اقْتَرَبَ لِلنَّاسِ حِسَابُهُمْ وَهُمْ فِي غَفْلَةٍ مُّعْرِضُونَ (1) Адам баласының есеп көретін мезгілі таяды. Алайда, олар кәперсіз бет бұруда |
مَا يَأْتِيهِم مِّن ذِكْرٍ مِّن رَّبِّهِم مُّحْدَثٍ إِلَّا اسْتَمَعُوهُ وَهُمْ يَلْعَبُونَ (2) Олар, Раббыларынан өздеріне келген әр жаңа ескертуді мүлде ойыншық етіп қана тыңдайды |
لَاهِيَةً قُلُوبُهُمْ ۗ وَأَسَرُّوا النَّجْوَى الَّذِينَ ظَلَمُوا هَلْ هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُكُمْ ۖ أَفَتَأْتُونَ السِّحْرَ وَأَنتُمْ تُبْصِرُونَ (3) Олардың жүректері боста. Жасырын кеңескен залымдар: "Бұл сендер сияқты ғана адам. Көре тұра сиқырға ересіңдер ме?",- (деп күңкілдесті) |
قَالَ رَبِّي يَعْلَمُ الْقَوْلَ فِي السَّمَاءِ وَالْأَرْضِ ۖ وَهُوَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ (4) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Раббым; жер, көктегі сөйленгенді біледі. Сондай-ақ Ол, толык естуші, білуші" деді |
بَلْ قَالُوا أَضْغَاثُ أَحْلَامٍ بَلِ افْتَرَاهُ بَلْ هُوَ شَاعِرٌ فَلْيَأْتِنَا بِآيَةٍ كَمَا أُرْسِلَ الْأَوَّلُونَ (5) Олар: "Олай емес. бұл шым-шытырық түстер. Жоқ, өзінің жасандысы. Жоқ, ол ақын. Әйтпесе, бізге бұрынгы елшілерше бір белгі келтірсін" деді |
مَا آمَنَتْ قَبْلَهُم مِّن قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا ۖ أَفَهُمْ يُؤْمِنُونَ (6) Бұлардан бұрынғы біз жоқ еткен кент (халқы) иман келтірмеді. Енді бұлар иман келтіре ме |
وَمَا أَرْسَلْنَا قَبْلَكَ إِلَّا رِجَالًا نُّوحِي إِلَيْهِمْ ۖ فَاسْأَلُوا أَهْلَ الذِّكْرِ إِن كُنتُمْ لَا تَعْلَمُونَ (7) Сенен бұрын да өздеріне уахи етіп, еркектерді ғана жіберген едік. Егер білмесеңдер Кітап иелерінен сұраңдар |
وَمَا جَعَلْنَاهُمْ جَسَدًا لَّا يَأْكُلُونَ الطَّعَامَ وَمَا كَانُوا خَالِدِينَ (8) Ол пайғамбарларды тамақ жемейтін бір дене қылмадық. Сондай-ақ олар мәңгі қалушы да емес |
ثُمَّ صَدَقْنَاهُمُ الْوَعْدَ فَأَنجَيْنَاهُمْ وَمَن نَّشَاءُ وَأَهْلَكْنَا الْمُسْرِفِينَ (9) Сонан кейін оларға етілген уәдемізді шынға шығарып, оларды және қалаған кісілерімізді құтқардық та шектен шығушыларды жоқ еттік |
لَقَدْ أَنزَلْنَا إِلَيْكُمْ كِتَابًا فِيهِ ذِكْرُكُمْ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ (10) Сендерге ішінде өздеріңе үгіт болған бір Кітап жібердік. Сонда да түсінбейсіңдер ме |
وَكَمْ قَصَمْنَا مِن قَرْيَةٍ كَانَتْ ظَالِمَةً وَأَنشَأْنَا بَعْدَهَا قَوْمًا آخَرِينَ (11) Қаншалаған халқы залым кентті талқандадық та одан кейін басқа ел жараттық |
فَلَمَّا أَحَسُّوا بَأْسَنَا إِذَا هُم مِّنْهَا يَرْكُضُونَ (12) Сонда олар азабьмызды сезген сәтте, ол жерден қаша бастады |
لَا تَرْكُضُوا وَارْجِعُوا إِلَىٰ مَا أُتْرِفْتُمْ فِيهِ وَمَسَاكِنِكُمْ لَعَلَّكُمْ تُسْأَلُونَ (13) Қашпаңдар! Бақ берілген жерге, үйлеріңе қайтыңдар. Мүмкін сұраласыңдар" (деді) |
قَالُوا يَا وَيْلَنَا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ (14) Олар: Өкінішке орай біз залым екеміз" деді |
فَمَا زَالَت تِّلْكَ دَعْوَاهُمْ حَتَّىٰ جَعَلْنَاهُمْ حَصِيدًا خَامِدِينَ (15) Осы дауыстары; біз оларды орылған шөп, сөнген отқа айналдырғанға дейін сенбеді |
وَمَا خَلَقْنَا السَّمَاءَ وَالْأَرْضَ وَمَا بَيْنَهُمَا لَاعِبِينَ (16) Көк пен жерді және екі арасындағыны ойыншық қып жаратпадық |
