وَالصَّافَّاتِ صَفًّا (1) Сап-сап тұрушы (періштелерге) серт |
فَالزَّاجِرَاتِ زَجْرًا (2) Айдаған сайын айдаушы (періштелерге) серт |
فَالتَّالِيَاتِ ذِكْرًا (3) Үгіт оқушы (періштелерге) серт. (Алладан басқамен ант ету дүрыс емес. Бірақ, Алла тарапынан басқаға ант етілуі; ант еткен нәрселерде; ант етілген нәрселерге куәлік бар деген ұғымды береді. Т-Қ) |
إِنَّ إِلَٰهَكُمْ لَوَاحِدٌ (4) Тәңірлерің біреу |
رَّبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ وَمَا بَيْنَهُمَا وَرَبُّ الْمَشَارِقِ (5) Көктер мен жердің әрі араларындағылардың және шығыс жақтардың Раббы. (С. 40-А) |
إِنَّا زَيَّنَّا السَّمَاءَ الدُّنْيَا بِزِينَةٍ الْكَوَاكِبِ (6) Рас дүние көгін жұлдыздармен безедік |
وَحِفْظًا مِّن كُلِّ شَيْطَانٍ مَّارِدٍ (7) Бүкіл шектен шыққан шайтаннан қорғадық |
لَّا يَسَّمَّعُونَ إِلَى الْمَلَإِ الْأَعْلَىٰ وَيُقْذَفُونَ مِن كُلِّ جَانِبٍ (8) Олар, жоғарғы әлемді тыңдай алмайды. Олар, әр тараптан атылады |
دُحُورًا ۖ وَلَهُمْ عَذَابٌ وَاصِبٌ (9) Қуылған түрде олар үшін ұдайы азап бар |
إِلَّا مَنْ خَطِفَ الْخَطْفَةَ فَأَتْبَعَهُ شِهَابٌ ثَاقِبٌ (10) Алайда әлде біреу бір сөз ұрлайтын болса, оны өткір бір жалын қуалайды |
فَاسْتَفْتِهِمْ أَهُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَم مَّنْ خَلَقْنَا ۚ إِنَّا خَلَقْنَاهُم مِّن طِينٍ لَّازِبٍ (11) Енді олардан сұра: "Оларды жарату қиын ба? Басқа жаратқандарымыз қиын ба? Шын мәнінде оларды (адам баласын) бір жабысқақ балшықтан жараттық |
بَلْ عَجِبْتَ وَيَسْخَرُونَ (12) (Мұхаммед Ғ.С.) Әрине (Бұл жаратылысқа) таңырқадың, олар мазақтайды |
وَإِذَا ذُكِّرُوا لَا يَذْكُرُونَ (13) Қашан оларға ескертілсе де олар ескермейді |
وَإِذَا رَأَوْا آيَةً يَسْتَسْخِرُونَ (14) Бір мұгжиза көрсе, олар тәлкек қылады |
وَقَالُوا إِنْ هَٰذَا إِلَّا سِحْرٌ مُّبِينٌ (15) Бұл мүлде ашық жады" деседі |
أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ (16) Біз өліп топырақ және сүйектер болган кезде, рас тірілтілеміз бе |
أَوَآبَاؤُنَا الْأَوَّلُونَ (17) Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер |
قُلْ نَعَمْ وَأَنتُمْ دَاخِرُونَ (18) Әуелгі аталарымыз да ма?",- дер. "Әрине сендер кор боп тірілесіңдер" де |
فَإِنَّمَا هِيَ زَجْرَةٌ وَاحِدَةٌ فَإِذَا هُمْ يَنظُرُونَ (19) Шын мәнінде ол бір үрейлі дауыс. Сонда олар қарап қалады |
وَقَالُوا يَا وَيْلَنَا هَٰذَا يَوْمُ الدِّينِ (20) Әттеген-ай! Бұл есеп күні екен ғой!",- деседі |
هَٰذَا يَوْمُ الْفَصْلِ الَّذِي كُنتُم بِهِ تُكَذِّبُونَ (21) Бұл сендер жасынға шығарған билік күні |
۞ احْشُرُوا الَّذِينَ ظَلَمُوا وَأَزْوَاجَهُمْ وَمَا كَانُوا يَعْبُدُونَ (22) Жинаңдар! Ол залымдардьі да сыбайластарын да олардың табынғандарын да |
