×

Surah Al-Muminun in Kazakh

Quran Kazakh ⮕ Surah Muminun

Translation of the Meanings of Surah Muminun in Kazakh - الكازاخستانية

The Quran in Kazakh - Surah Muminun translated into Kazakh, Surah Al-Muminun in Kazakh. We provide accurate translation of Surah Muminun in Kazakh - الكازاخستانية, Verses 118 - Surah Number 23 - Page 342.

بسم الله الرحمن الرحيم

قَدْ أَفْلَحَ الْمُؤْمِنُونَ (1)
Шынында иман келтіргендер құтылды
الَّذِينَ هُمْ فِي صَلَاتِهِمْ خَاشِعُونَ (2)
Олар, сондай мүміндер, намаздарында іштей жалбарынады
وَالَّذِينَ هُمْ عَنِ اللَّغْوِ مُعْرِضُونَ (3)
Олар, бос нәрселерден аулақ болады
وَالَّذِينَ هُمْ لِلزَّكَاةِ فَاعِلُونَ (4)
Олар, зекеттерін береді
وَالَّذِينَ هُمْ لِفُرُوجِهِمْ حَافِظُونَ (5)
Олар, ұятты жерлерін сақтайды
إِلَّا عَلَىٰ أَزْوَاجِهِمْ أَوْ مَا مَلَكَتْ أَيْمَانُهُمْ فَإِنَّهُمْ غَيْرُ مَلُومِينَ (6)
Бірақ. жұбайлары немесе меншіктілері болса, оларға сөгіс жоқ
فَمَنِ ابْتَغَىٰ وَرَاءَ ذَٰلِكَ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْعَادُونَ (7)
Онда кім бұлардан басқаны іздесе, міне солар, шектен шығушылар
وَالَّذِينَ هُمْ لِأَمَانَاتِهِمْ وَعَهْدِهِمْ رَاعُونَ (8)
Олар, аманаттарын, уәделерін қорғаушы
وَالَّذِينَ هُمْ عَلَىٰ صَلَوَاتِهِمْ يُحَافِظُونَ (9)
Олар, намаздарына ұқыпты
أُولَٰئِكَ هُمُ الْوَارِثُونَ (10)
Міне солар, мұрагерлер
الَّذِينَ يَرِثُونَ الْفِرْدَوْسَ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ (11)
Олар онда мәңгі қалатын фердауыс жаннатына мұрагер болады
وَلَقَدْ خَلَقْنَا الْإِنسَانَ مِن سُلَالَةٍ مِّن طِينٍ (12)
Расында адамды нағыз балшықтан жараттық
ثُمَّ جَعَلْنَاهُ نُطْفَةً فِي قَرَارٍ مَّكِينٍ (13)
Сонан кейін оны жатырда түратын тамшы қылдық
ثُمَّ خَلَقْنَا النُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةً فَخَلَقْنَا الْمُضْغَةَ عِظَامًا فَكَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْمًا ثُمَّ أَنشَأْنَاهُ خَلْقًا آخَرَ ۚ فَتَبَارَكَ اللَّهُ أَحْسَنُ الْخَالِقِينَ (14)
Содан кейін тамшыны ұйыған қан етіп жараттық, ұйыған қанды бір тілім / шайналған секілді / ет етіп жаратып, / шайналған секілді / етті сүйектер етіп жараттық, сүйектерді етпен қаптадық. Содан кейін оны өзге жаратылыспен жараттық. Жасап шығарушылардың ең жақсысы Аллаһ- аса Берекелі
ثُمَّ إِنَّكُم بَعْدَ ذَٰلِكَ لَمَيِّتُونَ (15)
Бұдан кейін әрине сендер өлесіңдер
ثُمَّ إِنَّكُمْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ تُبْعَثُونَ (16)
Сосын сендер қиямет күні, Күдіксіз тірілтілесіңдер
وَلَقَدْ خَلَقْنَا فَوْقَكُمْ سَبْعَ طَرَائِقَ وَمَا كُنَّا عَنِ الْخَلْقِ غَافِلِينَ (17)
Рас үстеріңде жеті жол жараттық. Сондай-ақ жаратқандарымыздан хабарсыз емеспіз. (Жаратудан да жаратылғандардан да хабарымыз бар)
وَأَنزَلْنَا مِنَ السَّمَاءِ مَاءً بِقَدَرٍ فَأَسْكَنَّاهُ فِي الْأَرْضِ ۖ وَإِنَّا عَلَىٰ ذَهَابٍ بِهِ لَقَادِرُونَ (18)