لَوْ أَرَدْنَا أَن نَّتَّخِذَ لَهْوًا لَّاتَّخَذْنَاهُ مِن لَّدُنَّا إِن كُنَّا فَاعِلِينَ (17) Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де оны жасайтын болсақ өз қасымыздан-ақ жасап алар едік |
بَلْ نَقْذِفُ بِالْحَقِّ عَلَى الْبَاطِلِ فَيَدْمَغُهُ فَإِذَا هُوَ زَاهِقٌ ۚ وَلَكُمُ الْوَيْلُ مِمَّا تَصِفُونَ (18) Егер етірікті, шындықпен ұрсақ, миын бырқ еткізер еді де сонда ол жойылып, кетер еді. Жасанды сөздеріңнің салдарынан сендерге нендей өкініш |
وَلَهُ مَن فِي السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ ۚ وَمَنْ عِندَهُ لَا يَسْتَكْبِرُونَ عَنْ عِبَادَتِهِ وَلَا يَسْتَحْسِرُونَ (19) Көктер мен жердегілер Алланікі. Оның қасындағылар, Оған құлшылық қылудан дандайсымайды да шаршамайды |
يُسَبِّحُونَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ لَا يَفْتُرُونَ (20) Олар күндіз-түні Алланы дәріптеуден жалықпайды |
أَمِ اتَّخَذُوا آلِهَةً مِّنَ الْأَرْضِ هُمْ يُنشِرُونَ (21) Олардың жерден жасап алған тәңірлері; солар, өліктерді тірілте ме |
لَوْ كَانَ فِيهِمَا آلِهَةٌ إِلَّا اللَّهُ لَفَسَدَتَا ۚ فَسُبْحَانَ اللَّهِ رَبِّ الْعَرْشِ عَمَّا يَصِفُونَ (22) Егер жер-көкте Алладан басқа да тәңірлер болса еді, әлбетте екеуі де бұзылып, кетер еді. Ғаршының Раббы Алла, олардың жасанды сипаттарынан пәк |
لَا يُسْأَلُ عَمَّا يَفْعَلُ وَهُمْ يُسْأَلُونَ (23) Ол, істегендерінен сұралмайды да олар сұралады |
أَمِ اتَّخَذُوا مِن دُونِهِ آلِهَةً ۖ قُلْ هَاتُوا بُرْهَانَكُمْ ۖ هَٰذَا ذِكْرُ مَن مَّعِيَ وَذِكْرُ مَن قَبْلِي ۗ بَلْ أَكْثَرُهُمْ لَا يَعْلَمُونَ الْحَقَّ ۖ فَهُم مُّعْرِضُونَ (24) Немесе олар, Алладан өзге тәңірлер жасап алды ма? (Мұхаммед Ғ.С.): Дәлелдеріңді келтіріңдер. Міне менімен бірге болғандардың Кітабы және менен бурынгылардың Кітабы" де. Олай емес, олардың көбі шындықты білмейді. Сондықтан олар жалтарады |
وَمَا أَرْسَلْنَا مِن قَبْلِكَ مِن رَّسُولٍ إِلَّا نُوحِي إِلَيْهِ أَنَّهُ لَا إِلَٰهَ إِلَّا أَنَا فَاعْبُدُونِ (25) (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: "Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар" деп қана уахи етіп, жібердік |
وَقَالُوا اتَّخَذَ الرَّحْمَٰنُ وَلَدًا ۗ سُبْحَانَهُ ۚ بَلْ عِبَادٌ مُّكْرَمُونَ (26) Сонда олар: "Алланың баласы бар" деді. Алла одан пәк. Олай емес, періштелер ардақты құлдары. (Олар періште Алланың қыздары дейтін еді) |
لَا يَسْبِقُونَهُ بِالْقَوْلِ وَهُم بِأَمْرِهِ يَعْمَلُونَ (27) Олар, Одан оза сөз сөйлемейді. Сондай-ақ олар, Оның әмірін ғана орындайды |
يَعْلَمُ مَا بَيْنَ أَيْدِيهِمْ وَمَا خَلْفَهُمْ وَلَا يَشْفَعُونَ إِلَّا لِمَنِ ارْتَضَىٰ وَهُم مِّنْ خَشْيَتِهِ مُشْفِقُونَ (28) Алла олардың өткенін де келешегін де біледі. Олар, Алланың разы болған кісісіне ғана шапағат ете алады. Олар Алладан қорыққаннан тітірейді |
۞ وَمَن يَقُلْ مِنْهُمْ إِنِّي إِلَٰهٌ مِّن دُونِهِ فَذَٰلِكَ نَجْزِيهِ جَهَنَّمَ ۚ كَذَٰلِكَ نَجْزِي الظَّالِمِينَ (29) Олардан кім: "Алладан өзге мен де тәңірмін!,- десе, оны тозақпен жазаландырамыз. Залымдардың сазайын сөйтіп тарттырамыз |