مِن دُونِ اللَّهِ فَاهْدُوهُمْ إِلَىٰ صِرَاطِ الْجَحِيمِ (23) Алладан өзге. Оларға тозақтың жолын көрсетіңдер |
وَقِفُوهُمْ ۖ إِنَّهُم مَّسْئُولُونَ (24) Оларды тоқтатыңдар. Өйткені олар сұраққа тартылады" (делінеді) |
مَا لَكُمْ لَا تَنَاصَرُونَ (25) Оларға: "Бір-бірлеріңе неге болыспайсыңдар?",- (делінеді) |
بَلْ هُمُ الْيَوْمَ مُسْتَسْلِمُونَ (26) Әрине бүгін олар еріксіз бой ұсынғандар |
وَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ (27) Олар бір-біріне қарсы сұрақ қойысады |
قَالُوا إِنَّكُمْ كُنتُمْ تَأْتُونَنَا عَنِ الْيَمِينِ (28) (Олар бастықтарына): "Сендер бізге оң жақтан келуші едіңдер" дейді |
قَالُوا بَل لَّمْ تَكُونُوا مُؤْمِنِينَ (29) Олар: "Олай емес, өздерің сенбеуші едіңдер" дейді |
وَمَا كَانَ لَنَا عَلَيْكُم مِّن سُلْطَانٍ ۖ بَلْ كُنتُمْ قَوْمًا طَاغِينَ (30) Өйткені, сендерге бір өктемдігіміз жоқ еді. Әрине өздерің азғын ел едіңдер |
فَحَقَّ عَلَيْنَا قَوْلُ رَبِّنَا ۖ إِنَّا لَذَائِقُونَ (31) Раббымыздың бізге деген сөзі шынға шықты. Біз расында дәмін татамыз |
فَأَغْوَيْنَاكُمْ إِنَّا كُنَّا غَاوِينَ (32) Сонда сендерді аздырған едік. Рас өзіміз де азғын едік |
فَإِنَّهُمْ يَوْمَئِذٍ فِي الْعَذَابِ مُشْتَرِكُونَ (33) Ал рас сол күні, олар азапқа ортақ болады |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَفْعَلُ بِالْمُجْرِمِينَ (34) Сөз жоқ, Күнәкарларға солайша істейміз |
إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَٰهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ (35) Расында оларға: "Алладан басқа ешбір тәңір жоқ" делінген кезде, менменсіген еді |
وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُو آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ (36) Олар: "Жынды бір ақын үшін рас тәңірлерімізді тастайық па,- десті |
بَلْ جَاءَ بِالْحَقِّ وَصَدَّقَ الْمُرْسَلِينَ (37) Әрине ол, шындықты әкелген әрі елшілерді мойындаған еді |
إِنَّكُمْ لَذَائِقُو الْعَذَابِ الْأَلِيمِ (38) Сөз жоқ, сендер күйзелтуші азапты татасыңдар |
وَمَا تُجْزَوْنَ إِلَّا مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ (39) Сендер істегендеріңнің ғана сазайын тартасыңдар |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ (40) Бірақ Алланың ықыласты құлдары бір сәрі |
أُولَٰئِكَ لَهُمْ رِزْقٌ مَّعْلُومٌ (41) Міне бұлар үшін белгілі бір несібе бар |
فَوَاكِهُ ۖ وَهُم مُّكْرَمُونَ (42) (Түрлі) жемістер де. Олар құрметке бөленеді |
فِي جَنَّاتِ النَّعِيمِ (43) Нығымет бақшаларында |
عَلَىٰ سُرُرٍ مُّتَقَابِلِينَ (44) Дивандардың үстінде ерсілі-қарсылы болады |