Көктен бір мөлшерде жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіне тоқтаттық. Рас оны жоғалтуға да күшіміз жетеді
فَأَنشَأْنَا لَكُم بِهِ جَنَّاتٍ مِّن نَّخِيلٍ وَأَعْنَابٍ لَّكُمْ فِيهَا فَوَاكِهُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ (19)
Міне сонымен сендерге құрма ағаштары, жүзімдер және оның ішінде сендер көректенетін көптеген жемістер бар бақшалар пайда қылдық
وَشَجَرَةً تَخْرُجُ مِن طُورِ سَيْنَاءَ تَنبُتُ بِالدُّهْنِ وَصِبْغٍ لِّلْآكِلِينَ (20)
Сондай-ақ Тұрсинадан жеушілерге қатық түрінде майлы өсетін (зейтін) ді шығардық
وَإِنَّ لَكُمْ فِي الْأَنْعَامِ لَعِبْرَةً ۖ نُّسْقِيكُم مِّمَّا فِي بُطُونِهَا وَلَكُمْ فِيهَا مَنَافِعُ كَثِيرَةٌ وَمِنْهَا تَأْكُلُونَ (21)
Рас сендер үшін малдарда әлбәтте өнеге бар. Сендерге олардың іштеріндегі (сүтін) ішкіземіз. (С. 66-А.) Сондай-ақ малда сендер үшін көптеген пайда бар. Және олардан жейсіңдер
وَعَلَيْهَا وَعَلَى الْفُلْكِ تُحْمَلُونَ (22)
Мал және кеме менен тасымалданасыңдар
وَلَقَدْ أَرْسَلْنَا نُوحًا إِلَىٰ قَوْمِهِ فَقَالَ يَا قَوْمِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ (23)
Рас Нұх (Ғ.С.) ты еліне жібердік. Сонда ол: "Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?" деді
فَقَالَ الْمَلَأُ الَّذِينَ كَفَرُوا مِن قَوْمِهِ مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُكُمْ يُرِيدُ أَن يَتَفَضَّلَ عَلَيْكُمْ وَلَوْ شَاءَ اللَّهُ لَأَنزَلَ مَلَائِكَةً مَّا سَمِعْنَا بِهَٰذَا فِي آبَائِنَا الْأَوَّلِينَ (24)
Онда елінің қарсы болған бастықтары: "Бұл өздерің сияқты ғана адам. Сендерге үстем болғысы келеді. Егер Алла қаласа, періште жіберер еді. Бұны бұрынғы аталарымыздан естімедік" деді
إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ بِهِ جِنَّةٌ فَتَرَبَّصُوا بِهِ حَتَّىٰ حِينٍ (25)
Ол, жын соққан ғана бір адам. Сондықтан оны бір заманға дейін тосыңдар
قَالَ رَبِّ انصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ (26)
(Нұх Ғ.С.): "Раббым! Олардың мені жасынға шығаруларына қарсы маған нүсырат бер!",- деді
فَأَوْحَيْنَا إِلَيْهِ أَنِ اصْنَعِ الْفُلْكَ بِأَعْيُنِنَا وَوَحْيِنَا فَإِذَا جَاءَ أَمْرُنَا وَفَارَ التَّنُّورُ ۙ فَاسْلُكْ فِيهَا مِن كُلٍّ زَوْجَيْنِ اثْنَيْنِ وَأَهْلَكَ إِلَّا مَن سَبَقَ عَلَيْهِ الْقَوْلُ مِنْهُمْ ۖ وَلَا تُخَاطِبْنِي فِي الَّذِينَ ظَلَمُوا ۖ إِنَّهُم مُّغْرَقُونَ (27)
Сонда оған: "Көздеуіміз де нұсқауымыз бойынша кеме жаса" деп уахи еттік. Қашан әміріміз келіп, тандыр (дан су) қайнаса, сонда әр жыныстан бір жұп және өздеріне қарсы бұйрық берілгендерден басқа, семьяңды алып, кемеге түс. Сондай-ақ залым болғандар жайында маған түк деме. Өйткені олар, суға батуға тиісті" деп уахи еттік
فَإِذَا اسْتَوَيْتَ أَنتَ وَمَن مَّعَكَ عَلَى الْفُلْكِ فَقُلِ الْحَمْدُ لِلَّهِ الَّذِي نَجَّانَا مِنَ الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ (28)
Сен қашан жолдастарыңмен бірге кемеге орналассаң: "Барлық мақтау бізді залымдардан құтқарған Аллаға тән" де
