القرآن باللغة الكازاخستانية - سورة عبس مترجمة إلى اللغة الكازاخستانية، Surah Abasa in Kazakh. نوفر ترجمة دقيقة سورة عبس باللغة الكازاخستانية - Kazakh, الآيات 42 - رقم السورة 80 - الصفحة 585.

| عَبَسَ وَتَوَلَّىٰ (1) Қабақ шытып,бет бұрды |
| أَن جَاءَهُ الْأَعْمَىٰ (2) Оған соқырдың келуімен |
| وَمَا يُدْرِيكَ لَعَلَّهُ يَزَّكَّىٰ (3) Қайдан білесің,мүмкін ол тазарар |
| أَوْ يَذَّكَّرُ فَتَنفَعَهُ الذِّكْرَىٰ (4) Не үгіт алар,оған үгіт пайда берер |
| أَمَّا مَنِ اسْتَغْنَىٰ (5) Ал енді байсынған;(Құрайш бастықтары) келсе |
| فَأَنتَ لَهُ تَصَدَّىٰ (6) Оған көңіл бөлесің |
| وَمَا عَلَيْكَ أَلَّا يَزَّكَّىٰ (7) Ол тазармаса саған не |
| وَأَمَّا مَن جَاءَكَ يَسْعَىٰ (8) Ал енді саған жұгіріп келген біреу |
| وَهُوَ يَخْشَىٰ (9) Ол,(Алладан) қорқады |
| فَأَنتَ عَنْهُ تَلَهَّىٰ (10) Сонда да оған селқос қарайсың |
| كَلَّا إِنَّهَا تَذْكِرَةٌ (11) Жоқ,олай емес.Әлбетте Құран бір насихат |
| فَمَن شَاءَ ذَكَرَهُ (12) Сондықтан кім қаласа,үгіт алады |
| فِي صُحُفٍ مُّكَرَّمَةٍ (13) Құрметті нұсқаларда жазулы |
| مَّرْفُوعَةٍ مُّطَهَّرَةٍ (14) Жоғары бағаланған тап-таза |
| بِأَيْدِي سَفَرَةٍ (15) Елшілердің қолында |
| كِرَامٍ بَرَرَةٍ (16) Ардақта,игі.(Періштелер;Лаухы Махфуздан көшірген.Б.Ж.Х) |
| قُتِلَ الْإِنسَانُ مَا أَكْفَرَهُ (17) (Жаны шықсын) Оған,адам баласы қалай қарсы |
| مِنْ أَيِّ شَيْءٍ خَلَقَهُ (18) Алла адамды не нәрседен жаратты |
| مِن نُّطْفَةٍ خَلَقَهُ فَقَدَّرَهُ (19) Бір тамшыдан жаратып,оны бейнеледі |
| ثُمَّ السَّبِيلَ يَسَّرَهُ (20) Сосын оның жолын оңайластырды |
| ثُمَّ أَمَاتَهُ فَأَقْبَرَهُ (21) Кейін оған өлім біріп,оны қабырға қойдырды |
| ثُمَّ إِذَا شَاءَ أَنشَرَهُ (22) Қалаған сәтте,оны тірілтеді |
| كَلَّا لَمَّا يَقْضِ مَا أَمَرَهُ (23) Жоқ,ол Алланың әмірін орындамады |
| فَلْيَنظُرِ الْإِنسَانُ إِلَىٰ طَعَامِهِ (24) Ал енді адамзат,жеген тамағына бір көз салсын |
| أَنَّا صَبَبْنَا الْمَاءَ صَبًّا (25) Әрине мол су бердік |
| ثُمَّ شَقَقْنَا الْأَرْضَ شَقًّا (26) Сосын қара жерді қақ айырдық |
| فَأَنبَتْنَا فِيهَا حَبًّا (27) Сонда жерде дәнді дақылдар өсірдік |
| وَعِنَبًا وَقَضْبًا (28) Жүзімдер,жоңышқалар |
| وَزَيْتُونًا وَنَخْلًا (29) Зәйтіндер,құрмалар |
| وَحَدَائِقَ غُلْبًا (30) Ну бақшалар |
| وَفَاكِهَةً وَأَبًّا (31) Жемістер,өлеңдер |
| مَّتَاعًا لَّكُمْ وَلِأَنْعَامِكُمْ (32) Сендер әрі малдарың пайдалану үшін |
| فَإِذَا جَاءَتِ الصَّاخَّةُ (33) Ал енді қатты дауыс келген сәтте |
| يَوْمَ يَفِرُّ الْمَرْءُ مِنْ أَخِيهِ (34) Сол күні,кісі туысынан қашады |
| وَأُمِّهِ وَأَبِيهِ (35) Шешесінен,әкесінен |
| وَصَاحِبَتِهِ وَبَنِيهِ (36) Әйелінен және балаларынан |
| لِكُلِّ امْرِئٍ مِّنْهُمْ يَوْمَئِذٍ شَأْنٌ يُغْنِيهِ (37) Ол күні әркімнің ісі ауыр.(Әркім өз халымен әлек) |
| وُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ مُّسْفِرَةٌ (38) Ол күні кейбір жүздер,жарқырайды |
| ضَاحِكَةٌ مُّسْتَبْشِرَةٌ (39) Күлген қуанышты |
| وَوُجُوهٌ يَوْمَئِذٍ عَلَيْهَا غَبَرَةٌ (40) Ол күні кейбір жүздің үстін шаң басқан болады |
| تَرْهَقُهَا قَتَرَةٌ (41) Оны қара түнек қаптаған болады |
| أُولَٰئِكَ هُمُ الْكَفَرَةُ الْفَجَرَةُ (42) Міне солар,қарсы келген бұзақылар |