يُطَافُ عَلَيْهِم بِكَأْسٍ مِّن مَّعِينٍ (45) Оларға қайнаған көзден кәселер айналдырыла ұсынылады |
بَيْضَاءَ لَذَّةٍ لِّلشَّارِبِينَ (46) Ішушілер үшін аппақ, тәтті |
لَا فِيهَا غَوْلٌ وَلَا هُمْ عَنْهَا يُنزَفُونَ (47) Ол бас ауыртпайды да әрі мас қылмайды |
وَعِندَهُمْ قَاصِرَاتُ الطَّرْفِ عِينٌ (48) Олардың қасында телмірген ботакөздер бар |
كَأَنَّهُنَّ بَيْضٌ مَّكْنُونٌ (49) Рас олар жарылмаған жұмыртқадай |
فَأَقْبَلَ بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ يَتَسَاءَلُونَ (50) Олар қарама-қарсы отырып, сұрасады |
قَالَ قَائِلٌ مِّنْهُمْ إِنِّي كَانَ لِي قَرِينٌ (51) Олардан бір айтушы: "Расында бір ағайыным бар еді" дейді |
يَقُولُ أَإِنَّكَ لَمِنَ الْمُصَدِّقِينَ (52) (Ол, маған): "Шын-ақ растаушылардансың ба?',- дейді |
أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَدِينُونَ (53) Өліп, топырақ және сүйек болсақ та жазаландырыламыз ба |
قَالَ هَلْ أَنتُم مُّطَّلِعُونَ (54) (деп қасындағыларға): "Оны көргілерің келе ме?",- дейді |
فَاطَّلَعَ فَرَآهُ فِي سَوَاءِ الْجَحِيمِ (55) Сонда өзі қарап оны тозақтың ортасында көреді де |
قَالَ تَاللَّهِ إِن كِدتَّ لَتُرْدِينِ (56) Аллаға ант етемін! Мені де жоқ ете жаздадың" дейді |
وَلَوْلَا نِعْمَةُ رَبِّي لَكُنتُ مِنَ الْمُحْضَرِينَ (57) Егер Раббымның игілігі болмаса еді, әрине иен де тозаққа келтірілгендерден болар едім |
أَفَمَا نَحْنُ بِمَيِّتِينَ (58) Біз өлмейміз бе |
إِلَّا مَوْتَتَنَا الْأُولَىٰ وَمَا نَحْنُ بِمُعَذَّبِينَ (59) Алғашқы өліміміз ғана. Біз азапқа да душар болмайыз |
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ الْفَوْزُ الْعَظِيمُ (60) Сөз жоқ, Бұл (жаннат) ірі қол жетушілік. (Бұл сөздерді жаннаттықтар айтады. Ж.Б.М.К) |
لِمِثْلِ هَٰذَا فَلْيَعْمَلِ الْعَامِلُونَ (61) Ғамал қылуға тиісті |
أَذَٰلِكَ خَيْرٌ نُّزُلًا أَمْ شَجَرَةُ الزَّقُّومِ (62) Осы қонақ асы жақсы ма? Не заққұм ағашы жақсы ма? (Заққұм; тозақтықтарға берілетін улы, сасық бір ағаш түрі. Сөздік Әлмауарит) |
إِنَّا جَعَلْنَاهَا فِتْنَةً لِّلظَّالِمِينَ (63) Рас заққұм ағашын залымдарға сұмдық қылдық |
إِنَّهَا شَجَرَةٌ تَخْرُجُ فِي أَصْلِ الْجَحِيمِ (64) Рас ол, тозақтың түбінде шығатын бір ағаш |
طَلْعُهَا كَأَنَّهُ رُءُوسُ الشَّيَاطِينِ (65) Оның қауашақтары, шайтандардың бастары сияқты. (Өте жаман бейнеде деген ұғымда. Б.Ж.М.К.Р) |
فَإِنَّهُمْ لَآكِلُونَ مِنْهَا فَمَالِئُونَ مِنْهَا الْبُطُونَ (66) Сондай-ақ олардан жеп, қарындарын толтырады |
ثُمَّ إِنَّ لَهُمْ عَلَيْهَا لَشَوْبًا مِّنْ حَمِيمٍ (67) Сосын оларға қайнап тұрған судан сусын беріледі |
ثُمَّ إِنَّ مَرْجِعَهُمْ لَإِلَى الْجَحِيمِ (68) Сосын олардың қайтар жерлері әлбетте тозақ болады |