وَقُل رَّبِّ أَنزِلْنِي مُنزَلًا مُّبَارَكًا وَأَنتَ خَيْرُ الْمُنزِلِينَ (29)
Раббым! Мені құтты бір қонысқа қондыр! Сен ең жақсы орналастырушысың" де
إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَآيَاتٍ وَإِن كُنَّا لَمُبْتَلِينَ (30)
Рас бұнда өнегелер бар. Әрине Біз сынаймыз
ثُمَّ أَنشَأْنَا مِن بَعْدِهِمْ قَرْنًا آخَرِينَ (31)
Бұлардан кейін басқа нәсілдер пайда қылдық. (С.69-А)
فَأَرْسَلْنَا فِيهِمْ رَسُولًا مِّنْهُمْ أَنِ اعْبُدُوا اللَّهَ مَا لَكُم مِّنْ إِلَٰهٍ غَيْرُهُ ۖ أَفَلَا تَتَّقُونَ (32)
Оларға өздерінен жіберген елшіміз: "Аллаға құлшылық қылыңдар. Алладан басқа тәңірлерің жоқ. Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- (деді)
وَقَالَ الْمَلَأُ مِن قَوْمِهِ الَّذِينَ كَفَرُوا وَكَذَّبُوا بِلِقَاءِ الْآخِرَةِ وَأَتْرَفْنَاهُمْ فِي الْحَيَاةِ الدُّنْيَا مَا هَٰذَا إِلَّا بَشَرٌ مِّثْلُكُمْ يَأْكُلُ مِمَّا تَأْكُلُونَ مِنْهُ وَيَشْرَبُ مِمَّا تَشْرَبُونَ (33)
Елінің қарсы болған, ахиретті жасынға шығарған сондай-ақ Біз, өздеріне дүние тіршілігінде кеңшілік берген бастықтары: "Бұл өздерің құсаған ғана бір адам. Жегендеріңді жеп, ішкендеріңнен ішеді" деді
وَلَئِنْ أَطَعْتُم بَشَرًا مِّثْلَكُمْ إِنَّكُمْ إِذًا لَّخَاسِرُونَ (34)
Егер өздерің сияқты адамға бой ұсынсаңдар, рас сендер; сол уақытта зиянға ұшырайсыңдар
أَيَعِدُكُمْ أَنَّكُمْ إِذَا مِتُّمْ وَكُنتُمْ تُرَابًا وَعِظَامًا أَنَّكُم مُّخْرَجُونَ (35)
Сендерге; өліп, топырақ және сүйек болғанда; шын тіріліп, шығатындарыңды ескерте ме
۞ هَيْهَاتَ هَيْهَاتَ لِمَا تُوعَدُونَ (36)
Сендерге бұл ескертілген нәрсе; ұзақ, тым ұзақ
إِنْ هِيَ إِلَّا حَيَاتُنَا الدُّنْيَا نَمُوتُ وَنَحْيَا وَمَا نَحْنُ بِمَبْعُوثِينَ (37)
Дүниедегі тіршілігіміз ғана тіршілік. Кейіміз өлеміз, кейіміз өмір сүреміз де қайта тірілтілмейміз
إِنْ هُوَ إِلَّا رَجُلٌ افْتَرَىٰ عَلَى اللَّهِ كَذِبًا وَمَا نَحْنُ لَهُ بِمُؤْمِنِينَ (38)
Ол (Һүд) Аллаға өтірік жала жапсырған адам. Біз оған сенбейміз
قَالَ رَبِّ انصُرْنِي بِمَا كَذَّبُونِ (39)
(Һүд Ғ.С.): "Раббым! Мені жасынға айналдырғандарға қарсы, нұсрат бер!",- деді
قَالَ عَمَّا قَلِيلٍ لَّيُصْبِحُنَّ نَادِمِينَ (40)
(Алла): "Олар аз бір заманда әлбетте өкінішке үшырайды" деді
فَأَخَذَتْهُمُ الصَّيْحَةُ بِالْحَقِّ فَجَعَلْنَاهُمْ غُثَاءً ۚ فَبُعْدًا لِّلْقَوْمِ الظَّالِمِينَ (41)
Шынайы түрде оларды ащы бір дауыс қолға алып, сыпырындыға айналдырдық. Залым қауым рахметтен ұзақ болсын
ثُمَّ أَنشَأْنَا مِن بَعْدِهِمْ قُرُونًا آخَرِينَ (42)
Сосын бұлардан кейін басқа нәсіл пайда қылдық
مَا تَسْبِقُ مِنْ أُمَّةٍ أَجَلَهَا وَمَا يَسْتَأْخِرُونَ (43)
Ешбір қауым ажалын (белгілі мерзімін) ілгерлете, кейіндете алмайды
ثُمَّ أَرْسَلْنَا رُسُلَنَا تَتْرَىٰ ۖ كُلَّ مَا جَاءَ أُمَّةً رَّسُولُهَا كَذَّبُوهُ ۚ فَأَتْبَعْنَا بَعْضَهُم بَعْضًا وَجَعَلْنَاهُمْ أَحَادِيثَ ۚ فَبُعْدًا لِّقَوْمٍ لَّا يُؤْمِنُونَ (44)