أَوَلَمْ يَرَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْنَاهُمَا ۖ وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ ۖ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ (30) Қарсы болғандар, негізінде көктер менен жер тиіскен еді. Екеуін ажыратқанымызды, әр жанды нәрсені судан жаратқанымызды көрмей ме? Сондай-ақ сенбей ме |
وَجَعَلْنَا فِي الْأَرْضِ رَوَاسِيَ أَن تَمِيدَ بِهِمْ وَجَعَلْنَا فِيهَا فِجَاجًا سُبُلًا لَّعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ (31) Жер оларды тербетпесін деп, асқар тауларды орналастырдық. (С. 16-А) Және жөн табулары үшін кең жолдар жараттық |
وَجَعَلْنَا السَّمَاءَ سَقْفًا مَّحْفُوظًا ۖ وَهُمْ عَنْ آيَاتِهَا مُعْرِضُونَ (32) Аспанды берік бір төбе қылдық. Олар болса, мұндағы белгілерден бет бұрады |
وَهُوَ الَّذِي خَلَقَ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ وَالشَّمْسَ وَالْقَمَرَ ۖ كُلٌّ فِي فَلَكٍ يَسْبَحُونَ (33) Ол сондай Алла; түнді, күндізді, күнді және айды жаратты. Әрқайсысы өз айналасында жүзеді |
وَمَا جَعَلْنَا لِبَشَرٍ مِّن قَبْلِكَ الْخُلْدَ ۖ أَفَإِن مِّتَّ فَهُمُ الْخَالِدُونَ (34) (Мұхаммед Ғ.С.) сенен бұрын да адам баласына мәңгілік (өмір) бермедік. Ал егер сен өлсең сонда олар мәңгі қала ма |
كُلُّ نَفْسٍ ذَائِقَةُ الْمَوْتِ ۗ وَنَبْلُوكُم بِالشَّرِّ وَالْخَيْرِ فِتْنَةً ۖ وَإِلَيْنَا تُرْجَعُونَ (35) Әркім өлімді татады. Сендерді сынап; жаман-жақсы күйге саламыз. Сондай-ақ бізге қайтарыласыңдар |
وَإِذَا رَآكَ الَّذِينَ كَفَرُوا إِن يَتَّخِذُونَكَ إِلَّا هُزُوًا أَهَٰذَا الَّذِي يَذْكُرُ آلِهَتَكُمْ وَهُم بِذِكْرِ الرَّحْمَٰنِ هُمْ كَافِرُونَ (36) (Мұхаммед Ғ.С.) қарсы болғандар, қашан сені көрсе, өзіңді мүлде тәлкектеп: "Тәңірлеріңді сөз қылып жүрген осыма?",- дейді. Сондай-ақ олар өздері Рахманның зікіріне (Кітабына) қарсы |
خُلِقَ الْإِنسَانُ مِنْ عَجَلٍ ۚ سَأُرِيكُمْ آيَاتِي فَلَا تَسْتَعْجِلُونِ (37) Адам баласы асыққыш болып жаратылған. Белгілерімді көрсетемін. Менен тез тілемеңдер |
وَيَقُولُونَ مَتَىٰ هَٰذَا الْوَعْدُ إِن كُنتُمْ صَادِقِينَ (38) Олар: "Ал егер шын айтсаңдар, осы уәде қашан келеді?",- дейді |
لَوْ يَعْلَمُ الَّذِينَ كَفَرُوا حِينَ لَا يَكُفُّونَ عَن وُجُوهِهِمُ النَّارَ وَلَا عَن ظُهُورِهِمْ وَلَا هُمْ يُنصَرُونَ (39) Егер қарсы болғандар; оттан беттерін де арқаларын да қорғай алмайтын мезгілді білсе еді |
بَلْ تَأْتِيهِم بَغْتَةً فَتَبْهَتُهُمْ فَلَا يَسْتَطِيعُونَ رَدَّهَا وَلَا هُمْ يُنظَرُونَ (40) Олай емес! Бейнет оларға кенеттен келіп, өздерін абыржытады. Сонда олар оны тойтара алмайды да өздеріне мұрса да берілмейді |
وَلَقَدِ اسْتُهْزِئَ بِرُسُلٍ مِّن قَبْلِكَ فَحَاقَ بِالَّذِينَ سَخِرُوا مِنْهُم مَّا كَانُوا بِهِ يَسْتَهْزِئُونَ (41) Расында сенен бұрынғы пайғамбарлар да ажыуаланған. Сонда мазақтағандардың, тәлкектеген нәрселері өз бастарына жеткен |
قُلْ مَن يَكْلَؤُكُم بِاللَّيْلِ وَالنَّهَارِ مِنَ الرَّحْمَٰنِ ۗ بَلْ هُمْ عَن ذِكْرِ رَبِّهِم مُّعْرِضُونَ (42) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Сендерді күндіз-түні Алладан кім арашалай алады?",- де. Керісінше олар Раббыларының насихатынан бет бұруда |