إِنَّهُمْ أَلْفَوْا آبَاءَهُمْ ضَالِّينَ (69) Рас олар, аталарын адасқан түрде тапқан болатын |
فَهُمْ عَلَىٰ آثَارِهِمْ يُهْرَعُونَ (70) Сонда олар, аталарының ізінше жүгіре берді |
وَلَقَدْ ضَلَّ قَبْلَهُمْ أَكْثَرُ الْأَوَّلِينَ (71) Олардан бұрын, алғашқылардың көбі адасқан еді |
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا فِيهِم مُّنذِرِينَ (72) Расында олардың ішіне де ескертуші жіберген едік |
فَانظُرْ كَيْفَ كَانَ عَاقِبَةُ الْمُنذَرِينَ (73) Ескертілгендердің соңының не болғанын бір көр |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ (74) Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа |
وَلَقَدْ نَادَانَا نُوحٌ فَلَنِعْمَ الْمُجِيبُونَ (75) Расында Нұх (Ғ.С.) Бізге жалбарынды. Біз нендей жақсы қабылдаушымыз |
وَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ (76) Оны да семьясын да зор қиыншылықтан құтқардық |
وَجَعَلْنَا ذُرِّيَّتَهُ هُمُ الْبَاقِينَ (77) Нұх (Ғ.С.) тың үрпақтарын қалдырдық. (Жалғасты түрде өрбіттік) |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ (78) Оны кейінгілерге дәріптеттік |
سَلَامٌ عَلَىٰ نُوحٍ فِي الْعَالَمِينَ (79) Нұх (Ғ.С.) қа бүкіл әлемнен сәлем болсын |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (80) Рас Біз, ізгі іс істеушілерді өстіп сыйлыққа бөлейміз |
إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ (81) Өйткені ол, сенуші құлдарымыздан |
ثُمَّ أَغْرَقْنَا الْآخَرِينَ (82) Сосын басқаларын суға батырдық |
۞ وَإِنَّ مِن شِيعَتِهِ لَإِبْرَاهِيمَ (83) Күдіксіз Ыбырайым (Ғ.С.) де Нұх (Ғ.С.) тың даңғыл жолында |
إِذْ جَاءَ رَبَّهُ بِقَلْبٍ سَلِيمٍ (84) Өйткені, Ыбырайым (Ғ.С.) Раббына, ынталы жүрекпен келген еді |
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَاذَا تَعْبُدُونَ (85) Сол уақытта әкесіне де еліне де: "Нелерге табынасыңдар?",- деді |
أَئِفْكًا آلِهَةً دُونَ اللَّهِ تُرِيدُونَ (86) Алладан өзге етірік тәңірлер қалайсыңдар ма |
فَمَا ظَنُّكُم بِرَبِّ الْعَالَمِينَ (87) Әлемнің Раббына байланысты не ойларың бар |
فَنَظَرَ نَظْرَةً فِي النُّجُومِ (88) Сонда Ыбырайым (Ғ.С.) жұлдыз жаққа назар аударып |
فَقَالَ إِنِّي سَقِيمٌ (89) Мен науқаспын" деді |
فَتَوَلَّوْا عَنْهُ مُدْبِرِينَ (90) Сонда ел одан бтрұлған бойда кете берді |
فَرَاغَ إِلَىٰ آلِهَتِهِمْ فَقَالَ أَلَا تَأْكُلُونَ (91) (Ыбырайым Ғ.С.) олардың тәңірлерінің жанына оңаша барып: "Жемейсіңдер ме?- деді |
مَا لَكُمْ لَا تَنطِقُونَ (92) Неге сөйлемейсіңдер |
فَرَاغَ عَلَيْهِمْ ضَرْبًا بِالْيَمِينِ (93) Сонда аңдып барын, оң қолымен ұрды |
فَأَقْبَلُوا إِلَيْهِ يَزِفُّونَ (94) Олар, оған жүгірісіп келді |