Сонан кейін елшілерімізді үздік-создық жібере бердік те әр үммет; пайғамбарлары келген сайын оны жасынға шығара берді. Сондықтан оларды, бірінен кейін бірін жойып, аңызға айналдырдық. Иман келтірмеген ел рахметтен ұзақ болсын
ثُمَّ أَرْسَلْنَا مُوسَىٰ وَأَخَاهُ هَارُونَ بِآيَاتِنَا وَسُلْطَانٍ مُّبِينٍ (45)
Артынан Мұса мен туысы Һарүнды белгілеріміз, ашық дәлелдерімізбен жібердік
إِلَىٰ فِرْعَوْنَ وَمَلَئِهِ فَاسْتَكْبَرُوا وَكَانُوا قَوْمًا عَالِينَ (46)
Перғауын мен шонжарларына. Сонда олар дандайсыған, өр көкірек ел еді
فَقَالُوا أَنُؤْمِنُ لِبَشَرَيْنِ مِثْلِنَا وَقَوْمُهُمَا لَنَا عَابِدُونَ (47)
Олар: "Елі, бізге құлдық істеп жүрген, өзіміз секілді екі адамға сене кетейік пе?",- десті
فَكَذَّبُوهُمَا فَكَانُوا مِنَ الْمُهْلَكِينَ (48)
Екеуін жасынға шығарды. Сондықтан жоқ етілді
وَلَقَدْ آتَيْنَا مُوسَى الْكِتَابَ لَعَلَّهُمْ يَهْتَدُونَ (49)
Рас Мұса (Ғ.С.) ға; елі, тура жол табуы үшін Кітап бердік
وَجَعَلْنَا ابْنَ مَرْيَمَ وَأُمَّهُ آيَةً وَآوَيْنَاهُمَا إِلَىٰ رَبْوَةٍ ذَاتِ قَرَارٍ وَمَعِينٍ (50)
Мәрйем ұлы мен анасын бір ғибрат қылдық. Екеуін бұлақты, бір көтеріңкі жәйлі жерге орналастырдық ( Бұл жер; Бәйтіл Мүқаддас, Дымшық, Мысыр. Ж.Б.М.К.Р)
يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا ۖ إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ (51)
Әй пайғамбарлар! Таза нәрселерден жендер, игілік істеңдер. Расында не істегендеріңді жақсы білемін
وَإِنَّ هَٰذِهِ أُمَّتُكُمْ أُمَّةً وَاحِدَةً وَأَنَا رَبُّكُمْ فَاتَّقُونِ (52)
Рас осы топтықтар, бір-ақ топтық. Мен, Раббыларың. Менен ғана қорқыңдар. (С. 213-А)
فَتَقَطَّعُوا أَمْرَهُم بَيْنَهُمْ زُبُرًا ۖ كُلُّ حِزْبٍ بِمَا لَدَيْهِمْ فَرِحُونَ (53)
Алайда олар өзара (дін) істерінде бөлшектеніп, әр гұрұппа өз алдарындағысына мәз болды
فَذَرْهُمْ فِي غَمْرَتِهِمْ حَتَّىٰ حِينٍ (54)
(Мұхаммед Ғ.С.) оларды бір мерзімге дейін адасқан бойынша тастап қой
أَيَحْسَبُونَ أَنَّمَا نُمِدُّهُم بِهِ مِن مَّالٍ وَبَنِينَ (55)
Негізінде оларды, мал және балалармен қамдағанымызды
نُسَارِعُ لَهُمْ فِي الْخَيْرَاتِ ۚ بَل لَّا يَشْعُرُونَ (56)
Олардың игіліктеріне ынтық болғандығымыз деп ойлай ма? Олай емес. Олар, түсінбейді
إِنَّ الَّذِينَ هُم مِّنْ خَشْيَةِ رَبِّهِم مُّشْفِقُونَ (57)
Ал олар Раббыларынан қорқып, үрейленеді
وَالَّذِينَ هُم بِآيَاتِ رَبِّهِمْ يُؤْمِنُونَ (58)
Олар, Раббыларының аяттарына иман келтіреді
وَالَّذِينَ هُم بِرَبِّهِمْ لَا يُشْرِكُونَ (59)
Олар, Раббыларына серік қоспайды
وَالَّذِينَ يُؤْتُونَ مَا آتَوا وَّقُلُوبُهُمْ وَجِلَةٌ أَنَّهُمْ إِلَىٰ رَبِّهِمْ رَاجِعُونَ (60)
Расында не берсе де Раббыларына қайтуларынан, жүректері қорқып, бергендер
أُولَٰئِكَ يُسَارِعُونَ فِي الْخَيْرَاتِ وَهُمْ لَهَا سَابِقُونَ (61)
Міне осылар, жақсылықтар да жарысады да олар, оның озаттары
وَلَا نُكَلِّفُ نَفْسًا إِلَّا وُسْعَهَا ۖ وَلَدَيْنَا كِتَابٌ يَنطِقُ بِالْحَقِّ ۚ وَهُمْ لَا يُظْلَمُونَ (62)