أَمْ لَهُمْ آلِهَةٌ تَمْنَعُهُم مِّن دُونِنَا ۚ لَا يَسْتَطِيعُونَ نَصْرَ أَنفُسِهِمْ وَلَا هُم مِّنَّا يُصْحَبُونَ (43) Немесе бізден өзге өздерін корғайтын тәңірлері бар ма? Тәңірлері өз бастарына жәрдем ете алмаумен қатар бізден де қолдау таппайды |
بَلْ مَتَّعْنَا هَٰؤُلَاءِ وَآبَاءَهُمْ حَتَّىٰ طَالَ عَلَيْهِمُ الْعُمُرُ ۗ أَفَلَا يَرَوْنَ أَنَّا نَأْتِي الْأَرْضَ نَنقُصُهَا مِنْ أَطْرَافِهَا ۚ أَفَهُمُ الْغَالِبُونَ (44) Әрине, оларды да, аталарын да ұзын бір өмірге дейін пайдаландырдық. Ал енді олар, жерді айналасынан (апаттар арқылы) кеміткенімізді көрмей ме? Сонда жеңіске солар ие бола ма |
قُلْ إِنَّمَا أُنذِرُكُم بِالْوَحْيِ ۚ وَلَا يَسْمَعُ الصُّمُّ الدُّعَاءَ إِذَا مَا يُنذَرُونَ (45) (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: "Шын мәнінде сендерге уахи арқылы ескертемін. Саңырау ескертілсе де дауысты естімейді" де |
وَلَئِن مَّسَّتْهُمْ نَفْحَةٌ مِّنْ عَذَابِ رَبِّكَ لَيَقُولُنَّ يَا وَيْلَنَا إِنَّا كُنَّا ظَالِمِينَ (46) Рас, егер оларға Раббыңның азабынан азғантай ғана жетсе, олар: "Нендей өкініш! Біз залым екеміз" дейді |
وَنَضَعُ الْمَوَازِينَ الْقِسْطَ لِيَوْمِ الْقِيَامَةِ فَلَا تُظْلَمُ نَفْسٌ شَيْئًا ۖ وَإِن كَانَ مِثْقَالَ حَبَّةٍ مِّنْ خَرْدَلٍ أَتَيْنَا بِهَا ۗ وَكَفَىٰ بِنَا حَاسِبِينَ (47) Қиямет күні, туралық таразысын қоямыз . Сонда ешкім әділетсіздікке ұшырамайды. Егер бір үрық түйірінің салмағындай болса да оны әкелеміз. Есеп көруде жеткіліктіміз |
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَىٰ وَهَارُونَ الْفُرْقَانَ وَضِيَاءً وَذِكْرًا لِّلْمُتَّقِينَ (48) Рас Мұса мен Һарүн (Ғ.С.) ға жақсы-жаманды ажырататын, тақуалар үшін жарық және үгіт түрінде Кітап бердік |
الَّذِينَ يَخْشَوْنَ رَبَّهُم بِالْغَيْبِ وَهُم مِّنَ السَّاعَةِ مُشْفِقُونَ (49) Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтен үрейленеді |
وَهَٰذَا ذِكْرٌ مُّبَارَكٌ أَنزَلْنَاهُ ۚ أَفَأَنتُمْ لَهُ مُنكِرُونَ (50) Бұл Құран біз түсірген мүбарак бір насихат. Енді соған да қарсы келесіңдер ме |
۞ وَلَقَدْ آتَيْنَا إِبْرَاهِيمَ رُشْدَهُ مِن قَبْلُ وَكُنَّا بِهِ عَالِمِينَ (51) Рас, бұрын Ыбырайым (Ғ.С.) ға да туралық берген едік |
إِذْ قَالَ لِأَبِيهِ وَقَوْمِهِ مَا هَٰذِهِ التَّمَاثِيلُ الَّتِي أَنتُمْ لَهَا عَاكِفُونَ (52) Сол уақытта ол; әкесіне, еліне: "Мына сендер шоқынған мүсіндер не?",- деді |
قَالُوا وَجَدْنَا آبَاءَنَا لَهَا عَابِدِينَ (53) Олар: "Біз аталарымызды осыған табынған түрде таптық.",-деді |
قَالَ لَقَدْ كُنتُمْ أَنتُمْ وَآبَاؤُكُمْ فِي ضَلَالٍ مُّبِينٍ (54) (Ыбырайым Ғ.С.): "Рас сендер де аталарың да адасудасыңдар" деді |
قَالُوا أَجِئْتَنَا بِالْحَقِّ أَمْ أَنتَ مِنَ اللَّاعِبِينَ (55) Олар: "Сен бізге шындықты әкелдің бе? Ойнап, жүрсің бе?",- деді |
قَالَ بَل رَّبُّكُمْ رَبُّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضِ الَّذِي فَطَرَهُنَّ وَأَنَا عَلَىٰ ذَٰلِكُم مِّنَ الشَّاهِدِينَ (56) Олай емес. Негізінде сендердің Раббыларың, көктер мен жердің Раббы; соларды Ол жаратты. Сондай-ақ осыларыңа айғақ болушыларданмын" деді |
وَتَاللَّهِ لَأَكِيدَنَّ أَصْنَامَكُم بَعْدَ أَن تُوَلُّوا مُدْبِرِينَ (57) Аллаға серт етемін! Сендер бұрылып кеткеннен кейін әлбетте бұттарыңа соқтығамын" (деді) |