قَالَ أَتَعْبُدُونَ مَا تَنْحِتُونَ (95) (Қолмен) жонып, алғандарыңа шоқынасыңдар ма?",- деді |
وَاللَّهُ خَلَقَكُمْ وَمَا تَعْمَلُونَ (96) Алла сендерді де жасаған нәрселеріңді де жаратты |
قَالُوا ابْنُوا لَهُ بُنْيَانًا فَأَلْقُوهُ فِي الْجَحِيمِ (97) Олар: "Ол үшін бір бина жасап, оны отқа тастап жіберіңдер" десті |
فَأَرَادُوا بِهِ كَيْدًا فَجَعَلْنَاهُمُ الْأَسْفَلِينَ (98) Сонда олар оған бір айлакерлік жасауды ойлады да оларды төмендетіп жібердік |
وَقَالَ إِنِّي ذَاهِبٌ إِلَىٰ رَبِّي سَيَهْدِينِ (99) (Ыбырайш* Ғ.С.): "Раббым жаққа кетемін. Ол, маған жол көрсетеді" деді |
رَبِّ هَبْ لِي مِنَ الصَّالِحِينَ (100) Раббым, маған жақсысынан бір ұл бер |
فَبَشَّرْنَاهُ بِغُلَامٍ حَلِيمٍ (101) Оны өте мұлайым бір ұлмен қуанттық |
فَلَمَّا بَلَغَ مَعَهُ السَّعْيَ قَالَ يَا بُنَيَّ إِنِّي أَرَىٰ فِي الْمَنَامِ أَنِّي أَذْبَحُكَ فَانظُرْ مَاذَا تَرَىٰ ۚ قَالَ يَا أَبَتِ افْعَلْ مَا تُؤْمَرُ ۖ سَتَجِدُنِي إِن شَاءَ اللَّهُ مِنَ الصَّابِرِينَ (102) Ұлы (Ысмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: "Балақайым! Сені түсімде бауыздағанымды көремін; назар аудар, көзқарасың не?",- деда. Ол: "Әй әкетайым! Өзіңе не әмір етілсе, оны орында. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың" деді |
فَلَمَّا أَسْلَمَا وَتَلَّهُ لِلْجَبِينِ (103) (Ыбырайым Ғ.С. құрбан айының ші күні; баласын құрбан шалатын бір түс көріп, күдіктенгендіктен: "Таруя"; күдікгі күн деп, 9-шы күні; және қайта көріп, рас деп танығандықтан: Ғарифа"; тану күні деп, 10-шы күні және көріп, құрбан шалғандықтан: "Нахыр" деп аталады. Б.М.) Сөйтіп екеуі де ұнап, әкесі оны маңдайының үстіне жатқызады. (Құдыретше бауыздаған бышақ кеспеді. Ж.М) |
وَنَادَيْنَاهُ أَن يَا إِبْرَاهِيمُ (104) Біз, оған: "Әй Ыбырайым,- деп, дабыстадық |
قَدْ صَدَّقْتَ الرُّؤْيَا ۚ إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (105) Рас түсінді шынға шығардың. Күдіксіз ізгі іс істегендерді осылайша сынаймыз" (дедік) |
إِنَّ هَٰذَا لَهُوَ الْبَلَاءُ الْمُبِينُ (106) Шын мәнінде бұл бір ашық сынау еді |
وَفَدَيْنَاهُ بِذِبْحٍ عَظِيمٍ (107) Оны ірі бір құрбандыққа ауыстырдық. (Құдыретше бір құрбандық қошқар беріледі. Б.Ж.М.К) |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ (108) Кейінгі нәсілдерде, оған (жақсы даңқ) қалдырдық |
سَلَامٌ عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ (109) Ыбырайым (Ғ.С) ға сәлем |
كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (110) Рас, ізгі істер істеушілерді осылайша сыйлыққа бөлейміз |
إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ (111) Өйткені ол, сенген құлдарымыздан еді |