Кісіге шамасы келетінді ғана міндеттендіреміз. Жанымызда шындықты сөйлейтін бір Кітап бар. (Лаухыл Махфұз не амал дәптері. Ж.Б.) Олар зұлымдық көрмейді
بَلْ قُلُوبُهُمْ فِي غَمْرَةٍ مِّنْ هَٰذَا وَلَهُمْ أَعْمَالٌ مِّن دُونِ ذَٰلِكَ هُمْ لَهَا عَامِلُونَ (63)
Бірақ олардың жүректері бұл Құраннан хабарсыз және олардың бұдан өзге де істеген істері бар
حَتَّىٰ إِذَا أَخَذْنَا مُتْرَفِيهِم بِالْعَذَابِ إِذَا هُمْ يَجْأَرُونَ (64)
Олар мәз болған кезде, жазаға тартсақ, сол уақытта олар зар илейді
لَا تَجْأَرُوا الْيَوْمَ ۖ إِنَّكُم مِّنَّا لَا تُنصَرُونَ (65)
Бүгін зарламаңдар! Расында сендер, Менен жәрдем көре алмайсыңдар
قَدْ كَانَتْ آيَاتِي تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فَكُنتُمْ عَلَىٰ أَعْقَابِكُمْ تَنكِصُونَ (66)
Сендерге аяттарымыз оқылатын еді де теріс айналатын едіңдер
مُسْتَكْبِرِينَ بِهِ سَامِرًا تَهْجُرُونَ (67)
Аяттарымызға тәкаппарсынып, мүлде сандырақтаушы едіңдер
أَفَلَمْ يَدَّبَّرُوا الْقَوْلَ أَمْ جَاءَهُم مَّا لَمْ يَأْتِ آبَاءَهُمُ الْأَوَّلِينَ (68)
Олар сөзді (Құранды) зерттемей ме? Немесе оларға бүрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме
أَمْ لَمْ يَعْرِفُوا رَسُولَهُمْ فَهُمْ لَهُ مُنكِرُونَ (69)
Немесе пайғамбарларын олар танымады да сондықтан оған қасарыса ма? (Негізінен олар: "Мұхаммед Әмин: сенімді Мұхаммед" деп, бала жастан толық сенім артқан, өмірінде еш өтірік айтпаған, биязы мінезді, сондай-ақ ешкімнен оқымаған бола тұра даналықтың ең кемеліне ие екенін жақсы біледі. Ж.Б.К.М.Р)
أَمْ يَقُولُونَ بِهِ جِنَّةٌ ۚ بَلْ جَاءَهُم بِالْحَقِّ وَأَكْثَرُهُمْ لِلْحَقِّ كَارِهُونَ (70)
Немесе: "Онда бір жындылық бар" дей ме? Олай емес. Оларға шындықты әкелді де олардың көбі шындықты жақтырмайды
وَلَوِ اتَّبَعَ الْحَقُّ أَهْوَاءَهُمْ لَفَسَدَتِ السَّمَاوَاتُ وَالْأَرْضُ وَمَن فِيهِنَّ ۚ بَلْ أَتَيْنَاهُم بِذِكْرِهِمْ فَهُمْ عَن ذِكْرِهِم مُّعْرِضُونَ (71)
Егер шындық олардың көңілдері тартқан жаққа кетсе, әрине көктер мен жер және онда болған әркім бұзылып кетер еді. Олай емес. Оларға үгіт келтірдік. Сонда олар насихаттарынан жалтарды
أَمْ تَسْأَلُهُمْ خَرْجًا فَخَرَاجُ رَبِّكَ خَيْرٌ ۖ وَهُوَ خَيْرُ الرَّازِقِينَ (72)
(Мұхаммед Ғ.С.) олардан жалақы сұрадың ба? Раббыңның сауабы хайырлы. Ол, ризық берушілердің ең хайырлысы
وَإِنَّكَ لَتَدْعُوهُمْ إِلَىٰ صِرَاطٍ مُّسْتَقِيمٍ (73)
Әрине сен оларды тура жолға шақырасың
وَإِنَّ الَّذِينَ لَا يُؤْمِنُونَ بِالْآخِرَةِ عَنِ الصِّرَاطِ لَنَاكِبُونَ (74)
Ахиретке сенбегендер, әлбетте жолдан шығушылар
۞ وَلَوْ رَحِمْنَاهُمْ وَكَشَفْنَا مَا بِهِم مِّن ضُرٍّ لَّلَجُّوا فِي طُغْيَانِهِمْ يَعْمَهُونَ (75)
Егер оларға мәрхамет етіп, бейнеттерін айықтырсақ та қасаруларында абыржып кете береді
وَلَقَدْ أَخَذْنَاهُم بِالْعَذَابِ فَمَا اسْتَكَانُوا لِرَبِّهِمْ وَمَا يَتَضَرَّعُونَ (76)
Рас оларды азапқа алдық. Сонда да Раббыларына мойынсал болмады әрі жалбарынбады