فَجَعَلَهُمْ جُذَاذًا إِلَّا كَبِيرًا لَّهُمْ لَعَلَّهُمْ إِلَيْهِ يَرْجِعُونَ (58) Сонда оларды быт-шыт қылып, бәлкім осыған айналар деп, үлкенін ғана қойды |
قَالُوا مَن فَعَلَ هَٰذَا بِآلِهَتِنَا إِنَّهُ لَمِنَ الظَّالِمِينَ (59) Олар: "Бұны тәңірлерімізге кім істесе де ол, анық залым екен" десті |
قَالُوا سَمِعْنَا فَتًى يَذْكُرُهُمْ يُقَالُ لَهُ إِبْرَاهِيمُ (60) Ыбырайым деген бір жігіттің осыларды сөз қып жүргенін естідік" десті |
قَالُوا فَأْتُوا بِهِ عَلَىٰ أَعْيُنِ النَّاسِ لَعَلَّهُمْ يَشْهَدُونَ (61) Оны, көрулері үшін адамдардың көз алдына алып келіңдер" десті |
قَالُوا أَأَنتَ فَعَلْتَ هَٰذَا بِآلِهَتِنَا يَا إِبْرَاهِيمُ (62) Әй Ыбырайым! Осыны тәңірлерімізге сен істедің бе?",-десті |
قَالَ بَلْ فَعَلَهُ كَبِيرُهُمْ هَٰذَا فَاسْأَلُوهُمْ إِن كَانُوا يَنطِقُونَ (63) Бәлкім мына олардың үлкені істеген шығар. Егер сөйлей алатын болса, олардан сұраңдар" деді |
فَرَجَعُوا إِلَىٰ أَنفُسِهِمْ فَقَالُوا إِنَّكُمْ أَنتُمُ الظَّالِمُونَ (64) Олар өзара: "Шынында сендер залымсыңдар" десті |
ثُمَّ نُكِسُوا عَلَىٰ رُءُوسِهِمْ لَقَدْ عَلِمْتَ مَا هَٰؤُلَاءِ يَنطِقُونَ (65) Сосын олар, мүсеуірей сүлкиіп: "Расында бұлардың сөйлемейтінін білесің ғой" деді |
قَالَ أَفَتَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنفَعُكُمْ شَيْئًا وَلَا يَضُرُّكُمْ (66) Онда сендер Алланы қойып, өздеріңе ешбір пайда, зиян келтіре алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма |
أُفٍّ لَّكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ ۖ أَفَلَا تَعْقِلُونَ (67) Түһ! Сендерге де Алланы қойып, табынғандарыңа да. Енді де түсінбейсіңдер ме?",- деді |
قَالُوا حَرِّقُوهُ وَانصُرُوا آلِهَتَكُمْ إِن كُنتُمْ فَاعِلِينَ (68) Олар: "Егер бір нәрсе істейтін болсаңдар, Ыбырайымды өртеп, тәңірлеріңе көмек етіңдер" десті. (Олар, Ыбырайымның қол-аяғын байлап, "мүнжанық" деген атқы арқылы отқа атарда Жебрейіл (Ғ.С.) келіп: "Бір хажетін бар ма?",- дегенде: "Саған хажетім жоқ" дейді. "Онда Раббыңнан тіле!",- дегенде: "Өзіне халім мәлім. Алла маған жетеді, Ол нендей жақсы ие" деп, нағыз Аллаға ғана сиынады. Б.М.Х |
قُلْنَا يَا نَارُ كُونِي بَرْدًا وَسَلَامًا عَلَىٰ إِبْرَاهِيمَ (69) Әй от! Ыбырайымға салқын, зиянсыз бол" дедік |
وَأَرَادُوا بِهِ كَيْدًا فَجَعَلْنَاهُمُ الْأَخْسَرِينَ (70) Олардың Ыбырайым (Ғ.С.) ға қастық істегілері келді. Бірақ өздерін сәтсіздікке ұшыраттық |
وَنَجَّيْنَاهُ وَلُوطًا إِلَى الْأَرْضِ الَّتِي بَارَكْنَا فِيهَا لِلْعَالَمِينَ (71) Лұт (Ғ.С.) ты құтқарып, әлемдер үшін мүбарак болған жерге жеткіздік |
وَوَهَبْنَا لَهُ إِسْحَاقَ وَيَعْقُوبَ نَافِلَةً ۖ وَكُلًّا جَعَلْنَا صَالِحِينَ (72) Ыбырайым (Ғ.С.) ға Ысхақты артықша Яғқүпты бердік. Бәрін де түзу кісілер еттік |
وَجَعَلْنَاهُمْ أَئِمَّةً يَهْدُونَ بِأَمْرِنَا وَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِمْ فِعْلَ الْخَيْرَاتِ وَإِقَامَ الصَّلَاةِ وَإِيتَاءَ الزَّكَاةِ ۖ وَكَانُوا لَنَا عَابِدِينَ (73) Оларды әміріміз бойынша, тура жол көрсететін басшы қылып, оларға жақсылық істеуді, намазды орындауды, зекет беруді уахи қылдық. Олар бізге құлшылық қылушы еді |