وَبَشَّرْنَاهُ بِإِسْحَاقَ نَبِيًّا مِّنَ الصَّالِحِينَ (112) Оны пайғамбарлардың ізгілерінен; Ысхақпен шүйіншіледік |
وَبَارَكْنَا عَلَيْهِ وَعَلَىٰ إِسْحَاقَ ۚ وَمِن ذُرِّيَّتِهِمَا مُحْسِنٌ وَظَالِمٌ لِّنَفْسِهِ مُبِينٌ (113) Өзіне де Ысхақ (Ғ.С) қа да береке бердік. Сондай-ақ екеуінің ұрпақтарынан жақсы болғандар да өздеріне ашық зұлымдық еткендер де бар |
وَلَقَدْ مَنَنَّا عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَارُونَ (114) Расында Мұса, Ћарұн (Ғ.С.) ға да игілік бердік |
وَنَجَّيْنَاهُمَا وَقَوْمَهُمَا مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ (115) Екеуін әрі елін зор апаттан құтқардық |
وَنَصَرْنَاهُمْ فَكَانُوا هُمُ الْغَالِبِينَ (116) Оларға жәрдем еттік те сонда олар, жеңіске ие болды |
وَآتَيْنَاهُمَا الْكِتَابَ الْمُسْتَبِينَ (117) Екеуіне түсінікті кітап бердік |
وَهَدَيْنَاهُمَا الصِّرَاطَ الْمُسْتَقِيمَ (118) Екеуіне тура жол көрсеттік |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِمَا فِي الْآخِرِينَ (119) Екеуіне, кейінгі нәсілдерде (жақсы даңқ) қалдырдық |
سَلَامٌ عَلَىٰ مُوسَىٰ وَهَارُونَ (120) Мұса және ћартн (Ғ.С.) ға сәлем |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (121) Рас ізгі іс істегендерді өстіп сыйлыққа бөлейміз |
إِنَّهُمَا مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ (122) Өйткені, екеуі де сенген құлдарымыздан еді |
وَإِنَّ إِلْيَاسَ لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ (123) Әрине Іляс (Ғ.С.) елшілерімізден еді |
إِذْ قَالَ لِقَوْمِهِ أَلَا تَتَّقُونَ (124) Сол уақытта еліне: "Алладан қорықпайсыңдар ма?",- деді |
أَتَدْعُونَ بَعْلًا وَتَذَرُونَ أَحْسَنَ الْخَالِقِينَ (125) Ерекше жаратушыны қойып, "Бағыл" атты бұтқа жалбарынасыңдар ма |
اللَّهَ رَبَّكُمْ وَرَبَّ آبَائِكُمُ الْأَوَّلِينَ (126) Алла, сендердің де бұрынгы аталарыңның да Раббы |
فَكَذَّبُوهُ فَإِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ (127) Сонда елі оны жасынға шығарды. Рас олар, жазаға келтіріледі |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ (128) Бірақ Алланың ықыласты құлдары басқа |
وَتَرَكْنَا عَلَيْهِ فِي الْآخِرِينَ (129) Кейінгі нәсілдерге оған (жақсы даңқ) қалдырдық |
سَلَامٌ عَلَىٰ إِلْ يَاسِينَ (130) Іляс (Ғ.С.) қа сәлем |
إِنَّا كَذَٰلِكَ نَجْزِي الْمُحْسِنِينَ (131) Рас Біз, ізгі іс істегендерді осылайша сыйлыққа бөлейміз |
إِنَّهُ مِنْ عِبَادِنَا الْمُؤْمِنِينَ (132) Өйткені, ол сенімді құлдарымыздан еді |
وَإِنَّ لُوطًا لَّمِنَ الْمُرْسَلِينَ (133) Күдіксіз Лұт (Ғ.С.) елшілерден еді |
إِذْ نَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ أَجْمَعِينَ (134) Сол уақытта оны да семьясын да түгел құтқардық |