حَتَّىٰ إِذَا فَتَحْنَا عَلَيْهِم بَابًا ذَا عَذَابٍ شَدِيدٍ إِذَا هُمْ فِيهِ مُبْلِسُونَ (77)
Тіпті оларға бір азаптың есігін ашсақ, сол уақытта олар оның ішінде күдер үзеді
وَهُوَ الَّذِي أَنشَأَ لَكُمُ السَّمْعَ وَالْأَبْصَارَ وَالْأَفْئِدَةَ ۚ قَلِيلًا مَّا تَشْكُرُونَ (78)
Ол, сендер үшін: Есту, көру және ойлау қабілетін жаратты. Сонда да аз ғана шүкірлік қыласыңдар
وَهُوَ الَّذِي ذَرَأَكُمْ فِي الْأَرْضِ وَإِلَيْهِ تُحْشَرُونَ (79)
Ол, сендерді жер жүзіне таратты. Сондай-ақ Ол Алла тарапына жиналасыңдар
وَهُوَ الَّذِي يُحْيِي وَيُمِيتُ وَلَهُ اخْتِلَافُ اللَّيْلِ وَالنَّهَارِ ۚ أَفَلَا تَعْقِلُونَ (80)
Сендерді тірілтеді, өлтіреді және күндіз, түннің ауысуы Оған тән. Ал ойламайсыңдар ма
بَلْ قَالُوا مِثْلَ مَا قَالَ الْأَوَّلُونَ (81)
Жоқ, олар бүрынғылардың айтқанын айтады
قَالُوا أَإِذَا مِتْنَا وَكُنَّا تُرَابًا وَعِظَامًا أَإِنَّا لَمَبْعُوثُونَ (82)
Олар: "Біз өліп, топырақ және сүйектер болсақ та рас қайта тірілтілеміз бе?",- деген
لَقَدْ وُعِدْنَا نَحْنُ وَآبَاؤُنَا هَٰذَا مِن قَبْلُ إِنْ هَٰذَا إِلَّا أَسَاطِيرُ الْأَوَّلِينَ (83)
Расында бұл бопса, бізге де бүрынғы аталарымызға да жасалған. Бұл бұрыңғылардың ергегілері ғана
قُل لِّمَنِ الْأَرْضُ وَمَن فِيهَا إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ (84)
(Мұхаммед Ғ.С.): "Егер білсеңдер, жер жүзі және жер жүзінде болғандар кімдікі?",- де
سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ أَفَلَا تَذَكَّرُونَ (85)
Олар дереу: "Алланікі" дейді. "Ал сонда да зер салмайсыңдар ма?",- де
قُلْ مَن رَّبُّ السَّمَاوَاتِ السَّبْعِ وَرَبُّ الْعَرْشِ الْعَظِيمِ (86)
Жеті көктің Раббы және ұлы ғаршының Раббы кім?",- де
سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ أَفَلَا تَتَّقُونَ (87)
Дереу: "Алла" дейді. "Сонда да қорықпайсыңдар ма?",- де
قُلْ مَن بِيَدِهِ مَلَكُوتُ كُلِّ شَيْءٍ وَهُوَ يُجِيرُ وَلَا يُجَارُ عَلَيْهِ إِن كُنتُمْ تَعْلَمُونَ (88)
Егер білсеңдер, әр нәрсенің басқаруы қолында, өзі қорғаушы, қорғалмайтын (немесе Оған қарсы біреуді біреу қорғай алмайтын) кім?",- де
سَيَقُولُونَ لِلَّهِ ۚ قُلْ فَأَنَّىٰ تُسْحَرُونَ (89)
Олар дереу: "Алла" дейді. "Ал онда қалайша жадыландыңдар?",- де
بَلْ أَتَيْنَاهُم بِالْحَقِّ وَإِنَّهُمْ لَكَاذِبُونَ (90)
Жоқ, олай емес. Оларға шындықты әкелдік. Олар мүлде өтірікші
مَا اتَّخَذَ اللَّهُ مِن وَلَدٍ وَمَا كَانَ مَعَهُ مِنْ إِلَٰهٍ ۚ إِذًا لَّذَهَبَ كُلُّ إِلَٰهٍ بِمَا خَلَقَ وَلَعَلَا بَعْضُهُمْ عَلَىٰ بَعْضٍ ۚ سُبْحَانَ اللَّهِ عَمَّا يَصِفُونَ (91)
Алла еш бала иемденбеді. Онымен бірге тәңір де жоқ. Ондай болғанда, әрине әр тәңір өз жаратқаның алып кетер еді де бір-біріне үстемдік қылар еді. Алла, олардың сипаттағанынан пәк. (С. 22-А. 17-С. 42-А)
عَالِمِ الْغَيْبِ وَالشَّهَادَةِ فَتَعَالَىٰ عَمَّا يُشْرِكُونَ (92)
Алла көрнеуді де көиесті де біледі. Сондай-ақ олардың қосқан ортақтарынан үстем