وَلُوطًا آتَيْنَاهُ حُكْمًا وَعِلْمًا وَنَجَّيْنَاهُ مِنَ الْقَرْيَةِ الَّتِي كَانَت تَّعْمَلُ الْخَبَائِثَ ۗ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَاسِقِينَ (74) Лұт (Ғ.С.) қа хикмет, ғылым бердік. Жаман істер істейтін кенттен құтқардық. Рас олар, жаман бұзық ел еді |
وَأَدْخَلْنَاهُ فِي رَحْمَتِنَا ۖ إِنَّهُ مِنَ الصَّالِحِينَ (75) Оны рахметімізге бөледік. Рас ол жақсылардан еді |
وَنُوحًا إِذْ نَادَىٰ مِن قَبْلُ فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَنَجَّيْنَاهُ وَأَهْلَهُ مِنَ الْكَرْبِ الْعَظِيمِ (76) Бұрын жалбарынған Нұх (Ғ.С.) тың тілегін қабыл етіп, оны әрі үй-ішін зор апаттан құтқарған едік |
وَنَصَرْنَاهُ مِنَ الْقَوْمِ الَّذِينَ كَذَّبُوا بِآيَاتِنَا ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا قَوْمَ سَوْءٍ فَأَغْرَقْنَاهُمْ أَجْمَعِينَ (77) Оны, аяттарымызды жасынға шығарған елден қорғадық. Өйткені олар, сұмпайы ел еді. Сонда оларды түгел суға батырдық |
وَدَاوُودَ وَسُلَيْمَانَ إِذْ يَحْكُمَانِ فِي الْحَرْثِ إِذْ نَفَشَتْ فِيهِ غَنَمُ الْقَوْمِ وَكُنَّا لِحُكْمِهِمْ شَاهِدِينَ (78) Дауыт пен Сүлеймен (Ғ.С.) ді есіңе ал. Екеуі бір елдің қойы түнде егінге түсіп, соған билік айтқанда, биліктерін көріп тұрдық. (Дауыт Ғ.С.: "Егін иесі қойды алсын" деп билік қылғанда; баласы, Сүлеймен: "Қой иесі егінді бағып, жетілдіргенге дейін қой егін иесінде тұрсын" дейді. Б.М.Р) |
فَفَهَّمْنَاهَا سُلَيْمَانَ ۚ وَكُلًّا آتَيْنَا حُكْمًا وَعِلْمًا ۚ وَسَخَّرْنَا مَعَ دَاوُودَ الْجِبَالَ يُسَبِّحْنَ وَالطَّيْرَ ۚ وَكُنَّا فَاعِلِينَ (79) Сонда оны Сүлейменнің көкейіне салдық. Негізінен де әрқайсысына әкімшілік, білім бердік. Және Дауыт (Ғ.С.) пен бірге Алланы дәріптейтін тауларды, құсты бой ұсындырдық. Оны Біз істедік |
وَعَلَّمْنَاهُ صَنْعَةَ لَبُوسٍ لَّكُمْ لِتُحْصِنَكُم مِّن بَأْسِكُمْ ۖ فَهَلْ أَنتُمْ شَاكِرُونَ (80) Дауыт (Ғ.С.) қа сендерді соғыстан қорғау үшін сауыт жасау өнерін үйреткен едік. Сонда сендер шүкір етесіңдер ме |
وَلِسُلَيْمَانَ الرِّيحَ عَاصِفَةً تَجْرِي بِأَمْرِهِ إِلَى الْأَرْضِ الَّتِي بَارَكْنَا فِيهَا ۚ وَكُنَّا بِكُلِّ شَيْءٍ عَالِمِينَ (81) Сүлеймен (Ғ.С.) ге қатты желді бағындырдық. Оның әмірімен, біз мүбарак қылған жерге жүреді. (Сүлеймен (Ғ.С.) нің тағы желмен ұшып; Шамға, Йеменге дейін баратын еді. Б.К.Р.Х.Ж-Қ.) (С. 12-А. 38-С. 36-А) |
وَمِنَ الشَّيَاطِينِ مَن يَغُوصُونَ لَهُ وَيَعْمَلُونَ عَمَلًا دُونَ ذَٰلِكَ ۖ وَكُنَّا لَهُمْ حَافِظِينَ (82) Оған суға сүңгитін, басқа істер де істейтін жындардан да мойынсал қылдық. Сондай-ақ олардың бақылаушысы едік. (С.12-А) |
۞ وَأَيُّوبَ إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُ أَنِّي مَسَّنِيَ الضُّرُّ وَأَنتَ أَرْحَمُ الرَّاحِمِينَ (83) Әйүп (Ғ.С.) те Раббына: "Маған бір бәле келді. Сен мәрхамет етушілердің абзалысың" деп, жалбарынды |
فَاسْتَجَبْنَا لَهُ فَكَشَفْنَا مَا بِهِ مِن ضُرٍّ ۖ وَآتَيْنَاهُ أَهْلَهُ وَمِثْلَهُم مَّعَهُمْ رَحْمَةً مِّنْ عِندِنَا وَذِكْرَىٰ لِلْعَابِدِينَ (84) Сонда тілегін қабыл етіп, өзіндегі науқасты айықтырып, Сондай-ақ құлшылық қылушыларға ғибрат үшін өзіне семьясын және олармен бірге бір есе артық мәрхамет етіп, бердік. (Алла сынамаққа балаларын, мал-мүлкін алып, құрт ауру берсе де қабақ шытпай сабыр еткендіктен; науқасынан айықтырып, бүрынғыдан екі есе әулет, дәулет береді. Ж.Б.М.К.Р.Х) |
