَ مِن قَبْلِهِمْ ۚ أَهْلَكْنَاهُمْ ۖ إِنَّهُمْ كَانُوا مُجْرِمِينَ (37) (Мұхаммед Ғ.С.) олар артық па? Немесе Тұббағ елі ме? Олардан бұрынғы елдер ме? Оларды да жоқ еттік. Өйткені олар қылмысты еді |
وَمَا خَلَقْنَا السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَاعِبِينَ (38) Көктерді де жерді де әрі екі арасындағы нәрселерді де ойыншық қып жаратпадық |
مَا خَلَقْنَاهُمَا إِلَّا بِالْحَقِّ وَلَٰكِنَّ أَكْثَرَهُمْ لَا يَعْلَمُونَ (39) Екеуін хақиқат бойынша жараттық. Бірақ олардың көбі білмейді |
إِنَّ يَوْمَ الْفَصْلِ مِيقَاتُهُمْ أَجْمَعِينَ (40) Расында олардың бір араға жиналатын билік күні |
يَوْمَ لَا يُغْنِي مَوْلًى عَن مَّوْلًى شَيْئًا وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ (41) Ол күні достың досқа еш пайдасы болмайды әрі оларға жәрдем етілмейді |
إِلَّا مَن رَّحِمَ اللَّهُ ۚ إِنَّهُ هُوَ الْعَزِيزُ الرَّحِيمُ (42) Бірақ Алла мәрхамет еткен кісі ғана пайдалана алады. Күдіксіз Ол Алла, тым үстем, ерекше мейірімді |
إِنَّ شَجَرَتَ الزَّقُّومِ (43) Шынында заққүм ағашы; (С. 62-А) |
طَعَامُ الْأَثِيمِ (44) Күнәкарлардың тамағы |
كَالْمُهْلِ يَغْلِي فِي الْبُطُونِ (45) Балқыған кен сияқты қарындарында қайнайды |
كَغَلْيِ الْحَمِيمِ (46) Қайнаған су құсаған |
خُذُوهُ فَاعْتِلُوهُ إِلَىٰ سَوَاءِ الْجَحِيمِ (47) Оны ұстаңдар да сүйретіп, тозақтың ортасына тастаңдар |
ثُمَّ صُبُّوا فَوْقَ رَأْسِهِ مِنْ عَذَابِ الْحَمِيمِ (48) Сосын басының үстіне азап ретінде қайнар су қойыңдар |
ذُقْ إِنَّكَ أَنتَ الْعَزِيزُ الْكَرِيمُ (49) (Азапты) тат. Расында сен өзіңше үстем, құрметті едің |
إِنَّ هَٰذَا مَا كُنتُم بِهِ تَمْتَرُونَ (50) Шынында күдіктенген нәрселерің осы |
إِنَّ الْمُتَّقِينَ فِي مَقَامٍ أَمِينٍ (51) Шын мәнінде тақуалар аман бір орында болады |
فِي جَنَّاتٍ وَعُيُونٍ (52) Бақшаларда бұлақтарда |
يَلْبَسُونَ مِن سُندُسٍ وَإِسْتَبْرَقٍ مُّتَقَابِلِينَ (53) Жұқа қалың жібектер киіп, ерсілі-қарсылы отырады |
كَذَٰلِكَ وَزَوَّجْنَاهُم بِحُورٍ عِينٍ (54) Осы сияқты, сондай-ақ оларды бота көз хұрлармен үйлендіреміз |
يَدْعُونَ فِيهَا بِكُلِّ فَاكِهَةٍ آمِنِينَ (55) Ол жерде бейбіт түрде әр түрлі жемісті сұрай алады |
لَا يَذُوقُونَ فِيهَا الْمَوْتَ إِلَّا الْمَوْتَةَ الْأُولَىٰ ۖ وَوَقَاهُمْ عَذَابَ الْجَحِيمِ (56) Ол жерде дүниедегі алғашқы өлімнен басқа ешбір өлім татпайды. Алла оларды тозақтың азабынан сақтаған |
فَضْلًا مِّن رَّبِّكَ ۚ ذَٰلِكَ هُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ (57) Раббыңнан кеңшілік, міне осы зор қол жеткендік |
فَإِنَّمَا يَسَّرْنَاهُ بِلِسَانِكَ لَعَلَّهُمْ يَتَذَكَّرُونَ (58) (Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңнен ғана оңайластырдық |
فَارْتَقِبْ إِنَّهُم مُّرْتَقِبُونَ (59) Нәтижені сен де күт. Расында олар да күтуде |