إِلَّا عَجُوزًا فِي الْغَابِرِينَ (135) Бірақ қалғандардың ішіндегі бір кемпірден басқа |
ثُمَّ دَمَّرْنَا الْآخَرِينَ (136) Сосын өзгелерін жоқ еттік |
وَإِنَّكُمْ لَتَمُرُّونَ عَلَيْهِم مُّصْبِحِينَ (137) Әрине тәңертең, олардан өтіп жүресіңдер |
وَبِاللَّيْلِ ۗ أَفَلَا تَعْقِلُونَ (138) Әрі түнде де. Сонда да түсінбейсіңдер ме |
وَإِنَّ يُونُسَ لَمِنَ الْمُرْسَلِينَ (139) Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді |
إِذْ أَبَقَ إِلَى الْفُلْكِ الْمَشْحُونِ (140) Күдіксіз Юныс (Ғ.С.) елшілерден еді. Сол уақытта ол, толы кемеге қашқан еді. (Еліне кейіп, кемеге барып түскенде; кеме ауырлап, жүре алмай, шар салғанда соған шығады. Б.Ж.М) |
فَسَاهَمَ فَكَانَ مِنَ الْمُدْحَضِينَ (141) Шар салғанда ол, жеңіліске ұшырады. (Қарғып теңізге түсті) |
فَالْتَقَمَهُ الْحُوتُ وَهُوَ مُلِيمٌ (142) Сонда оны балық жұтты. Ол, айыпталған еді |
فَلَوْلَا أَنَّهُ كَانَ مِنَ الْمُسَبِّحِينَ (143) Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмаса еді |
لَلَبِثَ فِي بَطْنِهِ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ (144) Әрине қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді |
۞ فَنَبَذْنَاهُ بِالْعَرَاءِ وَهُوَ سَقِيمٌ (145) Сонда оны қырға шығарып, тастадық. Ол науқас еді |
وَأَنبَتْنَا عَلَيْهِ شَجَرَةً مِّن يَقْطِينٍ (146) Оның үстіне жапырақты бір ағаш өсірдік |
وَأَرْسَلْنَاهُ إِلَىٰ مِائَةِ أَلْفٍ أَوْ يَزِيدُونَ (147) Оны жүз мың не тағы артығырақ елге жіберген едік |
فَآمَنُوا فَمَتَّعْنَاهُمْ إِلَىٰ حِينٍ (148) Сонда олар иман келтірді де бір мерзімге дейін пайдаландырдық |
فَاسْتَفْتِهِمْ أَلِرَبِّكَ الْبَنَاتُ وَلَهُمُ الْبَنُونَ (149) Енді олардан сұра: "Қыздар Раббыларынікі де, ұлдар олардікі ме |
أَمْ خَلَقْنَا الْمَلَائِكَةَ إِنَاثًا وَهُمْ شَاهِدُونَ (150) Немесе періштелерді ұрғашы жаратқанымызға олар куә ме |
أَلَا إِنَّهُم مِّنْ إِفْكِهِمْ لَيَقُولُونَ (151) Сақ болыңдар! Олар жалғандарын айта береді |
وَلَدَ اللَّهُ وَإِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ (152) Алланың баласы бар" деп, олар мүлде өтірік айтады |
أَصْطَفَى الْبَنَاتِ عَلَى الْبَنِينَ (153) Алла ұлдардан көрі қыздарды артық көре ме |
مَا لَكُمْ كَيْفَ تَحْكُمُونَ (154) Сендерге не болды? Қалай шешім етесіңдер |
أَفَلَا تَذَكَّرُونَ (155) Түсінбейсіқдер ме |
أَمْ لَكُمْ سُلْطَانٌ مُّبِينٌ (156) Немесе сендердің ашық бір дәлелдерің бар ма |
فَأْتُوا بِكِتَابِكُمْ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ (157) Шыншыл болсаңдар кітаптарыңды әкеліңдер |