وَإِسْمَاعِيلَ وَإِدْرِيسَ وَذَا الْكِفْلِ ۖ كُلٌّ مِّنَ الصَّابِرِينَ (85) Ысмайыл, Ыдрыс, Зүлкәфил (Ғ.С.) дерге де (мәрхамет еткен едік.) Солардың барльіғы да сабырлы еді |
وَأَدْخَلْنَاهُمْ فِي رَحْمَتِنَا ۖ إِنَّهُم مِّنَ الصَّالِحِينَ (86) Сондай-ақ оларды мәрхаметімізге бөледік. Өйткені олар, игілерден еді |
وَذَا النُّونِ إِذ ذَّهَبَ مُغَاضِبًا فَظَنَّ أَن لَّن نَّقْدِرَ عَلَيْهِ فَنَادَىٰ فِي الظُّلُمَاتِ أَن لَّا إِلَٰهَ إِلَّا أَنتَ سُبْحَانَكَ إِنِّي كُنتُ مِنَ الظَّالِمِينَ (87) Юнысты есіңе ал. Сол уақытта ашуланып, кетіп қалды да біздің еш тарлық қылмауымызды ойлап, сонда қараңғылықтар ішінде (балықтың қарнында): "Сенен басқа ешбір тәңір жоқ. Пәксін. Шын мәнінде мен қателесушілерден болдым" деп, жалбарынды. (С. 138-А.) (Айтқанына көнбеген еліне, ашуланып, бет алды кетіп, бір кемеге отырғанда балық жұтады. Б.М.К.Р.Х) |
فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَنَجَّيْنَاهُ مِنَ الْغَمِّ ۚ وَكَذَٰلِكَ نُنجِي الْمُؤْمِنِينَ (88) Тілегін қабыл етіп, оны қайғыдан құтқардық. Міне иман келтіргендерді сөйтіп құтқарамыз |
وَزَكَرِيَّا إِذْ نَادَىٰ رَبَّهُ رَبِّ لَا تَذَرْنِي فَرْدًا وَأَنتَ خَيْرُ الْوَارِثِينَ (89) Зәкерияны да есіңе ал. Раббына: " Раббьм! Мені жалғыз қойма. Сен ең жақсы мұрагерсің" деп жалбарынды |
فَاسْتَجَبْنَا لَهُ وَوَهَبْنَا لَهُ يَحْيَىٰ وَأَصْلَحْنَا لَهُ زَوْجَهُ ۚ إِنَّهُمْ كَانُوا يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَيَدْعُونَنَا رَغَبًا وَرَهَبًا ۖ وَكَانُوا لَنَا خَاشِعِينَ (90) Сонда тілегін қабыл етіп, оған Яхяны бердік. Әрі жұбайын жасарттық. Өйткені бұлар, жақсылықтарға үмтылады. Бізден үмітпен қорқу арасында тілейді де бізге бәйек болады |
وَالَّتِي أَحْصَنَتْ فَرْجَهَا فَنَفَخْنَا فِيهَا مِن رُّوحِنَا وَجَعَلْنَاهَا وَابْنَهَا آيَةً لِّلْعَالَمِينَ (91) Сондай абыройын қорғаған (Мәрям) ға рүхымыздан үрледік. Сондай-ақ өзін де ұлын да бүкіл әлемге ғибрат қылдық |
إِنَّ هَٰذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاعْبُدُونِ (92) Осы сендердің үмметтерің бір-ақ үммет. Мен Раббыларың. Сондықтан Маған ғана құлшылық қылыңдар. (Алланы бірлеуші бүкіл пайғамбарлар келтірген дін, Ислам діні. Сондықтан бір-ақ үмметсіңдер. Ж.Б.М.Р.К) |
وَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُم بَيْنَهُمْ ۖ كُلٌّ إِلَيْنَا رَاجِعُونَ (93) Олар араларында дін істерін бөлшектеді. Негізінде барлығы бізге қайтады |
فَمَن يَعْمَلْ مِنَ الصَّالِحَاتِ وَهُوَ مُؤْمِنٌ فَلَا كُفْرَانَ لِسَعْيِهِ وَإِنَّا لَهُ كَاتِبُونَ (94) Сонда кім иман келтіріп, жақсылық істесе, оның еңбегі босқа кетпейді. Күдіксіз оған жазамыз |
وَحَرَامٌ عَلَىٰ قَرْيَةٍ أَهْلَكْنَاهَا أَنَّهُمْ لَا يَرْجِعُونَ (95) Біз жоқ еткен кент халқының бізге қайтпауы мүмкін емес |
حَتَّىٰ إِذَا فُتِحَتْ يَأْجُوجُ وَمَأْجُوجُ وَهُم مِّن كُلِّ حَدَبٍ يَنسِلُونَ (96) Яжүж, Мажүж ағытылып, әрбір төбеден келгенге дейін. (Хадис кітаптарында заман ақырға таяғанда: Яжүж, Мажүж шығатындығы білдірілген. Тәпсір Мадарік) |
