يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ لِمَ تُحَرِّمُ مَا أَحَلَّ اللَّهُ لَكَ ۖ تَبْتَغِي مَرْضَاتَ أَزْوَاجِكَ ۚ وَاللَّهُ غَفُورٌ رَّحِيمٌ (1) Мұхаммед Ғ.С. жұбайларынаі хазіреті Зейнептің үйінен бал шәрбеті ішкенін қызғанған хазрет: Ғайша мен Хафса ақылдасып, Пайғамбар (Ғ.С.) ға: "Аузыңнан сасық иіс шығып тұр" дегендіктен өзіне балды арам етіп, ант ішеді. Б.М.К.Р.Т.Х.Ж-Қ.Т-Қ.) Әй Пайғамбар! Жұбайларыңның ризалығын қалап, Алланың өзіңе халал еткен нәрсесін неге арам етесің? Алла тым жарылқаушы, ерекше мейрімді |
قَدْ فَرَضَ اللَّهُ لَكُمْ تَحِلَّةَ أَيْمَانِكُمْ ۚ وَاللَّهُ مَوْلَاكُمْ ۖ وَهُوَ الْعَلِيمُ الْحَكِيمُ (2) Расында Алла, анттарыңды шешуді парыз қылды. Алла иелерің. Ол, толық білуші, аса дана |
وَإِذْ أَسَرَّ النَّبِيُّ إِلَىٰ بَعْضِ أَزْوَاجِهِ حَدِيثًا فَلَمَّا نَبَّأَتْ بِهِ وَأَظْهَرَهُ اللَّهُ عَلَيْهِ عَرَّفَ بَعْضَهُ وَأَعْرَضَ عَن بَعْضٍ ۖ فَلَمَّا نَبَّأَهَا بِهِ قَالَتْ مَنْ أَنبَأَكَ هَٰذَا ۖ قَالَ نَبَّأَنِيَ الْعَلِيمُ الْخَبِيرُ (3) Сол уақытта Пайғамбар (Ғ.С.) кейбір жұбайына берген сырды, ол басқаға хабарлап қойган сәтте, Алла оны Пайғамбарга білдірді. Бірақ Пайғамбар жұбайына оның кейбірін білдіріп, кейбірін білдірмеді. Сонда оны жұбайына білдірген сәтте, ол: "Бұны саған кім білдірді?",- дегенде, Пайғамбар (Ғ.С.): "Маған толық білуші, әр нәрседен хабар алушы Алла білдірді" деді |
إِن تَتُوبَا إِلَى اللَّهِ فَقَدْ صَغَتْ قُلُوبُكُمَا ۖ وَإِن تَظَاهَرَا عَلَيْهِ فَإِنَّ اللَّهَ هُوَ مَوْلَاهُ وَجِبْرِيلُ وَصَالِحُ الْمُؤْمِنِينَ ۖ وَالْمَلَائِكَةُ بَعْدَ ذَٰلِكَ ظَهِيرٌ (4) Егер екеуің Аллаға тәубе етсеңдер жақсы. Расында жүректерің ауытқыды. Егер екеуің Пайғамбарға қарсы бір-біріңе болыссаңдар, оның иесі Алла және Жебрейіл (Ғ.С.) де, игі мүміндер де, тағы олардан кейін ; періштелер де оған болысады |
عَسَىٰ رَبُّهُ إِن طَلَّقَكُنَّ أَن يُبْدِلَهُ أَزْوَاجًا خَيْرًا مِّنكُنَّ مُسْلِمَاتٍ مُّؤْمِنَاتٍ قَانِتَاتٍ تَائِبَاتٍ عَابِدَاتٍ سَائِحَاتٍ ثَيِّبَاتٍ وَأَبْكَارًا (5) (Әй Пайғамбардың жұбайлары!) Егер сендерді ажыратса, Раббы оған орындарыңа сендерден жақсы, Мұсылман; мүмін, бой ұсынушы, тәубе етуші, құлшылық қылушы, ораза ұстаушы, тұл және ер көрмеген қыз жұбайлар беруі мүмкін |
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا قُوا أَنفُسَكُمْ وَأَهْلِيكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ عَلَيْهَا مَلَائِكَةٌ غِلَاظٌ شِدَادٌ لَّا يَعْصُونَ اللَّهَ مَا أَمَرَهُمْ وَيَفْعَلُونَ مَا يُؤْمَرُونَ (6) Әй мүміндер! Өздеріңді әрі үй-іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар. Оның басындағы періштелер; жуан денелі, қатал. Олар, Алланың өздеріне берген әмірлеріне қарсы келмейді. Не бұйрылса, соны орындайды |
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ كَفَرُوا لَا تَعْتَذِرُوا الْيَوْمَ ۖ إِنَّمَا تُجْزَوْنَ مَا كُنتُمْ تَعْمَلُونَ (7) Әй қарсы келгендер! Бүгін сылтауратпаңдар! Шын мәнінде істегендеріңнің сазайын тартасыңдар |
يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا تُوبُوا إِلَى اللَّهِ تَوْبَةً نَّصُوحًا عَسَىٰ رَبُّكُمْ أَن يُكَفِّرَ عَنكُمْ سَيِّئَاتِكُمْ وَيُدْخِلَكُمْ جَنَّاتٍ تَجْرِي مِن تَحْتِهَا الْأَنْهَارُ يَوْمَ لَا يُخْزِي اللَّهُ النَّبِيَّ وَالَّذِينَ آمَنُوا مَعَهُ ۖ نُورُهُمْ يَسْعَىٰ بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَبِأَيْمَانِهِمْ يَقُولُونَ رَبَّنَا أَتْمِمْ لَنَا نُورَنَا وَاغْفِرْ لَنَا ۖ إِنَّكَ عَلَىٰ كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ (8) Әй мүміндер! Аллаға шынайы тәубе қылыңдар. Раббыларың жамандықтарыңды жойып, астарынан өзендер ағатын ұжмақтарға кіргізуі үміт етіледі. Алла, ол күні, Пайғамбарды, онымен бірге иман келтіргендерді кейітпейді; олардың нұрлары алдарында, оң жақтарында жұреді. Олар: "Раббымыз! Нұрымызды толықтыр, бізді жарылқа. Сөзсіз Сенің әр нәрсеге толық күшің жетеді" дейді. (С.ІЗ-А) |
يَا أَيُّهَا النَّبِيُّ جَاهِدِ الْكُفَّارَ وَالْمُنَافِقِينَ وَاغْلُظْ عَلَيْهِمْ ۚ وَمَأْوَاهُمْ جَهَنَّمُ ۖ وَبِئْسَ الْمَصِيرُ (9) Әй Пайғамбар! Кәпірлер және мұнафықтармен күрес. Сондай-ақ оларға қатаң бол. Олардың орны тозақ нендей жаман орын |
ضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا لِّلَّذِينَ كَفَرُوا امْرَأَتَ نُوحٍ وَامْرَأَتَ لُوطٍ ۖ كَانَتَا تَحْتَ عَبْدَيْنِ مِنْ عِبَادِنَا صَالِحَيْنِ فَخَانَتَاهُمَا فَلَمْ يُغْنِيَا عَنْهُمَا مِنَ اللَّهِ شَيْئًا وَقِيلَ ادْخُلَا النَّارَ مَعَ الدَّاخِلِينَ (10) Алла (Т.) кәпірлерге Нұх (Ғ.С.) тың әйелі мен Лүт (Ғ.С.) тың әйелін мысал көрсетті. Олар жақсы құлдарымыздан екі құлдың некесінде еді. Сонда екеуі де оларға опасыздық қылды. Сондықтан екі пайғамбар да ол екеуін Алладан еш қорғай алмады "Екеуің тозаққа кірушілермен бірге кіріңдер." делінді |
وَضَرَبَ اللَّهُ مَثَلًا لِّلَّذِينَ آمَنُوا امْرَأَتَ فِرْعَوْنَ إِذْ قَالَتْ رَبِّ ابْنِ لِي عِندَكَ بَيْتًا فِي الْجَنَّةِ وَنَجِّنِي مِن فِرْعَوْنَ وَعَمَلِهِ وَنَجِّنِي مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ (11) Алла (Т.) иман келтіргендерге Перғауынның әйелін мысал көрсетті. Сол уақытта ол: "Раббым! Өз жаныңнан маған бейіште бір үй жаса әрі мені Перғауыннан және оның істегендерінен құтқар. Сондай-ақ залым елден де құтқар" деген еді |
وَمَرْيَمَ ابْنَتَ عِمْرَانَ الَّتِي أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهِ مِن رُّوحِنَا وَصَدَّقَتْ بِكَلِمَاتِ رَبِّهَا وَكُتُبِهِ وَكَانَتْ مِنَ الْقَانِتِينَ (12) Ғымран қызы Мәрйемді мысал көрсетті. Ол ұятты жерін қорғаған. Сондықтан рұхымыздан үрлеген едік. Ол, Раббының сөздерін және кітаптарын растаған еді. Сондай-ақ бой ұсынушылардан еді. (Нұх Ғ.С. ның әйелі; уаһила, еліне: "Ол жынды" деп, Лұт Ғ.С. ның әйелі; қонақ болып келген періштелерді, еліндегі бұзықтарға хабар беретін еді. Ал Перғауынның әйелі, Асия Мазақым қызы; Мұса Ғ.С. га иман келтіргендіктен, Перғауын оны төрт қазыққа керіп, аяусыз түрде қинаумен өлтіреді. Ғымран қызы Мәрйем; Алланың әміріиен екі қабат болып, Ғиса Ғ.С. ды дүниеге келтіреді. Ж.М.Х.Т) |