قُل رَّبِّ إِمَّا تُرِيَنِّي مَا يُوعَدُونَ (93)
(Мұхаммед): "Раббым! Оларға уәде етілген азапты әлбетте маған көрсететін болсаң, (мен барда әкелсең)
رَبِّ فَلَا تَجْعَلْنِي فِي الْقَوْمِ الظَّالِمِينَ (94)
Раббым! Мені залым елдің ішінде қылма!",- де
وَإِنَّا عَلَىٰ أَن نُّرِيَكَ مَا نَعِدُهُمْ لَقَادِرُونَ (95)
Расында оларға деген апатты әрине саған көрсетіп, әкелуге де шамамыз келеді
ادْفَعْ بِالَّتِي هِيَ أَحْسَنُ السَّيِّئَةَ ۚ نَحْنُ أَعْلَمُ بِمَا يَصِفُونَ (96)
Жамандықты жақсылықпен кетір. Олардың баян еткен нәрсесін жақсы білеміз
وَقُل رَّبِّ أَعُوذُ بِكَ مِنْ هَمَزَاتِ الشَّيَاطِينِ (97)
Раббым! Шайтандардың түртектерінен саған сиынамын" де
وَأَعُوذُ بِكَ رَبِّ أَن يَحْضُرُونِ (98)
Раббым! Олардың жаныма келуінен де саған сиынамын
حَتَّىٰ إِذَا جَاءَ أَحَدَهُمُ الْمَوْتُ قَالَ رَبِّ ارْجِعُونِ (99)
Ақыр олардың әрбіріне өлім келген сәтте: "Раббым! Мені дүниеге қайтар
لَعَلِّي أَعْمَلُ صَالِحًا فِيمَا تَرَكْتُ ۚ كَلَّا ۚ إِنَّهَا كَلِمَةٌ هُوَ قَائِلُهَا ۖ وَمِن وَرَائِهِم بَرْزَخٌ إِلَىٰ يَوْمِ يُبْعَثُونَ (100)
Мүмкін мен қалдырған дүниеде жақсы ғамал істермін." Әсте олай емес. Рас бұл, оның бір айтқан бос сөзі. Өйткені, олардың артында қайта тірілетін күнге дейін бөгет бар
فَإِذَا نُفِخَ فِي الصُّورِ فَلَا أَنسَابَ بَيْنَهُمْ يَوْمَئِذٍ وَلَا يَتَسَاءَلُونَ (101)
Қашан Сұр үрілсе, сол күні; олардың араларында туыстық (байланыс) жоғалып, бір-бірін сұраспайды. (С. 10-А)
فَمَن ثَقُلَتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ هُمُ الْمُفْلِحُونَ (102)
Ал сол күні, кімнің таразысы ауыр тартса, міне солар құтылушылар
وَمَنْ خَفَّتْ مَوَازِينُهُ فَأُولَٰئِكَ الَّذِينَ خَسِرُوا أَنفُسَهُمْ فِي جَهَنَّمَ خَالِدُونَ (103)
Ал және кімнің таразысы жеңіл тартса, міне олар өздерін зиянға ұшыратқандар. Олар тозақта мүлде қалады
تَلْفَحُ وُجُوهَهُمُ النَّارُ وَهُمْ فِيهَا كَالِحُونَ (104)
Олардың беттерін от өртеп, олардың онда тістері ақсиып қалады
أَلَمْ تَكُنْ آيَاتِي تُتْلَىٰ عَلَيْكُمْ فَكُنتُم بِهَا تُكَذِّبُونَ (105)
Өздеріңе аяттарым оқылғанда оны жасынға шығармадыңдар ма
قَالُوا رَبَّنَا غَلَبَتْ عَلَيْنَا شِقْوَتُنَا وَكُنَّا قَوْمًا ضَالِّينَ (106)
Олар: "Раббым! Сорымыз жеңіп, адасқан бір ел екеміз ғой" дейді
رَبَّنَا أَخْرِجْنَا مِنْهَا فَإِنْ عُدْنَا فَإِنَّا ظَالِمُونَ (107)
Раббымыз! Бізді бұдан шығар! Сонда егер кайта күнәкар болсақ; Шын залымбыз
قَالَ اخْسَئُوا فِيهَا وَلَا تُكَلِّمُونِ (108)
Оларға: "Сонда сіңіп, жоғалыңдар! Маған сөйлеспеңдер" дейді
إِنَّهُ كَانَ فَرِيقٌ مِّنْ عِبَادِي يَقُولُونَ رَبَّنَا آمَنَّا فَاغْفِرْ لَنَا وَارْحَمْنَا وَأَنتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ (109)
Құлдарымнан бір бөлім: "Раббымыз! Иман келтірдік, бізді жарылқа! Және бізге мәрхамет ет. Сен мәрхамет етушілердің ең жақсысысың" дейтіндер бар еді