وَاقْتَرَبَ الْوَعْدُ الْحَقُّ فَإِذَا هِيَ شَاخِصَةٌ أَبْصَارُ الَّذِينَ كَفَرُوا يَا وَيْلَنَا قَدْ كُنَّا فِي غَفْلَةٍ مِّنْ هَٰذَا بَلْ كُنَّا ظَالِمِينَ (97) Ол шын уәде (қиямет) таяса, сол уақытта қарсы болғандардың көздері шарасынан шығып: "Әттеген-ай! Біз бұдан кәперсіз залын екенміз" дейді |
إِنَّكُمْ وَمَا تَعْبُدُونَ مِن دُونِ اللَّهِ حَصَبُ جَهَنَّمَ أَنتُمْ لَهَا وَارِدُونَ (98) Сендер және Алладан өзге табынған нәрселерің, тозақтың отынысыңдар. Сендер соған кіресіңдер |
لَوْ كَانَ هَٰؤُلَاءِ آلِهَةً مَّا وَرَدُوهَا ۖ وَكُلٌّ فِيهَا خَالِدُونَ (99) Егер олар тәңір болса, оған кірмес еді. Барлығы онда мүлде қалады |
لَهُمْ فِيهَا زَفِيرٌ وَهُمْ فِيهَا لَا يَسْمَعُونَ (100) Олар, тозақта ыңыранып, олар ол жерде еш нәрсе естімейді |
إِنَّ الَّذِينَ سَبَقَتْ لَهُم مِّنَّا الْحُسْنَىٰ أُولَٰئِكَ عَنْهَا مُبْعَدُونَ (101) Күдіксіз өздеріне Бізден игілік жазылғандар, солар тозақтан аулақ болады |
لَا يَسْمَعُونَ حَسِيسَهَا ۖ وَهُمْ فِي مَا اشْتَهَتْ أَنفُسُهُمْ خَالِدُونَ (102) Олар тозақтың сыбдырын да естімейді. Сондай-ақ олар жаннаттағы көңілдері қалаған нәрселерінде мәңгі қалады |
لَا يَحْزُنُهُمُ الْفَزَعُ الْأَكْبَرُ وَتَتَلَقَّاهُمُ الْمَلَائِكَةُ هَٰذَا يَوْمُكُمُ الَّذِي كُنتُمْ تُوعَدُونَ (103) Оларды қорқыныштың ең зоры уайымдатпайды да оларды періштелер: "Міне бұл сендерге уәде етілген күн" деп қарсы алады |
يَوْمَ نَطْوِي السَّمَاءَ كَطَيِّ السِّجِلِّ لِلْكُتُبِ ۚ كَمَا بَدَأْنَا أَوَّلَ خَلْقٍ نُّعِيدُهُ ۚ وَعْدًا عَلَيْنَا ۚ إِنَّا كُنَّا فَاعِلِينَ (104) Ол күнде, көкті, кітаптың бетін бүктегендей бүктейміз де, әуел бастағыдай қайта жаратамыз. Бұл Бізге бір міндет. Шынында Біз орындаймыз |
وَلَقَدْ كَتَبْنَا فِي الزَّبُورِ مِن بَعْدِ الذِّكْرِ أَنَّ الْأَرْضَ يَرِثُهَا عِبَادِيَ الصَّالِحُونَ (105) Расында Тәураттан кейінгі Зәбүрде: "Жерге игі қүлдарым мұрагер болады" деп жаздық. (С.55-А) |
إِنَّ فِي هَٰذَا لَبَلَاغًا لِّقَوْمٍ عَابِدِينَ (106) Күдіксіз осы Құранда, құлшылық қылған елге, әрине бір ұқтыру бар |
وَمَا أَرْسَلْنَاكَ إِلَّا رَحْمَةً لِّلْعَالَمِينَ (107) (Мұхаммед Ғ.С.) Біз сені бүкіл әлемге рахмет етіп қана жібердік |
قُلْ إِنَّمَا يُوحَىٰ إِلَيَّ أَنَّمَا إِلَٰهُكُمْ إِلَٰهٌ وَاحِدٌ ۖ فَهَلْ أَنتُم مُّسْلِمُونَ (108) Шын мәнінде маған, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір деп уахи етілді. Онда Соған бой ұсынасыңдар ма?",- де |
فَإِن تَوَلَّوْا فَقُلْ آذَنتُكُمْ عَلَىٰ سَوَاءٍ ۖ وَإِنْ أَدْرِي أَقَرِيبٌ أَم بَعِيدٌ مَّا تُوعَدُونَ (109) Ал сонда егер олар жүз бұрса: "Сендерді тегіс құлақтандырдым. Сендерге уәде етілген нәрсе алыс па? Жақын ба? Білмеймін" де |
إِنَّهُ يَعْلَمُ الْجَهْرَ مِنَ الْقَوْلِ وَيَعْلَمُ مَا تَكْتُمُونَ (110) Күдіксіз Алла, сөздің көрнеуін де біледі, жасырғандарыңды да біледі |
وَإِنْ أَدْرِي لَعَلَّهُ فِتْنَةٌ لَّكُمْ وَمَتَاعٌ إِلَىٰ حِينٍ (111) Білмеймін. (Бәлкім бұл (мерзім) сендер үшін бір сынау, бір заманға дейін пайдалану шығар |
قَالَ رَبِّ احْكُم بِالْحَقِّ ۗ وَرَبُّنَا الرَّحْمَٰنُ الْمُسْتَعَانُ عَلَىٰ مَا تَصِفُونَ (112) (Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым, туралықпен үкім ет. Жасама сүреттеулеріңе, мейірімді Раббымыздан жәрдем тіленеді" деді |