وَجَعَلُوا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجِنَّةِ نَسَبًا ۚ وَلَقَدْ عَلِمَتِ الْجِنَّةُ إِنَّهُمْ لَمُحْضَرُونَ (158) Олар Алла мен періштелер (Б.Ж.М.К.Р.) арасында ұрпақтық байланыс ұйғарды. Расында періштелер; олардың Алланың алдына келтірілетінін біледі. (Немесе Алла мен жын арасында жег-жаттық ұйгарды) |
سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ (159) Алла (Т.) олардың сипаттауларынан пәк |
إِلَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ (160) Бірақ Алланың нағыз құлдары өйтіп сипаттамайды |
فَإِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ (161) Сонда сендер де табынған нәрселерің де, (бірлесіп) |
مَا أَنتُمْ عَلَيْهِ بِفَاتِنِينَ (162) Сендер Аллаға қарсы бұзақылық шығара алмайсыңдар |
إِلَّا مَنْ هُوَ صَالِ الْجَحِيمِ (163) Бірақ кім тозаққа түсетін болса, ол басқа |
وَمَا مِنَّا إِلَّا لَهُ مَقَامٌ مَّعْلُومٌ (164) Бізден орны белгіленбеген ешкім жоқ |
وَإِنَّا لَنَحْنُ الصَّافُّونَ (165) Шын мәнінде біздер қатарланып тұрушыларданбыз |
وَإِنَّا لَنَحْنُ الْمُسَبِّحُونَ (166) Әрине Алланы дәріптеушілерденбіз |
وَإِن كَانُوا لَيَقُولُونَ (167) Олар былай дейтін еді |
لَوْ أَنَّ عِندَنَا ذِكْرًا مِّنَ الْأَوَّلِينَ (168) Егер бізде бұрынғыларға түсірілген үгіт болса еді |
لَكُنَّا عِبَادَ اللَّهِ الْمُخْلَصِينَ (169) Әлбетте Алланың ықыласты құлдарынан болар едік |
فَكَفَرُوا بِهِ ۖ فَسَوْفَ يَعْلَمُونَ (170) Сонда олар, келген Кітапқа дереу қарсы шықты. Жақында (нәтижені) біледі |
وَلَقَدْ سَبَقَتْ كَلِمَتُنَا لِعِبَادِنَا الْمُرْسَلِينَ (171) Расында елші құлдарымызға сөзіміз бұрын бекіген болатын |
إِنَّهُمْ لَهُمُ الْمَنصُورُونَ (172) Сөз жоқ, оларға жәрдем болады |
وَإِنَّ جُندَنَا لَهُمُ الْغَالِبُونَ (173) Сөзсіз жеңіске ие болатын біздің әскер |
فَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ (174) (Мұхаммед Ғ.С.) сонда олардан бір мезгілге дейін бет бұра тұр |
وَأَبْصِرْهُمْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ (175) Оларды көре тұр, олар да жақында көреді |
أَفَبِعَذَابِنَا يَسْتَعْجِلُونَ (176) Олар азабымыздың жедел келуін қалай ма |
فَإِذَا نَزَلَ بِسَاحَتِهِمْ فَسَاءَ صَبَاحُ الْمُنذَرِينَ (177) Қораларына (азап) түскен кезде, ескерту берілгендердің таңы нендей жаман |
وَتَوَلَّ عَنْهُمْ حَتَّىٰ حِينٍ (178) Сонда олардан бір уаққа дейін аулақ бол |
وَأَبْصِرْ فَسَوْفَ يُبْصِرُونَ (179) Тағы оларды байқай тұр. Жақында олар көреді |
سُبْحَانَ رَبِّكَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ (180) Қастерлі Раббың олардың сипаттағандарынан пәк |
وَسَلَامٌ عَلَى الْمُرْسَلِينَ (181) Елшілерге сәлем |
وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ (182) Барлық мақтау бұкіл әлемнің Раббы, Алла (Т.) ға лайық |