فَاتَّخَذْتُمُوهُمْ سِخْرِيًّا حَتَّىٰ أَنسَوْكُمْ ذِكْرِي وَكُنتُم مِّنْهُمْ تَضْحَكُونَ (110)
Сонда сендер оларды келемежге алып едіңдер. Хатте оларға күлулерің Мені еске алуларыңды мүлде ұмыттырған еді
إِنِّي جَزَيْتُهُمُ الْيَوْمَ بِمَا صَبَرُوا أَنَّهُمْ هُمُ الْفَائِزُونَ (111)
Рас бүгін Мен оларды сабыр еткендіктері себепті сыйлыққа бөледім. Олар анық мұратқа жеткендер
قَالَ كَمْ لَبِثْتُمْ فِي الْأَرْضِ عَدَدَ سِنِينَ (112)
Алла, оларға: "Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдыңдар?",- дейді
قَالُوا لَبِثْنَا يَوْمًا أَوْ بَعْضَ يَوْمٍ فَاسْأَلِ الْعَادِّينَ (113)
Олар: "Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра" дейді. (С. 55-А)
قَالَ إِن لَّبِثْتُمْ إِلَّا قَلِيلًا ۖ لَّوْ أَنَّكُمْ كُنتُمْ تَعْلَمُونَ (114)
Егер білген болсаңдар аз ғана-ақ тұрдыңдар" дейді
أَفَحَسِبْتُمْ أَنَّمَا خَلَقْنَاكُمْ عَبَثًا وَأَنَّكُمْ إِلَيْنَا لَا تُرْجَعُونَ (115)
Шын Біз, сендерді босқа жараттық та тіпті Бізге қайтарылмаймыз деп, ойлайсыңдар ма?",- дейді
فَتَعَالَى اللَّهُ الْمَلِكُ الْحَقُّ ۖ لَا إِلَٰهَ إِلَّا هُوَ رَبُّ الْعَرْشِ الْكَرِيمِ (116)
Шынайы патша Алла, өте жоғары. Одан басқа тәңір жоқ. Ол, ардақты ғаршының Раббы
وَمَن يَدْعُ مَعَ اللَّهِ إِلَٰهًا آخَرَ لَا بُرْهَانَ لَهُ بِهِ فَإِنَّمَا حِسَابُهُ عِندَ رَبِّهِ ۚ إِنَّهُ لَا يُفْلِحُ الْكَافِرُونَ (117)
Біреу, Алла мен бірге дәлелсіз басқа бір тәңірге табынса, рас оның есебі Раббының қасында. Өйткені, қарсы болғандар құтылмайды
وَقُل رَّبِّ اغْفِرْ وَارْحَمْ وَأَنتَ خَيْرُ الرَّاحِمِينَ (118)
(Мұхаммед Ғ.С.): "Раббым! Жарылқа, мәрхамет ет! Сен мәрхамет етушілердің ең жақсырағысың" де
❮ Previous Next ❯

Surahs from Quran :

1- Fatiha2- Baqarah
3- Al Imran4- Nisa
5- Maidah6- Anam
7- Araf8- Anfal
9- Tawbah10- Yunus
11- Hud12- Yusuf
13- Raad14- Ibrahim
15- Hijr16- Nahl
17- Al Isra18- Kahf
19- Maryam20- TaHa
21- Anbiya22- Hajj
23- Muminun24- An Nur
25- Furqan26- Shuara
27- Naml28- Qasas
29- Ankabut30- Rum
31- Luqman32- Sajdah
33- Ahzab34- Saba
35- Fatir36- Yasin
37- Assaaffat38- Sad
39- Zumar40- Ghafir
41- Fussilat42- shura
43- Zukhruf44- Ad Dukhaan
45- Jathiyah46- Ahqaf
47- Muhammad48- Al Fath
49- Hujurat50- Qaf
51- zariyat52- Tur
53- Najm54- Al Qamar
55- Rahman56- Waqiah
57- Hadid58- Mujadilah
59- Al Hashr60- Mumtahina
61- Saff62- Jumuah
63- Munafiqun64- Taghabun
65- Talaq66- Tahrim
67- Mulk68- Qalam
69- Al-Haqqah70- Maarij
71- Nuh72- Jinn
73- Muzammil74- Muddathir
75- Qiyamah76- Insan
77- Mursalat78- An Naba
79- Naziat80- Abasa
81- Takwir82- Infitar
83- Mutaffifin84- Inshiqaq
85- Buruj86- Tariq
87- Al Ala88- Ghashiya
89- Fajr90- Al Balad
91- Shams92- Lail
93- Duha94- Sharh
95- Tin96- Al Alaq
97- Qadr98- Bayyinah
99- Zalzalah100- Adiyat
101- Qariah102- Takathur
103- Al Asr104- Humazah
105- Al Fil106- Quraysh
107- Maun108- Kawthar
109- Kafirun110- Nasr
111- Masad112- Ikhlas
113- Falaq114- An Nas